Жохан 18

18
1Осыдан кейін Иса сол жерден шығып кетіп, шәкірттерімен бірге Қидрон жырасындағы баққа кірді.
2Оны ұстап бермекші болған Яһуда бұл жерді білетін, өйткені мұнда Иса Өзінің шәкірттерімен бірге жиі жиналатын.
3Сондықтан Яһуда бір топ әскери жасақты және шырақ пен шам ұстап, қарумен қаруланған бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлердің қызметшілерін өзімен бірге сол жерге ертіп келді.
4Иса осының бәрін (алдын ала) білетін, сондықтан Ол Өзін іздеп келгендердің алдынан шығып: -Кімді іздеп жүрсіңдер? - деді.
5Олар: -Назареттік Исаны! -деп жауап берді Оған. Иса оларға: -Мен -Соның Өзімін! -деді. Оны ұстап берген Яһуда сонда келген адамдармен бірге тұрды.
6Иса оларға: «Мен-Соның Өзімін», -деп айтқан кезде, олардың көбі артқа шегініп барып, жерге құлап түсті.
7Иса тағы да олардан: -Кімді іздеп жүрсіңдер? -деп сұрады. Олар: - Назареттік Исаны! - деді.
8Иса жауап қатып: -Мен сендерге айттым ғой, Мен -Соның Өзімін деп, -деді Иса. -Егер де іздеп жүргендерің тек Мен болсам, онда мыналарды жіберіңдер, олар кете берсін! - деді.
9Оның: «Сен Маған берген адамдардың ешқайсысы құрып кеткен жоқ, Мен оған жол бермедім», -деп айтқан сөзі осылай орындалды.
10Сол сәтте Петір өзімен бірге ұстап жүрген семсерін суырып алды да, оны бірінші бас қызметкердің құлына қарай сілтеп қалып, оның оң құлағын шауып түсірді. Сол құлдың есімі Мәлік еді.
11Сонда Иса Петірге: -Семсерді қынабына сал! Әкем Маған берген сол тостағанды Мен қалай ішпеймін? -деді.
12Сол кезде бір топ жасақшылар мен мыңбасы сол жердегі яһудей қызметшілерімен бірге Исаны ұстап алып, Оны байлап тастады.
13Олар ең алдымен Исаны Аннасқа апарды. Аннас сол жылдары бірінші бас қызметкердің міндетін атқарып жүрген Қаяфаның қайын атасы болатын.
14Яһудейлерге халық үшін бір адамның өлуі жеткілікті екендігі жайында кеңес берген де осы Қаяфа болатын.
15Петір Шимон мен тағы бір бейтаныс шәкірті Исаның артынан қалмай, еріп отырды. Исаның сол шәкірті бірінші бас қызметкердің танысы болғандықтан, ол бірінші бас қызметкердің ауласына Онымен бірге кіріп кетті.
16Петір есіктің сыртында тұрып қалды. Сонда әлгі бірінші бас қызметкердің танысы болған сол бейтаныс шәкірт сыртқа шығып, қақпашы қызбен сөйлесіп, Петірді де ішке кіргізіп алды.
17Сонда әлгі қақпашының қызметін атқарып тұрған қыз Петірге: -Сен де Осы Адамның шәкірттерінің бірі емесің бе? -деді. -Жоқ, мен Оның шәкірті емеспін, -деді Петір.
18Дала суық болғандықтан, құлдар мен қызметшілер сол жерде от жағып, жылынып тұрды, олардың арасында Петір де болды.
19Бірінші бас қызметкер Исадан Оның үйретіп жүрген тәлімі мен Оның шәкірттері туралы сұрай бастады.
20Иса оған: -Мен осы әлемге жасырын түрде емес, ашық сөйледім. Мен, мейлі, синагогада болсын, мейлі, ғибадатханада болсын немесе барлық яһудейлердің жиналып жүрген жерінде болсын, жасырын түрде еш нәрсе де айтқан жоқпын.
21-Менен неге ол жайында сұрап тұрсың? Менің не айтқанымды соны естігендерден сұра. Менің не айтқанымды тек солар ғана біледі, - деді.
22Осыны айтып тұрған кезде Исаның қасында тұрған бір қызметкер Оның бетінен шапалақпен тартып жіберіп: -Бірінші бас қызметкерге қалай жауап беріп тұрсың? -деді.
23Иса оған: -Егер де Мен игіліксіз жаман нәрсе айтқан болсам, соны дәлеледе. -Егер де айтып тұрғаным игілікті жақсы нәрсе болса, онда неге Мені ұрасың? - деді.
24Осыдан кейін Аннас Исаны сол байланған күйі бірінші бас қызметкер Қаяфаның өзіне жіберді.
25Шимон Петір сол жерде отқа жылынып тұра берді. Сол жерде тұрғандардың біреуі оған: -Мына сен де Соның шәкірттерінің бірі емессің бе? -деді. -Жоқ, мен Оның шәкірті емеспін, - деп Петір Одан бас тартты.
26Бірінші бас қызметкерге қызмет етіп жүрген құлдардың бірі Петір құлағын шауып түсірген аламның туысы болатын, міне, ол да: -Мен де сенің де сол бақта Онымен бірге жүргеніңді көрдім емес пе? - деді.
27Сонда Петір тағы да бас тартты. Міне, сол сәтте әтеш шақырды.
28Исаны Қаяфадан алып шыққан соң, Оны әміршінің сарайына қарай алып жүрді. Сол кезде таң енді ғана атқан болатын. Олар құрбандық асынан ауыз тиетін болғандықтан, алдын ала арамданып қалмайық деген оймен әміршінің сарайына кірмей, сыртта тұрды.
29Сондықтан Пилат сыртқа шығып, оларға: -Мына адамға қандай айып тағып тұрсыңдар? - деді.
30Олар Пилатқа: -Егер де Бұл жамандық жасамаса, Оны саған әкелмес едік қой, - деп жауап берді.
31Пилат оларға: -Сендер Оны қайтадан алып кетіңдер де, өз Заңдарың бойынша соттай беріңдер! -деді. Сонда яһудейлер: - Бізге ешкімді де өлтіруге болмайды, - деді.
32Бұл Исаның қандай өліммен өлуге дайын екенін және Оның айтқан сөзінің орындалатынын көрсету үшін осылай болды.
33Содан кейін Пилат әміршінің сарайына қайта кірді де, Исаны Өзіне шақырып алып, Оған: -Сонымен, Сен яһудейлерге Патша болдың ба? - деді.
34-Сен мұны өз атыңнан айтып тұрсың ба әлде басқа біреулер саған Мен туралы айтып берді ме? - деді Иса
35Пилат Оған: -Мен яһудей емеспін ғой. Маған Сені ұстап берген Сенің өз халқың мен бірінші бас қызметкерлер. Сен не істеп қойдың? - деді.
36-Менің Патшалығым осы әлемнен емес, егер де Менің Патшалығым осы әлемнен болса, онда Менің қызметшілерім яһудейлердің Мені ұстауына жол бермей, Мен үшін күресер еді, алайда Менің Патшалығым осы жердікі емес, - деді.
37Пилат Оған: -Сонда Сен Патшасың ғой? -деді. -Мені Патша деп айтып тұрған өзің. Менің осы әлемге келгендегі мақсатым -шындықтың бар екенін дәлелдеу, Мен сол үшін туылдым және сол үшін осы әлемге келдім. Кімде-кім шындықпен өмір сүрсе, сол Менің даусымды естиді, - деді Иса.
38Пилат Одан: -Сонда шындық деген не? -деп сұрады. Пилат сосын қайтадан яһудейлер тұрған жерге шығып: -Мен бұл адамды кінәлайтындай ешқандай себеп тапқан жоқпын,-деді.
39Сендердің Құтқарылу мейрамдарыңа байланысты бір адамды босатып беретін менің әдетім бар, сондықтан қаласаңдар Мына «яһудейлердің Патшасын» сендерге босатып берейін бе? - деді.
40Олар қайтадан айғайға басып: -Тек Оны емес, Барабаны! -деді. Ал Бараба қарақшы болған еді.

Айни замон обунашуда:

Жохан 18: ZO

Лаҳзаҳои махсус

Паҳн кунед

Нусха

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in