Софония 2
2
Жаратқан Иеге қайтып келуді ескерту
1Масақ іспетті жиналып, байланыңдар, уа, арсыз#2:1 (3:5; Ерм 3:3; 6:15) Яки: жүгенсіз. халық! 2Әйтпесе алдын ала белгіленген шешім орындалып, теріс жолдарыңнан қайту мүмкіндіктерің жел ұшырған қабықтай ғайып болады! Сонда Жаратқан Иенің лаулаған қаһары сендерге лап етіп, Оның қаһары ашылатын күн бастарыңа туады. 3Жиналып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиыныңдар, уа, елдегі кішіпейіл әрі Оның еркін орындаушы жандар! Оған мойынсұнып әділдік үшін ұмтылыңдар! Мүмкін, сол күні Жаратқан Иенің қаһарынан аман сақталып қаларсыңдар.
Басқа халықтарға шығарылған үкімдер
4(Філістір еліндегі) Газа қаласы қаңырап бос қалып, Ашқалон да қирап үйіндіге айналады; Азоттың тұрғындары тал түсте айдалып әкетіліп, Әкронның#2:4 Амо 1:7-8; Зәк 9:5-6. халқы да түп-тамырымен жұлынып тасталады.
5Уа, теңіз жағасында тұратын кереттік халық,#2:5 Пат1 30:14. сендер де қасіретке қаласыңдар, Жаратқан Ие сендерге үкімін шығарады, уа, філістірлер мекендеген Қанахан елі: «Мен сені құртамын, бірде-бір тұрғының да аман қалмайды!» — 6Содан теңіз жағасындағы жерлерің шопандардың баспаналары мен мал қоралары орналасқан жайылымға айналады. 7Сол кезде теңіз жағалауы Яһуда халқының аман қалғандарына өтеді. Олар сонда малдарын бағып, Ашқалонның үйлерінде түнейтін болады. Себебі өздерінің Құдайы Жаратқан Ие аман қалған яһудалықтарды назарында ұстап, қайтадан игілікке кенелтеді.
8«Менің халқымды ренжітіп, олардың еліне қоқан-лоқы жасаған моабтықтардың#2:8 Иш 16:6. келемеждеген сөздері де, аммондықтардың#2:8 Езк 21:28. мазағы да құлағыма жетті. — 9Сондықтан Әлемнің мәңгі тірі Иесі, Исраилдің Құдайы, өз атымен ант етіп былай дейді: — Моаб елі Содом іспетті, аммондықтар елі Ғоморра#2:9 Иш 13:19. сияқты болады. Сонда олар қалақай шөбі қаптаған, тұзды шұңқырларға толған, мәңгілікке қаңыраған елсіз далаға айналады. Халқым Яһудадан аман қалғандары оларды тонап, елдерін иемденіп алады». — 10Олардың менменсіп, Әлемнің Иесінің халқына тіл тигізіп, мазақ еткендерінің қарымтасы осы болады. 11Жаратқан Ие оларға айбат көрсетіп, сол елдегі бүкіл тәңірсымақтарды әлсіретіп құртады. Сонда теңіз жағалауындағы барлық халықтар Оған өз жерлерінде ғибадат ететін болады.
12«Сендер де, ей, құштықтар,#2:12 Яғни Мысыр мен Құштың әскерлері (б.з.д. 715-663 жж. құштық патша — перғауындар Мысырға билік жүргізді. Құш: қазіргі Мысырдың оңтүстігін, Судан мен Эфиопияның солтүстігін қамтыған ежелгі Құш пен Нубия елдері: Иш 11:11; 18:1; 20:4; Езк 30:4-9). Менің семсерімнен#2:12 Демек, Бабылдың әскерінен (Ерм 46:2,10). қырыласыңдар»!
13Жаратқан Ие Өзінің қолын тағы солтүстікке қарай созып, Ассур елін#2:13 Иш 10:5,7,12. қиратып, Ниневи қаласын#2:13 Жүн 1:2; Нқм 1:1. да шөл даладай қуратып, қаңыратып бос қалдырады. 14Қаланың ортасында отар-табындар мен әр түрлі аңдар жайылып, дамылдайтын болады. Бірқазан мен батпақ жапалағы қираған сарайлардың бағаналарының бастарын паналап, дауыстары терезелерден жаңғырады. Есіктерді үйінділер бөгеп, самырсын тақталары сыртқа шығып жатады. 15Біліп қойыңдар, бұрын масайрап, бейқам жатқан қаланың сиқы осындай болады. Сол кезде ол мақтанып: «Мен өзім бар болушымын, маған тең келер еш нәрсе жоқ!»#2:15 Осыны айтуға тек Жаратқан Иенің ғана құқығы бар (Мыс 3:14-15; Иш 45:5-6,18,21; 47:10). — дейтін. Ал енді ол қирап үйінді болып, жабайы аңдардың мекеніне айналды! Оның жанынан өткен-кеткеннің барлығы ысқырып, қолдарын сілтеп, оны мазақтайды.
Currently Selected:
Софония 2: КК 2010
Highlight
Share
Copy
![None](/_next/image?url=https%3A%2F%2Fimageproxy.youversionapi.com%2F58%2Fhttps%3A%2F%2Fweb-assets.youversion.com%2Fapp-icons%2Fen.png&w=128&q=75)
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.