Жохан 17
17
1Осыларды айтып болған соң, Иса көзін көкке қадап тұрып: -Әке, уақыт келді! Сенің Ұлың Сені даңққа бөлейді, сол үшін де Өз Ұлыңды даңққа бөлей гөр!
2Сен Оған әрбір пенденің үстінен жүргізетін билік бердің, енді Өзің Оған берген мәңгілік өмірді Ол да бәріне береді.
3Ал мәңгілік өмір дегеніміз-шындықты, яғни, жалғыз Құдай болған Сені және Сен жіберген Иса Мәсіхті оларға жақыннан таныту.
4Сен Маған тапсырған істі толық аяқтаған соң, Мен осы жер бетінде Сені даңққа бөледім.
5Әке, осы әлем жаратылмастан бұрын Мен Өзіңмен бірге болған кездегі даңқыңа енді Мені де бөлей гөр!
6Мен Сенің атыңды Өзің Маған осы әлемнен дайындап берген адамдарыңа ашып бердім. Олар Сенікі болған, Сен оларды Маған бердің, олар енді Сенің сөзіңді сақтап, орындап жүр.
7Сен Маған қанша берсең, соның бәрінің Сенен келгенін олар енді білді.
8Сен Маған берген сөздердің бәрін Мен оларға бердім. Олар соны қабылдады және Менің Сенен келгенім шындық екенін білді, міне, сонда олар Сенің Мені жібергеніңе сенді.
9Мен Сенен осы әлем жайында емес, өзіңнің Маған берген адамдарың үшін өтінемін, өйткені олар - Сенікі,
10Маған тиісті болғандардың бәрі-Сенікі, Саған тиісті болғандардың бәрі Менікі болатын, Мен солар арқылы даңққа бөлендім.
11Мен енді осы әлемде болмаймын, олар осы әлемде болады, Мен Саған барамын. Киелі Әке, Сен Өз атыңды Маған бердің, сол арқылы біз біртұтаспыз, енді олар да Біз сияқты біртұтас болсын, Сен оларды да сақтай гөр!
12Мен олармен болған сәтте оларды Сенің атыңмен сақтап және қорғап жүрдім. Олардың арасынан тек Жазбадағы (құрып кетуге тиіс) адамнан басқа ешкім де жоғалған жоқ, тек сол ғана құрып кетті.
13Енді, міне, қазірден бастап, Мен Саған барамын, Мен мұны осы әлемде тұрғанымда айтып тұрмын, өйткені олар да Менің қуанышыма өзара кенелсе екен деймін.
14Мен оларға Сенің сөзіңді жеткіздім, бұл әлем оларды жеккөреді. Мен осы әлемнен емеспін, сол секілді олар да осы әлемдікі емес.
15Мен Сенен оларды осы әлемнен алып кет демеймін, керісінше, Сен оларды тек зұлымдықтан сақтай гөр деп өтініп тұрмын.
16Себебі Менің осы әлемдікі болмағаным секілді, олар да осы әлемнен емес.
17Сенің сөзің-шындық, оларды сол шындықпен тазала.
18Сен Мені осы әлемге қалай жіберсең, Мен де дәл солай оларды осы әлемге жібердім.
19Оларды шындықпен тазалау үшін, Мен де Өзімді соған бағыштаймын.
20Тек солар үшін ғана емес, енді олардың айтатын сөздері арқылы Маған сенетіндер үшін де өтініп сұрап тұрмын.
21Осылайша олар өзара біртұтас болсын, себебі Әке, Сен Мендесің, ал Мен Сендемін, сол сияқты олар да Біз секілді біртұтас болсын, сонда осы әлем Сенің Мені жібергеніңе сенетін болады.
22Олар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Сен Маған берген даңқты оларға да бердім.
23Мен олардамын, Сен -Мендесің, енді олар да дәл осылай біртұтас болып, бірігуі үшін және осы әлем Сенің Мені жібергеніңді білсін деп, Сен Мені қалай жақсы көрсең, Мен де оларды да солай жақсы көрдім.
24Әке, Мен қай жерде болсам, Сенің Маған бергендеріңнің де сонда болғанын қалаймын, себебі осы әлемнің негізі әлі де қаланбай тұрған кезде Сен Мені сүйдің. Сол үшін Сенің Маған берген даңқыңды олар да көрсін.
25Әділетті Әке, осы әлем Сені таныған жоқ, Мен Сені танимын. Мені Сенің жібергеніңді олар білді.
26Міне, осылай Сенің атыңды олардың білуіне мүмкіндік жасадым және Мені сүйген Сенің сүйіспеншілігің оларда да болсын, ал Мен оларда болуым үшін, оларға әлі де (Сенің атыңды) білдіре беремін.
Айни замон обунашуда:
Жохан 17: ZO
Лаҳзаҳои махсус
Паҳн кунед
Нусха
![None](/_next/image?url=https%3A%2F%2Fimageproxy.youversionapi.com%2F58%2Fhttps%3A%2F%2Fweb-assets.youversion.com%2Fapp-icons%2Ftg.png&w=128&q=75)
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Association Bible Society of Kazakhstan, 2022-2023