YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 20

20
1Аптаның бірінші күні болатын. Таң әлі ата қоймаған кез, дала қараңғы. Міне, сол кезде мағдалалық Мариям қабірге келді. Ол қабірдің бетіндегі тастың орнынан алынып тасталғанын көрді.
2Содан соң ол Шимон Петр мен Исаның Өзі жақсы көретін (басқа бір) шәкіртіне жүгіріп келіп, оларға: -Қабірден Иемізді алып кетіпті. Оны қайда апарып қойғанын да білмейміз, - деді.
3Сонда Петр мен сол (басқа бір) шәкірт қабірге бармақ болды, сыртқа шығып,
4екеуі жүгіре жөнелді. Сол (басқа) шәкірт жылдам жүгіріп, қабірге Петірден бұрын жетті.
5Ол төмен еңкейіп қарап, тек жатқан маталарды көрді, алайда ішіне кірмеді.
6Оның соңынан еріп келген Петр келе сала қабірге кірді, ол да тек сол жерде жатқан маталарды ғана көрді.
7Исаның басын ораған орамалдың маталардан бөлек басқа жерге бүктеп қойылғанын көзі шалды.
8Сол кезде Петірден бұрын келген әлгі басқа шәкірт те қабірге кірді. Ол да соны көріп, сенді.
9Дегенмен, Оның өлімнен қайта тіріліп кетуінің Жазбаға сай болғанын олар әлі де білмейтін еді.
10Шәкірттер қайтып келіп, қалған шәкірттерге қосылды.
11Мәриям қабірдің сыртында жылап тұрды. Ол жылаған күйі төмен еңкейіп, қабірге қараған кезде,
12бірі Иса жатқан жердің бас жағында, екіншісі аяқ жағында отырған, үстеріңде аппақ киімдері бар екі періштені көреді.
13Сонда олар Мәриямға: -Әйел, неге жылап тұрсың? -деді. Мәриям Оларға: -Менің Иемді алып кетіпті, мен Оны қайда апарып қойғанын білмеймін, - деді.
14Мәриям осылай деп, арт жағына бұрылғанда, өзінің артында тұрған Исаны көрді, алайда Оның Исаның Өзі екенін білген жоқ.
15Сонда Иса оған: -Әйел, неге жылап тұрсың? Кімді іздеп жүрсің? -деді. Ал Мәриям Оны бағбан екен деп ойлап, Одан: -Мырза, егер де Сен Оны басқа бір жерге апарып қойған болсаң, Оны қайда қойғаныңды маған айтшы. Мен Оны өзіммен бірге алып кетейін, - деді.
16Иса оған: -Мәриям! -деді. Сонда Мәриям Оған бұрылып: -Ұстаз! -деді. (Бұл еврейше «Раввуни», яғни, «Ұстаз» дегенді білдіретін еді).
17Иса Мәриямға: -Қолыңды Маған тигізбе, өйткені Мен әлі Әкеме көтерілген жоқпын. Сен одан да Менің бауырларыма барып, енді Менің Әкеме және Сендердің де Әкелеріңе, Менің Құдайыма және Сендердің де Құдайларыңа көтеріліп кететінімді айт! - деді.
18Осыдан кейін мағдалалық Мәриям (шәкірттерге) келіп: -Мен Иемді көрдім! -деп, Мәриямға Иса не айтқан болса, соның бәрін Исаның шәкірттеріне айтып берді.
19Сол аптаның сенбі күні және кешкі мезгіл болатын. Яһудейлерден қорыққан шәкірттері есіктерді жауып алып отырған кезде, Иса келді, олардың орталарына тұра қалып, оларға: * -Сендерде амандық пен бейбіт тыныштық болсын! - деді.
20Иса осылай деген соң, оларға Өзінің қолдары мен бүйірін көрсетті. Сонда шәкірттері Иесін көріп, қуанып кетті.
21Иса оларға тағы да: -Сендерде амандық пен бейбіт тыныштық болсын! Мені Әкем қалай жіберсе, Мен де сендерді солай жіберіп тұрмын, - деді.
22Иса осыны айтты да, Өзінің демін оларға үрлеп: -Киелі Рухты қабылдаңдар! - деді.
23Кімдерді кешірсеңдер, сендердің де күнәларың кешіріледі, ал кімдерді кешірмейтін болсаңдар, (күнәні) қалдырсаңдар, онда сендердің де күнәларың кешірілмейді, өздеріңде қалады, - деді.
24Иса келген кезде, Оның он екі шәкіртінің бірі және егіздің сыңары аталып кеткен Тома оларман бірге болмаған еді.
25Басқа шәкірттері оған келіп: -Біз Иемізді көрдік! -деді. Тома оларға: -Егер де Оның қолындағы шегелердің іздерін өз саусағыммен, ал Оның бүйірін өз қолыммен ұстап көрмесем, мен сенбеймін, - деген болатын.
26Осы оқиғадан кейін сегіз күн өткенде, Исаның шәкірттері үйде тағы да өздері жиналды. Тома да олармен бірге болатын. Есіктер іштен жабық болатын, сол кезде Иса ішке кіріп келіп, олардың орталарына тұра қалды да: -Сендерге амандық пен бейбіт тыныштық болсын! - деді.
27Содан кейін Томаға: -Саусағыңды бері әкел де, Менің қолдарыма қара. Қолыңды Менің бүйіріме қой, сенімсіз болма, керісінше, сенетін бол! - деді.
28Сонда Тома Оған: -Бұл -Менің Ием, Менің Құдайым! -деп жауап берді.
29Иса оған: -Сонымен, сен тек Мені көргеннен кейін ғана сеніп тұрсың ба? Ал Мені көрмесе де, Маған сенетіндер бақытты! - деді.
30Иса Өзінің шәкірттерінің алдында бұл кітапқа жазылмаған бұдан басқа да көп кереметтерді жасады.
31Мәсіх Исаның Құдайдың Ұлы екеніне сендердің күмән келтірмей сеніп жүрулерің үшін және сендер Оның атымен аталған мәңгілік өмірге сенім арқылы қол жеткізсін деген мақсатпен осы кітап жазылды.

Currently Selected:

Жохан 20: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in