Софония 1
1
Пайғамбардың шыққан ата-тегі
1Яһудаға Амон ұлы Жосияның#1:1 Пат4 22:1. патшалық құрған кезінде Жаратқан Ие Софонияға сөзін арнады. Ол Хусидің ұлы, Ғодалияхтың немересі, Амарияхтың шөбересі, Езекияның#1:1 Пат4 18:1-8. шөпшегі еді.
Адамзаттың болашақта тартатын жазасы
2«Мен бәрін де жер бетінен құртып жібермекпін! — деп ескертеді Жаратқан Ие. — 3Сонда адам мен хайуанды да, аспандағы құс пен теңіздегі балықты да, азғырушы мүсін мен зұлымдық жасаушыны да жаппай жоқ қыламын. Жер бетінен адам баласының көзін құртамын!» — Жаратқан Ие осыны нық айтады.
Яһуда халқына шығарылған үкім
4«Яһуда мен Иерусалимнің күллі тұрғындарына қарсы қолымды созып, оларды жазалаймын. Бұл жерден Бағалға табынушылықты#1:4 2:11; Мих 5:13; Пат4 23:4-5; Шеж2 34:3-7. із-түзсіз құртып, абыздардың және Өзімнен бас тартқан діни қызметкерлердің есімдерін жоямын. 5Жалпақ үй төбелеріне шығып, аспан денелеріне иіліп табынатындарды, әрі Жаратқан Иеге де, жалған тәңір Молохқа#1:5 Леу 18:21; 20:1-5; Пат3 11:7; Шеж2 33:6; Ерм 7:31. да бірдей құлшылық етіп, адал болуға ант ететіндерді жоқ қыламын. 6Олар Маған, Жаратқан Иеге құлақ салудан бас тартып, енді Өзіме бет бұрып сиынбайды да, Менен не ақыл, не жарылқау сұрамайды да. Мен солардың барлығын да қырып-жоямын!»
7(Уа, Яһуда халқы,) Жаратушы Тәңір Иенің алдында үнсіз болыңдар! Себебі Жаратқан Иенің соты күні таяп қалды!#1:7 1:14; 2:2; Мал 4:5; Жое 2:11,31. Жаратқан Ие Яһуда халқын құрбандық болуға дайындады. Өзі асқа шақырған Яһуданың жауларын сол рәсімге арнап тазартқандай даярлады. 8«Мен, Жаратқан Ие, құрбандық шалған сол күні әміршілер мен патшазадаларды, шетелдік киім киіп бөгде әдет-ғұрыптарға бой ұрған солардың барлығын да жазалаймын! 9Сол күні Мен соқыр сенімге салынып табалдырыққа аяқ басудан шошынатындардың барлығын#1:9 Пат1 5:5. және қожайындарының үйлерін зорлықпен әрі алдамшылықпен иемденген байлыққа толтырғандардың бәрін жазалаймын».
10Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Сол күні қаланың Балық қақпасынан айқай, Екінші ауданынан жылап-сықтау, қыраттардан зор күйреудің даусы шығатын болады. 11Жылаңдар, Төменгі ауданның тұрғындары! Араларыңдағы күллі саудагерлер#1:11 Пат3 20:34; Нех 13:16. құрып, күміспен сауда-саттық жасайтындардың барлығы аластатылады.#1:11 Ош 9:6-7,9.
12Сол кезде Мен Иерусалим қаласын шырақтармен шарлап, тінту жүргіземін. Сонда бейқам күнәкарларды жазалаймын. Олар іштей былай дейді: «Жаратқан Ие не жаман, не жақсы ештеңе де істемейді».#1:12 Жыр 9:32. 13Ал шынында олардың бар дәулеті тоналып, үйлері қирап, қаңырап бос қалмақ. Олар үй салып, онда тұра алмайтын, жүзімдік отырғызып, оның шырынын іше алмайтын болады».#1:13 Заң 28:30.
Жаратқан Иенің ұлы соты күні
14Жаратқан Иенің ұлы күні таяп, жақындап қалды, ол тез келе жатыр! Жаратқан Иенің сол күні қатты дауыс шықпақ, сонда мықты жасақшылар да ащы зармен айқайлайтын болады. 15Сол күн — Тәңір Иенің қаһары төгілетін күн, адамның қайғырып, азап шегетін күні, елдің қирап қаңырап қалатын күні, қараңғылық пен қара түнектің күні, қалың бұлттар мен қара мұнардың күні, 16кернейдің даусы мен шайқастың айқай-шуының күні болады! Сонда бекіністі қалалар мен зәулім мұнараларға қарсы шабуыл жасалады.
17«Мен халықтың басына қиын-қыстау кез тудырамын. Олар Маған, Жаратқан Иеге, қарсы күнә жасағандықтан, енді соқыр адам іспетті сипалап жүретін болады. Олардың қаны жердегі шаң-тозаңдай төгіліп, ішек-қарындары қи-қоқыс сияқты лақтырылып тасталады». — 18Жаратқан Иенің қаһары төгілетін сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады. Оның ашу-ызасының отында#1:18 (Заң 29:18,20) Немесе: Оның қызғанышының отында (3:8; Мыс 20:4-5; Пат3 14:22; Иш 59:17-18). бүкіл жер беті жанып кетеді, себебі Ол жер бетінде тұратындардың барлығын да аяқ астынан толықтай құртатын болады.
Currently Selected:
Софония 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.