YouVersion Logo
Search Icon

Матай 21

21
Мәсіхтің елдің астанасына салтанатпен кіріп, ғибадатхананы арамдықтан тазартуы
1Осылай Иса мен шәкірттері Иерусалимге таяп, Зәйтүн тауының беткейіндегі Бетфаге ауылына жақындап келді. Сонда Иса екі шәкіртін жұмсап, 2оларға мынадай тапсырма берді:
— Қарсы алдарыңдағы ауылға барыңдар. Оған кірген бойда байлаулы тұрған бір ұрғашы есекті және қасында тұрған тайқарды#21:2 Тайқар: жас есек. көресіңдер. Соларды шешіп, алып келіңдер. 3Егер біреу сендерге бірдеңе дей қалса, оған: «Бұлар Мырзамызға керек» деп жауап беріңдер. Сонда ол дереу жібере салады.
4Осының бәрі орындалғанда (ежелде Зәкәрия) пайғамбар айтқан мына тәрізді сөздер жүзеге асты: 5Сион халқына мынаны айтыңдар: «Қара, сенің Патшаң саған келе жатыр! Ол кішіпейілділікпен есекке мініп, тайқардың, жүк таситын бір жас көліктің, үстінде отыр».#21:5 Зәк 9:9.
6Екі шәкірт барып, Исаның тапсырғанындай істеп, 7ұрғашы есек пен тайқарды алып келді. Олар үстіне шапандарын жапқаннан кейін, Иса тайқарға мінді.
8Халықтың көбі жамылғыларын жолға жайса, өзгелері ағаштардан бұтақшалар кесіп алып, соларды төсеп отырды.#21:8 Осы салтпен халық Исаны Құдай жіберген Құтқарушы Патша — Мәсіх (1:1,16) ретінде қарсы алды. 9Алды-артынан еріп жүрген қалың топтар қатты дауыспен былай деп айқай салды:
«Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!»#21:9 Немесе: Дәуіттің Ұрпағы үшін (яки: Дәуіттің Ұрпағына) осанна! (21:15; Түсіндірмедегі «Осаннаны» да қараңыз.)
«Жаратқанның атынан келе жатқан (Патша) жарылқанған!»
«Заңғар аспанда Жаратқан Ие мадақталсын!»#21:9 Жыр 117:25-26; 148:1.
10Иса Иерусалимге кірген кезде бүкіл қала толқып, халық:
— Бұл кім Өзі? — деп сұрасты. 11Оған еріп жүрген қалың топтар:
— Бұл — Иса, Ғалилеядағы Назареттен шыққан Пайғамбар! — деп жауап қайырды.
12Иса ғибадатхананың алаңына кірген соң, ондағы сатушылар мен алушылардың бәрін де қуып шығарды. Ақша айырбастаушылардың үстелдері мен көгершін сатушылардың орындықтарын аударып тастады.#21:12 Пайдакүнем саудагерлер ғибадатхананың басқа ұлт адамдарына арналған ауласында шетелдік ақшаны зекет пен садақа беру үшін жергілікті теңгелерге айырбастайтын, сондай-ақ құрбандыққа шалынуға арналған көгершін, тоқты, өгіздерді сататын. Құдай Иені мадақтауға бағышталған сол жер осылайша базарға айналып, қулық-сұмдыққа толған болатын (Тім1 6:10). 13Оларға: «Киелі жазбаларда: «Менің (киелі) үйім мінажат ететін үй деп аталатын болады!» делінген. Бірақ сендер оны «қарақшылар ордасына» айналдырғансыңдар!»#21:13 Иш 56:7; Ерм 7:11. — деп қатаң ескертті.
14Соқырлар мен ақсақтар ғибадатханада Оның қасына жиналып, Иса оларды сауықтырды. 15Алайда басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері Исаның жасаған тамаша істерін және балалардың ғибадатхана алаңында: «Дәуіттің Ұрпағы үшін Тәңір Ие мадақталсын!» — деп айқайлағанын#21:15 21:9. көріп-естігенде, ашуланды. 16Олар Исаға:
— Бұлардың не деп жатқандарын естіп тұрсыз ба?! — деп наразылықтарын білдірді.#21:16 Лұқ 19:39; 23:2-3; Жох 11:47-48; 12:10,19. Ал Иса:
— Әрине, естіп тұрмын. Сіздер (Забурда) «Балалардың, кішкене бөбектердің аузымен Өзіңді дәріптетесің» деп жазылғанды#21:16 Жыр 8:3; Мат 11:25. ешқашан оқымап па едіңіздер? — деп жауап қайтарды.
17Содан кейін Иса ғибадатханадағы халықты қалдырып, қаладан шығып, Бетанияда түнеді.
18Ертеңгісін қалаға қайтып келе жатқанда Исаның қарны ашты. 19Жол бойында Ол бір інжір ағашын көріп, қасына барды. Бірақ одан жапырақтан өзге ештеңе таппады. Сонда Иса: «Бұдан былай мәңгі ешқандай жемісің болмасын!» — деді. Інжір ағашы бірден қурап қалды.#21:19 Жеміс бермеген сол інжір ағашы Құдай күткен әділ істерді істемеген Исраил халқын бейнеледі (3:8; 4:17; Мар 11:13; Лұқ 13:8; Жох 15:5-6).
20Мұны көрген шәкірттері қайран қалып, өзара:
— Ағаш қалайша бірден қурап қалды? — деп сұрасты. 21Иса:
— Сендерге шындығын айтамын: егер еш күмәнсіз Құдайға сенсеңдер, Менің осы ағашқа істегенімнен де зор нәрсені істейтін боласыңдар. Мына тауға: «Орныңнан көтеріліп, теңізге лақтырыл!» — десеңдер, сол орындалады. 22Құдайға сеніммен сиынып (Оның еркіне сай) нені сұрасаңдар да, Одан аласыңдар, — деп жауап берді.
Екі жүзді ел басшыларының Мәсіхтің билігін мойындамауы
23Содан соң Иса ғибадатханаға кірді. Жұртқа тағылым беріп жатқан Оның қасына елдің басты діни қызметкерлері мен рубасылары жақындап:
— Бұл істерді қандай билікпен істеп жүрсіз? Сізге мұндай билікті кім берді? — деген сауал қойды. 24Исаның жауабы мынау болды:
— Мен де сіздерге бір сұрақ қояйын. Соған жауап берсеңіздер, онда бұл істерді қандай билікпен істеп жүргенімді айтып беремін. 25Жақияның орындаған шомылдыру рәсімі қайдан болып еді: көктің#21:25 Яки: Құдайдың. (Яһудилер Құдайдың атын бекерге атамау үшін соның орнына көбінесе көк, Тағала, Мадақталған сияқты атауларды қолданатын: Мар 11:30; 14:61,62.) еркімен бе, әлде адамның еркімен бе?
Олар өзара пікірлесіп: «Егер «көктің еркімен» десек, Ол бізден: «Ендеше Жақияның уағызына неге сенбедіңіздер?» деп сұрайды. 26Ал «адам еркімен» десек, халықтың наразылығына ұшыраймыз деп қаймығамыз. Барлығы Жақияның пайғамбар болғанына сенеді ғой», — десті.#21:26 3:5-6; 11:10-14; Мар 6:20. 27Сондықтан олар Исаға:
— Оны білмейміз, — деп жауап берді. Иса:
— Олай болса, Мен де бұл істерді қандай билікпен істеп жүргенімді айтпаймын, — деп кесіп айтты.
28— Ал мына оқиғаға қалай қарайсыздар: Бір адамның екі ұлы болыпты. Ол біреуіне келіп: «Ұлым, бүгін жүзімдікке барып, жұмыс істеші», — деп тапсырғанда, 29баласы: «Барғым келмейді», — деп жауап қайырады. Дегенмен кейінірек онысына өкініп, жұмысқа барады. 30Әкесі екіншісіне келіп те дәл солай дейді. Бұл: «Жарайды, әке, барамын», — деп жауап берсе де, бармай қояды. 31Осы екеуінің қайсысы әкесінің еркін орындады? — деп сұрады Иса. Ел басшылары:
— Біріншісі, — деп жауап бергенде, Ол былай деді:
— Ендеше сіздерге шындығын айтайын: Құдай Патшалығына сіздерден бұрын (теріс жолдан қайтқан) салықшылар мен азғын әйелдер кірмек!#21:31 Яғни Құдайдың жолына түсіп, Оның еркін орындайтындардың қауымына сіздерден гөрі солар кірмек! (3:7-12; 9:9; 20:16; Лұқ 7:29,37-50; 15:1-2; 19:9-10; Қор1 6:9-11; Жох1 1:5-9) 32Себебі Жақия әділдік жолын көрсетуге келгенде оған сенбедіңіздер. Бірақ салықшылар мен азғын әйелдер оған сенім артты. Ал сіздер тіпті мұны көргеннен кейін де теріс жолдан қайтпадыңыздар, әрі оған сенбедіңіздер!
33Тағы бір астарлы әңгімені тыңдаңыздар: бір қожайын жүзім бағын отырғызады. Оны дуалмен қоршап қояды, әрі жүзім шырынын сығып алуға арналған шұңқыр қазып жасап, күзет мұнарасын да салады.#21:33 Иш 5:1-2,7. Кейін бағын жүзімшілерге жалға тапсырып, өзі басқа жаққа сапарға аттанады.
34Жеміс піскен мезгілде бақтың иесі өнімінен өзіне тиісті үлесін алу үшін қызметшілерін жұмсайды. 35Алайда жүзімшілер қызметшілерді ұстап алады: біреуін ұрып-соғып, өзгесін өлтіріп, тағы біреуін таспен атқылайды. 36Содан қожайын бұрынғыдан да көбірек қызметшілерін жібереді. Бірақ әлгілер соларға да алдындағыдай істейді.
37Ақыр соңында қожайын: «Менің ұлымнан қаймығар»#21:37 (Жыр 2:10-12) Яки: Менің ұлымды құрметтеп, одан ұялар. — деп ойлап, оларға өз ұлын жұмсайды. 38Алайда жүзімшілер ұлын көргенде өзара: «Бұл — мұрагер ғой! Кәне, жүріңдер, оны өлтіріп, мұрасына ие болайық!» — деседі.#21:38 Жыр 2:2-3. 39Оны ұстап алып, бақ сыртына алып шығып, өлтіріп тастайды.
40Енді жүзімдіктің иесі келгенде, осы жүзімшілерге не істемек? — 41Тыңдап тұрғандар Исаға:
— Ол зұлымдарды азаптап өлтіріп, бағын басқаларға тапсырмақ. Солар мерзімі жеткенде оған тиісті өнімін беретін болады, — деп жауап берді. 42Сонда Иса былай деді:
— Киелі жазбадан мынаны ешқашан оқымап па едіңіздер: «Құрылысшылар менсінбеген Тас#21:42 Яки: Құрылысшылар керегі жоқ деп бас тартқан Тас. енді үйдің басты іргетасына#21:42 Яғни үй салғанда алдымен бір бұрышына орнатылып, қабырғалардың бағыттарын белгілейтін негізгі тасқа. (Құдай сол заманғы адамдар менсінбеген Исаны Мәсіх және Әлемнің Әміршісі болуға тағайындады: 28:18; Флп 2:9-11; Жыр 117:22-23.) айналды! Жаратқанның Өзі соны істеді, көз алдымызда бұл керемет болды!»
43Сондықтан да сіздерге айтамын: Құдай өз Патшалығын сіздерден тартып алып, басқа бір халыққа тапсырмақ!#21:43 Яғни басқа ұлттардан шыққан сенушілер де қосылған Құдайдың «жаңа халқына» тапсырмақ (28:18-20; Рим 9,10,11; Елш 15:14). Олар оның өнімін беріп тұратын болады.
44Ал әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады!#21:44 21:42; Лұқ 2:34; Пет1 2:8; Иш 8:14-15.
45Астарлы әңгімелерін тыңдаған басты діни қызметкерлер мен парызшылдар Исаның өздері туралы айтқанын ұғып,#21:45 Яғни олар әкесіне сырттай ғана мойынсұнып, оның еркін орындамаған ұлдың (21:30) және опасыз, зұлым жүзімшілердің (21:35-39) істегендері дінбасылардың іс-әрекетін (21:32; 16:21) астарлап бейнелегенін ұқты. 46Оны тұтқындамақ болды. Алайда Исаны пайғамбар деп қадір тұтқан халықтан қорқып, соған батылдары бармады.

Currently Selected:

Матай 21: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in