YouVersion Logo
Search Icon

Елшілер 1

1
1Құрметті Теофил, мен ең алғашқы сөзімді Исаның Киелі Рух арқылы Өзі таңдап алған елшілеріне бұйрық берген күнінен
2Оның көкке көтеріліп кеткен кезіне дейінгі аралықта Оның жасаған істері мен берген тәлімі жайында баяндап жазған едім.
3Ол басынан өткізген азаптардан кейін, Өзінің тірі екенін дәлелдейтін істері арқылы елшілерге нақты көрсетті. Иса оларға қырық күн бойы көрініп, Құдай Патшалығы туралы айтты.
4Бірде Иса оларды жинап алып: -Сендер Иерусалимнен ешқайда кетпеңдер. Мен сендерге Әкенің берген уәдесін күтуді айтқанымды естідіңдер, соны күтіңдер, -деп оларға бұйрық берді.
5-Кезінде Жақия сендерді суға батырып шомылдырса, енді сендер біраз күннен кейін *Киелі Рухқа батырылып шомылдырылатын боласыңдар, - деді.
6Сол кезде жиналған елшілер: -Ием, Исраилдің патшалығын сол кезде қайтадан қалпына келтіресің бе? -деп Исадан сұрағанда:
7-Берілген уақыттар мен мезгілдерді Әке Өз билігінің астына *бағынышты етіп енгізіп қойған, сол себептен оны сендерге білу мүмкіндігі берілмеген.
8Алайда өздеріңе қонған Киелі Рухтан күш аласыңдар, сонда сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самарияда және жердің шетіне дейін Менің куәгерлерім боласыңдар, -деген еді.
9Осылай деген соң, Иса олардың көз алдында *көкке көтеріле бастады, сол кезде бұлт Оны жасырып, Исаны олардың көзінен таса қылды.
10Оның көкке көтеріліп бара жатқан сәтіне қадала қарап тұрғанда, олардың қасына аппақ киім киген екі ер адам келіп тұра қалып:
11-Ғалилеялық *ер-азаматтар, -деді олар, -неменеге көкке қадала қарап қалдыңдар? Исаның сендердің орталарыңнан, жоғарыға, көкке, көтеріліп бара жатқан сәтін көріп тұрсыңдар, сендердің көз алдарыңда көкке қалай көтерілген болса, Оның қайтып келуі де тура осылай болады, - деді.
12Осыдан кейін олар тек сенбі күні ғана жүруге болатын, * яғни, бір шақырым қашықтықтан артық жүруге болмайтын Иерусалимге жақын орналасқан Зәйтүн бағы деп аталатын таудан түсіп, Иерусалимге оралды.
13Олар ішке кіріп, жоғарғы бөлмеге көтерілді. Сол жерде Петір мен Жақып, Жохан мен Әндір, Філіп пен Фома, Бартолмай мен Матай, Әлфейұлы Жақып пен *зилотшыл* Шимон мен Жақыптың бауыры Яһуда болған еді.
14Олардың барлығы басқа да әйелдермен, Исаның шешесі Мәрияммен, Оның бауырларымен бірге бірлікте, үздіксіз мінәжат ететін.
15Сол күндері Петір орнынан тұрып, ортаға шықты да бауырластарына(сол жерге жиналған халықтың саны, шамамен, жүз жиырмадай болатын) былай деді:
16-Бауырлар, ер-азаматтар, Жазбада Дәуіттің аузынан шыққан сөз арқылы Исаны тұтқындауға келгендерге жол көрсеткен Яһуда туралы Киелі Рухтың айтқаны осылай орындалып, жүзеге асуы тиіс еді.
17Яһуда да біздің қатарымызда болды, ол да бізбен бірге бұл қызметке жеребе тастау арқылы ие болды.
18Бірақ оның тапқан табысы әділетсіз жолмен болды, ол соған сатып алған жерінде етпетінен құлап, ішек-қарны ақтарылып қалды.
19Міне, осы жағдай бүкіл Иерусалим тұрғындарына мәлім болды, қысқасы, олардың тілімен айтар болсақ, бұл жер «Акелдамах», яғни, «Қанды жер» деп аталып кетті.
20Өйткені Забур жырында: «Оның шаңырағы қаңырап бос қалсын, ешкім онда тұрмайтын болсын». «Ол *қарауына алып, қадағалап жүрген қызметті басқа біреу алсын», -деп жазылған.
21-Сондықтан Иеміз Исаның бізге келіп, Ол ортамызда болған кезде бізбен бірге жүрген,
22Жақияның суға батырып шомылдыруынан бастап, Исаның өліп, қайта тірілген кезінен Оның көкке көтеріліп кеткен күніне дейін, біздің арамызда болған әрі соған куә болған ер адам арамызда бар болса, сол енді елші атанып, бізбен бірге болуы тиіс.
23Сонымен, олар Иуст деп аталған Жүсіп Барсабаны және Матияны ортаға шығарды.
24Содан кейін: -Ием, барлығының жүрегін тек Сен ғана білесің, осы екі адамның қайсысын таңдап алғаныңды бізге көрсетші.
25Тура жолдан тайып, баратын жеріне кеткен Яһуданың орнына біз оны елшілік қызметке қабылдайық, -деп мінәжат етті.
26Осыдан кейін оларға жеребе алу мүмкіндігі берілді, жеребе Матияға түсіп, ол он бір елшінің қатарына қосылды.

Currently Selected:

Елшілер 1: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in