Жохан 19

19
1Бұдан кейін Пилат Исаға дүре соғуға бұйрық берді.
2Сарбаздар Оның басына тікенді бұтадан тәж өріп кигізіп, киімінің сыртынан киетін қызылкүрең шапан жапты.
3Оның қасына келіп: -Яһудейлердің Патшасы жасасын! -деп Оны бетінен ұра бастады.
4Осы кезде Пилат қайтадан сыртқа шығып, оларға: -Одан ешқандай кінә таппағанымды сендерге білдіру үшін, Оны қазір алдарыңа алып шығамын, - деді.
5Сол кезде басына тікенді бұтадан өріп тәж кигізген, үстіне қызылкүрең шапан жапқан Исаны сыртқа алып шықты. Сонда Пилат: - Міне, сол Адам! - деді оларға.
6Бірінші бас қызметкерлер мен басқа да қызметкелер Исаны көре салып: -Оны айқышқа шегеле! Оны айқышқа шегеле! -деп айғайлай бастады. Пилат оларға: -Оны алып барып, өздерің айқышқа шегелеңдер, мен Одан ешқандай да кінә таппадым, - деді.
7Яһудейлер Пилатқа: -Бізде Заң бар, сол Заң бойынша Ол өлуге тиісті, өйткені Ол Өзін Құдайдың Ұлына теңеп жүр, - деді.
8Осы сөзді есігеннен кейін Пилат қатты қорқып кетті.
9Әміршілер сарайына қайтадан кіріп, Исадан: -Сен осы қайдан келдің? - деді. Иса оған жауап бермеді.
10-Сен немене, маған айтқың келмей тұр ма? Сені босатып жіберетін де, айқышқа шегелететін де билік тек маған ғана берілген. Сен соны білесің бе? -деді Пилат Оған.
11Иса оған: -Егер де саған сол билік жоғарыдан берілмесе, сенің ешқандай билігің Маған жүрмес еді. Сондықтан Мені саған ұстап бергеннің күнәсі өте үлкен, -деп жауап берді.
12Осы кезден бастап, Пилат Оны босатып жіберудің жолын іздей бастады, алайда яһудейлер айғайлап: -Егер де Мұны босатып жіберетін болсаң, онда сен Рим императорының досы емессің. Кімде-кім Рим императорына қарсы сөйлейтін болса, сол тек өзім ғана патшамын деп есептейді, - деді.
13Пилат бұл сөзді естіген соң, Исаны сыртқа шығартып жіберді де, арнайы тастан жасатып, биіктеу жерге орнатқан еврейше «Ғаббата» деп аталатын төрелік тағына барып отырды.
14Бұл Құтқарылу мейрамына дайындалып жатқан мезгіл еді, сағат мөлшері кешкі алтының кезі болатын. Содан кейін Пилат яһудейлерге: -Міне, сендердің Патшаларың! -деді.
15Сол кезде яһудейлер: -Оны алып кет! Оны айқышқа шегеле! -деп айғайлап тұрып алды. Пилат оларға: -Сендердің Пташаларыңды айқышқа мен шегелейін бе? -деді. -Бізде Рим императорынан басқа патша жоқ! -деп жауап берді сол жерде тұрған бірінші бас қызметкерлер.
16Осыдан кейін Пилат Исаны (айқышқа) шегелету үшін, Оны сақшылардың қолына тапсырды. Олар Исаны алып кетті.
17Исаның айқышын Өзіне арқалатып қойды, осылай Ол еврейше «Ғолғота», яғни, аударғанда «Бас сүйек» деп аталатын жерге келді.
18Сол жерде Оны айқышқа шегеледі. Онымен бірге тағы екі адамды: біреуін Исаның оң жағына, екіншісін Исаның сол жағына, ал Исаның Өзін әлгі екеуінің ортасына айқышқа шегелеп тастады.
19Пилат «Назареттік Иса-яһудейлердің Патшасы» деп жазылған тақтайшаны Иса шегеленген айқышқа орнатқызды.
20Сол тақтайшадағы жазуды яһудейлердің көбі оқыды, себебі Исаны айқышқа шегелеген жер қалаға жақын орналасқын болатын. Тақтайшадағы жазу еврей, латын және грек тілдерінде жазылған болатын.
21Сонда яһудейлердің бірінші бас қызметкерлері Пилатқа: «Яһудейлердің Патшасы» деп жазбай, Ол Өзін яһудейлердің патшасымын деп айтқанын жаз, - деді.
22-Мен жазарымды жазып қойдым, -деп жауап қайырды Пилат.
23Исаны айқышқа шегелеп жатқан сәтте сарбаздар Оның киімдерін төрт бөлікке бөлді. Әрбір сарбазға киімнің бірбір бөлгі мен бір хитон тиді. Хитон тігілмеген, етегінен мойнына дейін тоқылған болып шықты.
24Сонда олар бір -біріне: -Мұны жыртпай-ақ қояйық, одан да жеребе тастап, оның кімге бұйыратынын білейік, -деді. Сөйтіп, Жазбадағы: «Менің киімімді өзара бөлісіп алды, ал сырт киіміме келгенде, жеребе тастады», -деп жазылған сөз, міне, осылай орындалды. Мұны сарбаздар жасаған еді.
25Исаны шегелеген айқыштың қасында Оның анасы, анасының әпкесі, Клеопаның әйелі Мәрия мен мағдалалық Мәрия тұрған еді.
26Иса Өзінің анасын және анасының қасында Өзі жақсы көретін шәкіртінің тұрғанын көріп, анасына: -Анашым, енді сенің ұлың, міне, мынау! - деді.
27Сосын Ол әлгі шәкіртіне: -Бұл-енді сенің-анаң, оған қамқор бол! -деді. Сол сәттен бастап, әлгі шәкірт Оның анасын өз қамқорлығына алды.
28Иса бәрінің осымен аяқталғанын және Жазбада жазылған сөздің орындалуы тиіс екенін біліп: -Шөлдеп тұрмын, - деді.
29Сол жерде сірке суына толы бір ыдыс тұрды, сонда біреу әлгі сірке суына батырылған сорғышты сайсағыз ағашының бұтасына бекітіп, Оның аузына тосты.
30Сонда Иса әлгі сірке суынан татқан соң: -Аяқталды! -деді де, басын төмен түсіріп, рухын тапсырды.
31Яһудейлер мейрамға дайындалып жүргендіктен, олар сенбі күнге өлі денелерді айқышта қалдырмау үшін, Пилаттан олардың аяқтарын сындырып, айқыштан алып тастауын сұрады, өйткені сенбі күні олар үшін аса қадірлі, ұлы күн болып саналатын.
32Сондықтан сарбаздар келіп, айқышта бірінші шегеленіп тұрғанның аяқтарын сындырып, сосын Исаның қасында тұрған екіншісінің де аяқтарын сындыра бастады.
33Ал Исаға келгенде, олар Оның (тез арада) өліп қалғанын көріп, Оның аяқтарын сындырған жоқ.
34Бірақ олардың арасынан бір сарбаз Исаның бүйіріне найзасын сұғып алғанда, сол сәтте қан мен су ақты.
35Міне, осыларды көрген адамның куәлігі-шындық, ол тек шындықты айтып тұрғанын біледі және ол сендердің де осыған сенгендеріңді қалайды.
36Сондықтан Жазбадағы: «Оның сүйектері де сынбайды», -деп жазылған сөз осылай орындалды.
37Жазбаның басқа бір жерінде: «Олар өздері Түйрегенге қарап тұратын болады», - деп те айтылған.
38Осы оқиғадан кейін, өзін Исаның шәкірті екенін яһудейлерден қорқып, ашық айтпай, жасырып жүрген ариматеялық Жүсіп Исаның денесін алып кетпек болып, Пилаттан рұқсат сұрады. Пилат рұқсатын берген соң, ол Исаның денесін сол жерден алып кетті.
39Түн ішінде Исаға келген Нікөдем де мөлшері отыз литрден асатын смирна мен алоэ қоспасын өзімен бірге ең бірінші болып сол жерге ала келіпті.
40Сонымен, олар Исаның денесін алып келген соң, яһудейлердің жерлеу рәсіміне сай, Оны хош иісті қоспаға малынып алынған матаға орады.
41Исаны айқышқа шегелеген сол жердің маңында бір бақ бар болатын, сол бақта әлі де ешкім жерленбеген жаңа бір қабір болды.
42Бұл кезде яһудейлер мейрамға қызу дайындалып жатты, ал олар үшін ең жақын қабір сол болғандықтан, олар Исаның денесін сол қабірге апарып қойды.

Айни замон обунашуда:

Жохан 19: ZO

Лаҳзаҳои махсус

Паҳн кунед

Нусха

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in