YouVersion Logo
Search Icon

Даниял 12

12
Қиын-қыстау кезең
1Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште#12:1 Немесе: ұлы (рухани) әмірші. Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа#12:1 7:10; Мыс 32:32; Жыр 68:29; Мал 3:16. енгізілгендердің барлығы, құтқарылады.
Өлгендердің қияметтегі қайта тірілуі
2Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады.
3Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген#12:3 11:33,35; 12:10. олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.
4Ал өзің, Даниял, осы сөздерді жақсылап сақтап, сол заманның соңына дейін кітапты мөрлеп бекітіп қой. Көптеген адам оны мұқият қарап шығып, білімдері молая түсетін болады.#12:4 Немесе: Көптеген адамдар әрлі-берлі жүгіріп, білімдері молая түспек. (Бірақ олар шынайы түсінікке қол жеткізбейді: Ерм 5:1-2; Иш 1:4; 6:9-10.) — (Маған келген хабаршы#12:4 10:5-6,11,16,18. айтқандарын осылай тамамдады.)
Даниялдың көрген соңғы аяны әрі жазбаның қорытындысы
5Бұдан кейін мен, Даниял, қарасам, басқа екі хабаршы пайда болыпты: біреуі өзеннің бір жағасында, екіншісі қарама-қарсы жағасында тұр екен. 6Солардың біреуі үстіне ақ бәтес киім киген. Ол өзен суының үстінде тұрған басқа хабаршыдан:#12:6 10:4-6.
— Осы таңғаларлық ғажап оқиғалар жүзеге асқанға дейін қанша уақыт өтуге тиіс? — деп сұрады.
7Ақ бәтес киінген, өзен суының үстінде тұрған әлгі хабаршы екі қолын да аспанға қарай көтеріп, мәңгі тірі Хақ Тағаланың атымен ант етіп былай деді:
— Бұның бәрі бір кезеңге, екі кезеңге және жарты кезеңге#12:7 Яғни үш жарым жылға (7:25; 12:11-12). созылады! Құдайға бағышталған халықтың#12:7 (8:24) Яки: Қасиетті халықтың. күші түбегейлі күйрегенде осы оқиғалар аяқталады!
8Мен оның айтқанын естісем де, түсінбедім. Сондықтан мен одан:
— Мырзам, мұның бәрінің соңы не болар екен? — деп сұрадым. 9Хабаршының жауабы мынау болды:
— Даниял, өз жолыңмен жүре бер. Бұл хабар осы заманның соңына дейін жабылып, сақталып әрі мөрленіп бекітілген. 10Көптеген адам осы ауыр сынақтардан өтіп, тазарып, мінсіз болады. Алайда зұлымдар күнә жасауларын жалғастыра береді. Солардың ешқайсысы хабарды түсінбейді, тек даналар ғана оның мағынасын ұғатын болады.
11Күнделікті құрбандық ұсыну доғартылып, киелі үйді арамдап бос қалдыратын жексұрын нәрсе сол жерде орнатылғаннан кейін бір мың екі жүз тоқсан күн#12:11 Шамамен үш жарым жыл (7:25; 12:7). өтеді. 12Ал бір мың үш жүз отыз бес күн күтіп, солар өткенше шыдамдылық танытқан әркім бақытты болады!#12:12 Яки: танытқан әркім жарылқанатын болады!
13Өзің соңына дейін өз жолыңмен жүре бер. Сен дүниеден өтіп, тынығасың.#12:13 Иш 57:1-2. Ақыр заманда қайта тіріліп, (Құдайдың Патшалығындағы) өзіңе дайындалып қойылған үлесіңді#12:13 Жыр 15:5-6,11; 118:57. иемденесің!

Currently Selected:

Даниял 12: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in