Мысырдан шығу 13
13
Ашымаған нан мейрамы
1Бұдан кейін Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
2— Исраил үрім-бұтағының тұңғыш туғандарының бәрін:#13:2 Яғни тұңғыш туған еркек кіндіктілердің бәрін (13:15). адам баласынан бастап малдың төліне дейін Маған бағыштаңдар! Олар Менікі.
3Мұса халыққа былай деді:
— Құлдықтың құрсауы — Мысырдан#13:3 Немесе: Құлдықтың үйі (яғни орны) болған Мысырдан. құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер! 4Бүгін, абиб#13:4 Абиб: түпнұсқадағы мағынасы егістің бас алуын білдіреді. Абиб қазіргі наурыздың екінші жартысы мен сәуірдің бірінші жартысын қамтиды. айында, Мысырдан шығып бара жатырсыңдар. 5Жаратқан Ие сендерді ата-бабаларыңа уәде еткен елге: қанахандықтар, хеттіктер, аморлықтар, хевтіктер және ебустіктер тұрып жатқан, ағы мен балы ағыл-тегіл жерге бастап алып барады. Сонда осы рәсімді былай ұстануларың керек: 6жеті күн бойы ашытқысыз пісірілген нан жеңдер, әрі жетінші күні Жаратқан Иеге арнап мейрам өткізіңдер. 7Осы жеті күн бойы ашымаған нан жеулерің қажет. Не өздеріңнен, не тұрып жатқан маңайларыңнан сол күндері ашыған нан мен басқа да ашытқымен дайындалған тағам атаулы табылмауға тиіс. 8Сол күні балаларыңа былай деп түсіндіріңдер:#13:8 10:2; 12:26-27; 13:14. «Мысырдан көшіп шыққан кезімізде Жаратқан Иенің бізге көрсеткен игілігі үшін осылай істейміз». 9Бұл әдет қолдарыңа салынған белгіге, көз алдарыңдағы#13:9 Немесе: көздеріңнің арасындағы. ескертпе жазбаға ұқсайтын болсын. Содан ол Жаратқан Иенің ережелерінің#13:9 Яки: Жаратқан Иенің тәлімінің (немесе: Таурат заңының). әрқашан аузыңда болуға тиіс екенін естеріңе түсірмек. Себебі Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан бастап алып шықты. 10Осы ережені жыл сайын белгіленген уақытта орындайтын болыңдар!
Тұңғыштардың Жаратқан Иеге бағышталуы
11Жаратқан Ие өздеріңе және ата-бабаларыңа антпен уәде еткендей сендерді Қанахан жеріне алып барып, оны өздеріңе табыстап бергеннен кейін, 12сендер құрсақтан шыққан тұңғыштарды Жаратқан Иеге бағыштаңдар! Қолдағы бар малдың тұңғыш туған еркек төлдерін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шалыңдар. 13Есектің тұңғыш төлінің орнына бір тоқтыны#13:13 Яки: бір еркек тоқтыны не лақты. бағыштаңдар. Егер олай етпесеңдер, есектің мойнын үзіңдер. Ал әрбір тұңғыш ұлдарыңның төлемі ретінде арнайы құрбандық шалыңдар.
14Болашақта балаларың сендерден: «Бұның мағынасы қандай?» деп сұраса, оларға мынаны айтыңдар: «Жаратқан Ие бізді құлдықтың құрсауы — Мысырдан#13:14 13:3. Өзінің құдіретті қолымен азат етіп алды. 15Перғауын қырсығып бізді жіберуден бас тартқанда, Жаратқан Ие Мысырдағы тұңғыш атаулыны — адамдардың тұңғыш ұлдарынан бастап малдардың тұңғыш еркек төлдеріне дейін өлтірді.#13:15 12:29-30. Сол себепті біз малдардың тұңғыш еркек төлдерінің бәрін Жаратқан Иеге арнап құрбандыққа шаламыз. Ал тұңғыш ұлдарымыздың төлемі ретінде арнайы құрбандық ұсынамыз».
16Осылайша бұл әдет қолдарыңа салынған белгі, көз алдарыңдағы ескертпе жазба іспетті болсын. Содан ол Жаратқан Иенің бізді Өзінің құдіретті қолымен Мысырдан алып шыққанын естеріңе түсірмек.
Бағана тәрізді бұлт және жалындаған от бағанасы
17Перғауын халықты жібергеннен кейін, філістірлердің елі арқылы жол қысқарақ болса да, Құдай оларды сол жолмен бастап алып жүрмеді. Себебі Құдай былай деді: «Халық соғысқа душар болып қалса, олар алған беттерінен бас тартып, Мысырға қайта оралып жүрер». 18Сондықтан Құдай халықты Қамысты теңізге#13:18 Яки: Қызыл теңізге (10:19). қарай айдаладағы жолмен айналдырып алып жүрді. Исраилдіктер Мысырдан қару-жарақтанып көшіп шыққан болатын.
19Ал Мұса пайғамбар Жүсіптің сүйегін де бірге ала шықты. Жүсіп өлер алдында Исраилдің ұрпақтарынан ант алып: «Құдай рақымын түсіріп, сендерді осы жерден алып шығатын болады. Сол кезде менің сүйегімді де өздеріңмен бірге ала кетіңдер!»#13:19 Жар 50:25. — деп өсиеттеген болатын.
20Сонымен халық Соқоттан шығып, айдаланың шет жағындағы Етамға барып, қоныстанды. 21Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. 22Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді.
Currently Selected:
Мысырдан шығу 13: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.