Бірақ оның жіберген жасақшылар бөлімі қамалмен бекінген киелі үйге басып кіріп, оны арамдайды. Олар Құдайға арналған күнделікті құрбандық шалуды тоқтатып, киелі үйде оны арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсені орнатады. Солтүстіктің патшасы қасиетті Келісімді бұзғандарға жағымпазданып, оларды арамдыққа бұрынғыдан бетер еліктіреді. Алайда Құдайға сенімділер нығая түсіп, оған қарсы тұрады.