Жаратқан Ие исраилдіктерге жол көрсетіп, күндіз бағана тәрізді бұлт ішінде, ал түнде жолдарына жарық түсіріп, жалындаған от бағанасының ішінде алдарында жүріп отырды. Осылайша олар күні-түні жол жүре алды. Жаратқан Ие не күндіз бағана тәрізді бұлтты, не түнде жалындаған от бағанасын халықтың көз алдынан ажыратпай, әрдайым бірге жүргізді.