YouVersion Logo
Search Icon

Даниял 11

11
1Мен де Михайлды мидиялық Дарийдің билік құрған бірінші жылынан бастап қолдап-қорғап келемін.
Персия мен Грекия патшалықтары
2Ал енді, мен саған болашақта шынымен орын алатын оқиғаларды көрсетемін. Персияда тағы үш патша билік құрады, ал төртіншісі#11:2 Немесе: тағы бірнеше патша билік құрып, соңғысы. бұрынғылардан әлдеқайда бай болады. Ол сол байлығымен күш жинап, барлық адамдарын Грекия патшалығына қарсы аттандырады.#11:2 Ахасуер (Ксеркс) ІІ Грекияны б.з.д. 480 ж. басып алуға аттанып, соңында жеңілді. 3Бұдан кейін (Грекияда) бір ерекше мықты патша#11:3 Ескендір Зұлқарнайын, яғни македониялық Александр (8:5,21). пайда болады. Ол зор күшпен билік құрып, өз қалауымен іс-әрекет жасайды. 4Алайда әбден күшейген кезде оның патшалығы түп-тамырымен жұлынып, ыдырап, төртке бөлініп кетеді.#11:4 Немесе: ыдырап, жан-жаққа таратылып кетеді (7:6,17; 8:5-8,21-22). Оның билігі басқаларға беріліп,#11:4 Ескендірдің патшалығының ыдырауынан пайда болған Мысыр патшалығы және Бабыл мен Араманы (Сирияны) қамтитын солтүстік патшалығы (8:21-22) өзара жауласып отырды (11:7-20). Екеуінің ортасында орналасқан Исраил елі соққы жеп қинала беретін (11:16). өзінің ұрпақтарына бұйырмайды. Патшалықтың бұрынғы күш-қуаты да қалмайды.
Солтүстік пен Мысыр патшалықтарының өзара соғысуы
5Сол тұста оңтүстіктегі елдің (яғни Мысырдың) патшасы#11:5 11:8. күшейеді. Бірақ (өлген грек патшасының)#11:5 11:3-4. бір қолбасшысы Мысыр патшасынан да күшті болып, оның билігі әлдеқайда үлкейіп кетеді. 6Бірнеше жылдан соң екеуі одақтасып, келісімдерін бекіту үшін Мысыр патшасы өз қызын солтүстіктің патшасына#11:6 Яғни солтүстік өлкеге (Сирияға және көршілес аймақтарға) билік құрған бұрынғы қолбасшыға (10:5). ұзатады. Бірақ сол ханым ықпалынан айырылып, күйеуінің өзі де, оның күш-қуаты да ұзаққа жетпейді. Сол кездерде ханымның өзі мен еріп келген нөкерлері, оның әкесі#11:6 Немесе: оның баласы. және ханымды жақтаған күйеуі де бақытсыздыққа ұшырайды.#11:6 Яки: күйеуі де ұстап беріледі.
7Кейін ханымның әулетінен шыққан біреу Мысырға билік құрады. Ол солтүстіктің патшасының әскеріне қарсы аттанып, оның қамалына басып кіріп, жеңіске жетеді. 8Мысыр патшасы солтүстік патшалығының жалған тәңірлерін, қола мүсіндерін және бағалы алтын, күміс бұйымдарын олжалап, өз еліне алып кетеді. Содан ол бірнеше жыл бойы солтүстік патшасына тыныштық береді.
9Ал кейінірек солтүстіктің патшасы Мысыр патшалығына шабуыл жасайды, бірақ өз еліне қайта оралуға мәжбүр болады. 10Оның ұлдары да соғысқа дайындалып, үлкен қарулы күш жасақтайды. Сол әскер асып-тасыған судай елді басып алып, Мысыр патшасының қорғанына дейін жетеді.
11Қатты қаһарланған Мысыр патшасы қарсы аттанып, солтүстіктің патшасына бас салады. Оның жинаған үлкен әскері Мысыр патшасының қолына түседі. 12Мысыр патшасы сол әскерді қолға түсіріп, айдап әкеткеніне өркөкіректеніп, сан мыңдаған адамдарды құртады. Бірақ оның жеңісі ұзаққа созылмайды. 13Себебі солтүстіктің патшасы бұрынғыдан да үлкен әскер жинап, бірнеше жылдан кейін толықтай жарақтанған қуатты әскерімен оған қайтадан шабуыл жасамақ.
14Сол кездері көп адамдар Мысыр патшасына қарсы бас көтереді. Сонда сенің халқыңның арасынан да кейбір қатал бүлікшілер көріністі#11:14 (7:27; 8:14) Яки: аянды. жүзеге асыру үшін бас көтереді. Бірақ олар жеңіледі.
15Ал солтүстіктің патшасы әскерімен аттанып келіп, Мысырдағы жақсы бекінген қаланы қоршауға алып, топырақтан биік етіп үймек жасап, қаланы басып алады. Мысыр әскерінің, тіпті ең таңдаулы бөлімдерінің де жауға тойтарыс беретін еш қауқары қалмайды. 16Осылайша басқыншы қалағандарын істеп, оған қарсы тұратын ешбір адам болмайды. Ол «көрікті елге» қосын тігіп, зорлық-зомбылық көрсетеді.#11:16 Немесе: «көрікті елге» орнығып, оған шексіз үстемдік жүргізеді. («Көрікті ел» Исраилді білдірсе керек: 8:9-12.)
17Солтүстіктің патшасы бүкіл мемлекетінің күш-қуатымен Мысырға аттануға бел буып, сол елмен одақтасу шарттарын алға қойып, жүзеге асырады. Мысыр патшалығын тәуелсіздігінен біржолата айыру үшін оның патшасына өз қызын береді.#11:17 Немесе: Оның патшасына әйелдің қызын (яки: өте дарынды қызын) ұзатады. Бірақ бұл жоспары#11:17 Немесе: Бірақ қызы. табыссыз болып, онысынан еш нәтиже шықпайды. 18Кейін солтүстіктің патшасы теңіз жағалауларындағы елдерге#11:18 Бұл жерлер бүгінгі Түркия мен Грекияның теңіз жағалауларындағы аймақтары мен аралдары болса керек. аттанып, көп адамды қолға түсіреді. Алайда бір қолбасшы патшаның көрсеткен зорлық-зомбылығын тоқтатып, солардың есесін қайтарады. 19Содан солтүстіктің патшасы өз елінің бекіністеріне қарай беттейді, бірақ ол жеңіліп, із-түзсіз құрып кетеді.
20Оның мұрагері таққа отырғаннан кейін, патшалық салтанатқа қаржы жетерлік болу үшін алым-салық жинайтын қанаушыны қол астындағы елдерін аралатып жібереді. Ал азғана уақыттан кейін патша не соғыста емес, не халықтың қаһарынан емес, күтпеген жерден мерт болады.
Жексұрын билеуші
21Оның орнына патшалық қадір-құрмет бұйырылмаған бір жексұрын адам солтүстік патшалыққа билік құрады.#11:21 Бұл адам б.з.д. 175-164 жж. билік құрған Антиох ІV Епифан болса керек. Осы бейне тарихтағы сенушілерге зорлық-зомбылық көрсеткен өзге де қатыгез билеушілерді де білдіреді. Ол бейбіт кезде барып, патшалықты айлакерлікпен қолына түсіріп алады. 22Оған ұлан-ғайыр қарулы күштер қарсы тұра алмай, олар да, онымен келісім жасасқан билеуші#11:22 Немесе: Құдайдың Келісіміне сай тағайындалған рухани басшы (яғни бас діни қызметкер: 9:4; Мал 2:4-5). де күйреп, ғайып болады. 23Сол жексұрын патша келісім жасағанмен, қулық-сұмдықпен әрекет етеді, әрі азғана адамдардың қолдауымен күшейіп алады. 24Патша ата-бабалары істеп көрмеген зұлымдықты істеп, бейбіт жатқан құнарлы, бай аймақтарға кенеттен басып кіреді. Олжалап қолға түсірген дүние-мүлікті нөкерлеріне үлестіріп береді. Ол қамалды қалаларға қарсы айлалы жоспар құрса да, онысы ұзаққа созылмайды.
25Кейінірек ол батылы барып, Мысырдың патшасына#11:25 Мысырдың бұл жас патшасының аты: Птолемей VІ Филометор. қарсы үлкен әскер аттандырады. Мысыр патшасы әлдеқайда үлкен де қуатты әскерімен аттанып, соғысса да, оның тойтарыс беретін шамасы болмайды. Себебі өзіне қарсы астыртын әрекеттер жасалмақ. 26Дастарқанынан дәм татқан өз адамдары оған сатқындық жасайды. Содан Мысыр патшасының әскері күйреп, көптеген жасақшысы қаза табады.
27Бұдан кейін екі патша бір дастарқанның басында отырып, іштей бір-біріне жамандық ойлап, жалғандық айтады. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебі Құдай белгілеген уақытта істің соңы болады. 28Солтүстіктің патшасы еліне көп байлықпен қайта оралады. Жолшыбай ол Құдай қасиетті Келісімін жасаған Исраил халқына#11:28 8:24; 11:30,32; 12:7. қастық ойлап, сонысын іске асырады да, өз еліне қайтады.
29Кейін уақыты келгенде#11:29 Яки: Құдай белгіленген уақытта. солтүстіктің патшасы қайтадан Мысырға аттанып, басып кіреді. Бірақ бұл жорығы бұрынғысындай табысты болмайды. 30Себебі теңіздің батыс жағалауларындағы елден#11:30 Немесе: Кіттимнен. (Кіттим: Жерорта теңізінің аралдары мен жағалауларын мекендейтін ұлттардың жалпы атауы. Осындағы мағынасы: Рим.) кемелер оған қарсы шығады. Содан солтүстіктің патшасы батылдығынан айырылып, еліне қарай кері шегінеді. Қатты ашуланған ол Құдаймен қасиетті Келісім жасаған Исраил халқына қаһарын төкпек болады. Сондықтан ол өз еліне қайта оралып бара жатқанда, қасиетті Келісімнен бас тартқандарға ықылас танытып, дем береді.
31Бірақ оның жіберген жасақшылар бөлімі қамалмен бекінген киелі үйге басып кіріп, оны арамдайды. Олар Құдайға арналған күнделікті құрбандық шалуды тоқтатып, киелі үйде оны арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсені орнатады.#11:31 8:11-13; 9:27. 32Солтүстіктің патшасы қасиетті Келісімді бұзғандарға жағымпазданып, оларды арамдыққа бұрынғыдан бетер еліктіреді. Алайда Құдайға сенімділер нығая түсіп, оған қарсы тұрады.#11:32 (Мих 5:8-9; Зәк 10:12; 12:5; Мал 4:2-3) Немесе: Алайда өздерінің Құдайын біліп мойындағандар күшті болып, (игі) істер істейді.
33Халық арасындағы даналар көп адамға түсінік#11:33 Яки: дұрыс бағыт, тәлім (Мал 2:7). береді. Бірақ едәуір уақыт бойы олар қатты қудаланып, семсердің жүзінен не өрттен#11:33 3:19-20. шейіт болады немесе құлдыққа түсіп не тоналып жүреді. 34Олар сондай азап шеккенде адамдардан біраз көмек көрсе де, өздеріне қосылғандардың көбінің ниеттері адал болмайды. 35Ал (Құдайға сенімді) даналардың арасындағы бірнешеуі шейіт болады.#11:35 Немесе: бірнешеуі қатты азап шегеді. Сол арқылы олар сынақтан өтіп, осы ауыр кезеңнің соңына дейін тазарып, ақталады. Себебі сол кезеңнің Құдай белгілеген соңы келгенше әлі де біраз уақыт бар.
Тым асқақтап паңданған патша
36Солтүстіктің әлгі патшасы өз бетімен жүріп, тым паңданады. Сонда ол өзін әрбір тәңірден де жоғарымын деп санап, тіпті «тәңір» атаулының үстіндегі Құдайдың#11:36 2:47; Заң 10:17. Өзіне қарсы небір балағат сөздер айтады. Құдай қаһарлы үкімін жүзеге асырғанша#11:36 Немесе: Қаһардың мөлшері толғанша (Иш 10:25). бұл патша онысымен табысты болады. Себебі сол алдын ала белгіленген оқиғалар#11:36 Яғни Құдай алдын ала белгілеген оқиғалар (8:24-25). орындалуға тиіс. 37Патша не өз ата-бабалары сиынған (жалған) тәңірлерге, не әйелдер ұнатқан біреуіне,#11:37 Езк 8:14. не басқа да тәңірге құрмет көрсетпей, өзін-өзі бәрінен де жоғары қоятын болады. 38Олардың орнына патша «қамалдардың тәңіріне» табынып, ата-бабалары танымаған сол тәңірсымақты алтын, күміс, асыл тас және өзге де әр түрлі қымбат сыйлықтармен дәріптейді. 39Патша ең қуатты қамалдарды сол бөтен тәңірсымақтың көмегімен басып алады. Өзіне#11:39 Немесе: Сол жалған тәңірге. мойынсұнғандарға ерекше сый беріп, оларды көптеген халықтың үстінен басқарушы етіп қойып, жерді ақшаға сататын болады.
Заманның ақыры
40Сол заманның ақырында Мысыр патшасы оған қарсы соғысуға аттанады. Бірақ солтүстіктің патшасы өзінің жарақталған соғыс күймелерімен, атты әскерімен және көптеген әскери кемесімен оған қарсы құйындай шүйіледі де, көптеген елдерді жаулап алып, топан судай жайпап өтеді. 41Ол «көрікті елге»#11:41 Яғни Исраилге (8:9). де басып кіреді. Көп халық жеңіледі, ал Едом мен Моаб және Аммонның әміршілері оның қолынан сытылып кетеді. 42Солтүстіктің патшасы тағы басқа елдерге де билік құрып, Мысыр патшалығы да одан құтыла алмайды. 43Патша Мысырдың алтын-күмісіне және өзге де бүкіл қазыналарына ие болып, либиялықтар мен құштықтар#11:43 Шеж2 14:9,12-13; 16:8. да оған мойынсұнып, соңынан еретін болады. 44Бірақ патшалығының солтүстік және шығыс аймақтарынан келген суық хабарлар оны алаңдатады. Содан патша долданған күйі көптеген адамдарды құртып, ойрандау үшін сонда кетеді.
45Жолшыбай ол өзінің патшалық шатырын Жерорта теңізі мен көрікті де қасиетті Сион тауының арасына тігеді. Бірақ патшаның дәурені өтіп, оған қол ұшын беретін ешкім де болмайды.

Currently Selected:

Даниял 11: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in