Ошия 1
1
Кіріспе
1Мұнда Яһуда еліне Ұзиях, Жотам, Ахаз және Езекия, әрі Солтүстік Исраилге Жоғас ұлы Еробоғам патшалық құрған кезеңдерде#1:1 Пат4 14:16,23-29; 15:1-5,32; 16:1-20; 18:1-37. (Ұзияхтың қосымша аты: Азариях.) Жаратқан Иенің Бегери ұлы Ошияға арнаған сөздері берілген.
Опасыз әйелдің балалары — таяп қалған апаттың бейнелері
2Жаратқан Ие хабарларын халыққа Ошия арқылы жеткізе бастағанда оған былай деді: «Барып, жеңіл жүрісті бір әйелді алып, оның жезөкшеліктен туған балаларын бауырыңа бас! Өйткені осы ел Жаратқан Иеге опасыздық жасап, азғындыққа салынып кетті!» 3Содан Ошия Диблаим қызы Гомерді әйелдікке алды. Ол жүкті болып, Ошияға бір ұл туып берді.
4Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Ұлыңның есімін Ізрел#1:4 Осы қаланың аты Ізрехел не Езрел деп те айтылады. Оның мағынасы: «Құдай (тұқым) шашады» не «Құдай сеуіп отырғызады» (2:22). деп қой. Себебі тағы азғана уақыттан соң Мен Ехудің Ізрелде төккен қанына бола#1:4 Пат4 9:24-25; 10:7-8,11,31. оның әулетіне назарымды аударып, оны жазалаймын және Солтүстік Исраилдің патшалығын құртып жоқ қыламын. 5Сол кезде Ізрел аңғарында Солтүстік Исраилдің әскери күшін сындырылған садақ іспетті жоямын!»
6Гомер қайтадан жүкті болып, қыз туды. Сонда Жаратқан Ие Ошияға тіл қатып былай деді: «Оның есімін Рақым-көрмеген»#1:6 Түпнұсқа тілінде: Ло-Рухама. деп қой! Себебі бұдан былай Мен Солтүстік Исраилге рақым көрсетіп, оны кешіруімді доғарамын! 7Бірақ Яһуда еліне рақым көрсетіп, оны құтқарып қаламын. Алайда оларды құтқаратын шайқастағы садақ, семсер, атты әскер емес, Өзім — олардың Құдайлары Жаратқан Ие боламын.#1:7 Пат4 19:32-36.
8Қызы Рақым-көрмеген емшектен шығарылғаннан кейін Гомер тағы бір ұл туды. 9Сонда Жаратқан Ие Ошияға былай деді: «Соның есімін Халқым-емес#1:9 Түпнұсқа тілінде: Ло-Амми. деп қой! Себебі енді сендер халқым емессіңдер, Мен де сендердің Құдайларың емеспін!»#1:9 Мыс 6:7; 19:5-6; Ерм 31:31-32.
Халықтың болашақта еліне қайтып, бірігуі
10 # 1:10 Ескерту: Осы аят бірнеше шетелдік аудармаларда 2:1 деп есептелініп, бұдан кейінгі аяттардың сандары 2:23-ке дейін екі санға артқан. Бірақ болашақта Исраил халқының саны теңіз жағалауындағы санаса сан жетпейтін құм түйіршіктеріндей қисапсыз көп болады. Оларға «халқым емессіңдер» делінген жердің өзінде олар енді «Мәңгі тірі Құдайдың рухани балалары» деп аталады.#1:10 11:1,10; Мыс 4:22-23; Жыр 32:12; 72:23-26; Иш 63:16; 64:8. 11Яһуданың және Исраилдің адамдары тағы да бірігіп, өздеріне бір басшыны тағайындап алады. Олар (жер аударылған) елден қайтып келеді. Себебі (халық өз елін қайтадан қоныстанатын) «Ізрел күні» ұлы күн болады!#1:11 1:4.
Currently Selected:
Ошия 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.