YouVersion Logo
Search Icon

Елшілер 2

2
1Елуінші күн аталған мейрам мезгілі келгенде, елшілердің бәрі жиналып, бірге болды.
2Кенет көктен күшті дауылды желдің гуілі естіліп, олар жиналған үйдің ішін толтырып жіберді.
3Бұдан кейін одан от сияқты көзге көрінетін тілдер бөлініп шықты да, сонда отырғандардың әрқайсысының үстіне бір-бірден барып қонды.
4Сөйтіп, олардың бәрі Киелі Рухқа толды және Рухтың берген қабілетіне сай, олар әр түрлі тілде сөйлей бастады.
5Осы кезде бұл жерге Иерусалимде тұратын яһудейлермен қатар, әлемнің түкпір-түкпірінен келген Құдайдан қорқатын әр елдің ер азаматтары да сонда жиналған болатын.
6Алайда сол дыбыстың шуылы сонда жиналғандардың көпшілігін абыржытты, өйткені олардың әрқайсысы сол жерде айтылған сөздерді өз тілдерінде естіген еді.
7Олар бұған қатты таңданып: -Мына сөйлеп тұрғандардың бәрі де ғалилеялықтар емес пе?
8Біздің әрқайсымыз өзіміздің туған тілімізді қалайша олардан естіп тұрмыз?!
9Мұнда парсылар, мидияндықтар, еламдықтар, месопатамиялықтар, яһудейлер, каподокиялықтар және Понт пен Асия,
10Фрагия, Памфилия, Мысыр және Ливия өңірі мен Киринея өлкесінен және Римде тұратын
11яһудейлер мен Таурат заңын қабылдаған өзге ұлттың өкілдері, криттіктер мен арабтар да бар. Міне, солардың бәрінің Құдайдың Ұлылығы жайлы жариялап жатқан хабарын өз тілдерімізде естіп тұрмыз! - десті.
12Олар бұған таңданып, ештеңе түсіне алмай, бір-бірінен: -Бұл нені білдіреді? - деп сұраса,
13басқалар оларды келемеждеп: -Тәтті жас шарапқа тойып алған ғой, - деп жатты.
14Сонда он бір елшінің арасынан Петір орнынан тұрып, оларға даусын көтеріп, былай деді: -Яһудеяның еразаматары мен Иерусалимнің барлық тұрғындары! Сіздерге түсінікті болу үшін, менің сөздерімді мұқият тыңдап алыңыздар.
15Бұлар сіздер ойлағандай мас емес, өйткені қазіргі уақытқа қарасақ, сағат таңғы тоғыз.
16Алайда Жоел пайғамбар арқылы мынадай сөз айтылған болатын:
17«Соңғы күндері, -дейді Жаратқан Ие, -Мен Өз рухымнан алып, Оны әрбір пендеге төгемін, сонда сендердің ұлдарың мен қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, жас жеткіншектерің аян, қарттарың түс көретін болады.
18Міне, сол күндері Мен Өзімнің құлдарым мен күңдерімнің үстіне Өз Рухымды оларға төгетін боламын, сонда олар пайғамбарлық сөз айтады.
19Көктен, яғни, жоғарыдан ғажаптар көрсетемін, жерде, яғни, төменде қан мен отты әрі түтінді түтетемін.
20Сонымен, ұлы даңққа бөленіп, Иеміздің келетін күні анық болғанда, күн алдын ала қара түнекке айналып, ай қанға боялатын болады.
21Міне, сол кезде Иеміздің есімін кім атап шақыратын болса, сол ғана құтқарылатын болады».
22Исраилдің ер-азаматтары, назареттік Иса туралы айтатын сөзімді тыңдап алыңдар: сендердің орталарыңда болған Ол Өзінің кереметтері мен ғажайыптарын Құдайдың күшімен сендер үшін жасағанын және сол арқылы Оның Құдайдан келгенін көрсеткенін білесіңдер.
23Алайда Құдайдың еркімен тағайындалған Сол Адамды сендер өздерің арнайы кеңеске салып, Оны заңға бағынбайтын өзге ұлт адамдарының қолымен шегелетіп өлтірдіңдер.
24Бірақ Құдай Оны азапты өлімнің құрсауынан босатып, Оны қайта тірілтіп алды, өйткені Оны ұстап тұруға өлімнің күші жоқ.
25Ол туралы Дәуіт былай деген: «Мен Иемнің әрдайым көз алдымда жүргенін көретінмін. Ол әрқашан менің оң жағымда жүретіндіктен, мен әлсіремеймін (шайқалмаймын).
26Міне, сондықтан менің жүрегім қуанады, тілім де шаттық сөзге толы, әуелі, менің тәнім де үмітпен өмір сүреді.
27Менің жанымды тозақта қалдырмайсың және Өзіңе бағышталғандардың құрып кетуіне жол бермейсің.
28Өзіңді танып-білу үшін, Сен өмір жолын маған бердің, Өзіңнің бет-жүзіңді көргенде, мені қуанышқа бөлейсің».
29Ер-азаматтар мен бауырластар, арғы бабамыз Дәуіттің өліп, жерленгені жөнінде мен сендерге нақты айта аламын. Оның қабірі бүгінгі күнге дейін сақталған.
30Ол пайғамбар болғандықтан, өзі отырған таққа оның ұрпағынан біреуді Құдайдың көтеретінін алдын ала білді.
31Дәуіт Мәсіхтің тірілетінін де алдын ала көрді, сондықтан: «Ол тозақта қалған жоқ, Оның денесі құрып кеткен жоқ», - деп айтып кеткен болатын.
32Құдай Исаны қайта тірілтіп алды, осы жерде тұрған бәріміз бұған куә болдық!
33Ол көкке көтеріліп, Құдайдың оң жағына барып жайғасты. Сөйтіп, Әкенің Оған уәде еткен Киелі Рухын қабылдаған соң, Оны осында төкті, енді сендер Соны көріп, Оның даусын естідіңдер.
34Дәуіт көкке көтерілген жоқ, бірақ ол: «Ием менің Иеме: «Мен Сенің жауларыңды Сенің табаныңның астына салып бергенше,
35Сен Менің оң жағымда отыр», - деп айтқан.
36-Сондықтан бүкіл Исраил үйінің әулеті, мынаны нақты біліп алыңдар: Сендер айқышқа шегелеген Сол Исаны Ие әрі Мәсіх етіп Құдай тағайындады!
37Бұл сөз тыңдап тұрғандардың жүректеріне шаншудай қадалды, сонда олар Петр мен басқа елшілерге: -Бауырластар, ер-азаматтар, енді біз не істесек болады? -деп сұрады.
38-Ой-саналарыңды өзгертіп, тәубе етіңдер, -деді Петр, -күнәларыңның кешірілуі үшін Исаның атымен әрқайсыларың суға батырылып шомылдырудан өтіңдер, осылай Киелі Рухтың сыйын алыңдар.
39Құдай Иелерің бұл уәдені сендерге, балаларыңа және сонау алыстан шақырылғандардың бәріне берген болатын, -деді.
40Сөйтіп, ол бұдан да басқа бірнеше куәліктер келтіріп: -Осы бір қыңыр, азғын ұрпақтан сақтанып, аулақ жүріңдер, -деп кеңес берді.
41Оның осы сөзін қабылдағандар суға батырылып шомылдырудан өтті. Сол күні оларға үш мыңға жуық адам қосылды.
42Осыдан кейін олар елшілердің тәлімін ұстанып, нан үзу рәсімінде және мінәжат еткенде бірге болды.
43Елшілер арқылы көптеген ғажайыптар мен кереметтер жасалып жатқандықтан, адамдардың барлығын қорқыныш биледі.
44Сенушілердің бәрі бірге жиналып, қажет заттарын да ортақ ұстады.
45Мұқтаждық көрген кейбіреулерге басқалары жеке заттары мен мүліктерін сатып, оларға қолдау көрсетті.
46Олар күнде ғибадатханада бір кісідей бас қосып, бірге болды, үйде өтетін нан үзу рәсімін қуанышпен, қарапайым жүрекпен қабылдайтын.
47Осылайша олар Құдайды мадақтады, бүкіл халық рақымдылыққа ие болды. Иеміз күн сайын оларға құтқарылған адамдарды қосып, біріктіріп отырды.

Currently Selected:

Елшілер 2: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in