YouVersion Logo
Search Icon

Таңдаулы ән 7

7
Өтініш пен сұрақ
1(Құрбылары:)
Айналшы, шуламдық, дөңгелеп би биле!#7:1 Немесе: Қайтып келші, мінсіз қыз, қайтып кел!
Саған қарап тұрайық біздер сүйсіне.
(Күйеу:)
Неге Маханайым биін билегендер
Арасындағы бұл шуламдыққа сендер
Сүйсіне қарауды сонша тілейсіңдер?
Күйеудің мақтау әні және өтініші
(Күйеу:)
2Сандал киген аяғың қандай ажарлы,
Уа, ақсүйек әміршінің қызы!
Сенің қос саныңның сұлу пішіні
Зергер қалпын жасаған асыл тас секілді.
3Кіндігің дәмді шарап құйылған тостағандай,
Белің лалагүл қоршап үйілген бидайдай.
4Қос анарың екі елік тәрізді,
Киіктің егіз лағы секілді.
5Уа, сүйіктім, сенің сымбатты мойның
Піл сүйегінен жасалған мұнарадай,
Қос жанарың Бат-Раббим қақпасының
Маңындағы Хешбон тоғандарындай,
Һәм мұрның Дамаскіге қарап тұрған
Ливан тауының әсем мұнарасындай.
6Басың Қармил тауындай көтеріңкі,
Төгілген шашың сенің сондай көрікті,#7:6 Яки: шашың (патшалар киетін) қою күлгін матадай әдемі (Дан 5:7).
Бұйраларың патшаны баурап әкетеді!
7Қандай сұлусың, қандай сүйкімдісің,
Сенен ләззат табам, сүйіктім менің!
8Сен құрма ағашындай әдемісің,
Қос анарың шоғындай жемістердің.
9Құрма ағашына өрмелеп шығайын,
Жемістері бар сабақтарын ұстайын,
Қос анарың болсын жүзім шоқтарындай,
Деміңнің иісі алма жұпарындай,
10Әрі ауызың таңдаулы шараптай!
Жас келіннің шақыруы
(Жас келін:)
Сусын сүйіктіме тікелей төгілсін,
Ерін мен тіс арқылы ағатын болсын.
11Мен өзіме ынтық сүйіктімдікімін.
12Жүрші, сүйіктім, далаға барайық,
Кәне, ауылдарда түнеп шығайық.
13Ерте тұрып, жүзімдіктерге барайық,
Жүзім бұталары бүршік жарды ма,
Олардың гүлдері ашылып қойды ма,
Анар ағаштары да гүлдеп тұр ма?
Соны көру үшін серуендейік бақтарда,
Махаббатымды сыйлаймын саған сонда.
14Махаббат жемісінің#7:14 Немесе: Махаббат отының (Жар 30:14). жұпары аңқуда.
Алуан түрлі керемет тағамдар
Біздің есігіміздің қасында бар:
Уа, сүйіктім, бұрынғы мен жаңалар,
Менен сен үшін сақтап қойылғандар.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in