Оның көкке көтеріліп бара жатқан сәтіне қадала қарап тұрғанда, олардың қасына аппақ киім киген екі ер адам келіп тұра қалып:
-Ғалилеялық *ер-азаматтар, -деді олар, -неменеге көкке қадала қарап қалдыңдар? Исаның сендердің орталарыңнан, жоғарыға, көкке, көтеріліп бара жатқан сәтін көріп тұрсыңдар, сендердің көз алдарыңда көкке қалай көтерілген болса, Оның қайтып келуі де тура осылай болады, - деді.