Таңдаулы ән 8
8
Махаббатты өз мезгіліне дейін қоздырып оятпау жайлы
1(Жас келін:)
Сен анамның ақ төсін еміп өскен
Бірге туған бауырым болсаң екен!
Кездестіріп далада сонда сені,
Өбіп алсам, жұрт сөкпес еді мені.
2Тәрбиелеп мені өсірген шешемнің
Үйіне сені ертіп келер едім,
Саған дәмдеуіш қосқан шарабым
Мен анар шырынын татқызар едім.
3Сол қолы оның басымның астында,#8:3 Немесе: Сол қолы болса екен басымның астында, Оң қолымен мені құшақтасын да!
Оң қолымен мені құшақтасын да!
4Иерусалим қыздары, сендерден өтінемін:
Махабатты қоздырып оятпаңдар, жетілсін
Өзіне ұнаған дәл мезгіліне дейін!#8:4 2:7; 3:5.
(Құрбылары:)
5Сүйіктісіне сүйене айдаладан
Кім екен мынау өрлеп келе жатқан?
Берілу
(Жас келін:)
Мен сені алма ағашының астында,
Анаң саған жүкті болған орнында,
Толғатып, сені туған жердің маңында
Қоздырып ұйқыдан оятып алдым да.
6Жүрегіңнің үстіне мені мөрдей тақшы,
Мөрлі білезіктей білегіңе салшы!#8:6 Иш 49:16, Хақ 2:23.
Өйткені махаббат өлімдей қуатты,
Құлшынысы оның ажалдай қатты!
Ол өз отын найзағайдай шашады,
Лапылдап өрт жалынындай жанады.#8:6 Немесе: Жаратқан Иенің тұтатқан жалынындай (Соф 3:17; Жох1 4:7-10; Жох 3:16).
7Мол су да махаббатты өшіре алмас,
Тасыған өзен оны батыра алмас.
Бір адам өз үйінің бар байлығын
Ұсынғанмен сүйіспеншілік үшін,
Мүлдем менсінбес еді ешкім онысын!
Қанағаттану
(Құрбылары:)
8Кенже туған қарындасымыз бар біздің,
Әлі де жетілмеген денесі қыздың,
Айттырылып қойған күнінде оның
Не істерміз игілігіне қарындастың?
9Егер берік қабырғадай болса, біз
Күмістен оған бекініс саламыз.
Ал егер есіктей ашық болса, біз
Самырсын тақтаймен жауып тастаймыз.
(Жас келін:)
10Өзім берік қабырғаға ұқсаймын,
Һәм мұнарадай тіп-тік қос анарым.
Содан оның көзінде кемелді болдым.#8:10 Немесе: Маған қарап ол ләззат табады (7:6,7). Яки: Оған ұнаудан мен ләззат табамын (7:10-14).
Тығыз қарым-қатынас
11Бағал-Хамонда Сүлейменнің жүзімдігі болған,
Соны бағуды бағбандарға тапсырған.
Әрқайсысы соның жемісі үшін
Мың мысқал күмістен төлеп берсін.
12Менің «жүзімдігімді» кімге берсем,
Мұны мен өзім біліп, өзім шешем.
Мың мысқал, уа, Сүлеймен, сіздікі болсын,
Ал екі жүз — жемісін өсіргендерге оның.
(Күйеу:)
13Уа, бау-бақшада отырған жеріңнен
Дос қыздарың естіп тұр даусыңды сенің,
Енді маған да оны естіртсең екен!
(Жас келін:)
14Уа, сүйіктім, маған жүгіріп келсең екен,
Жұпар иісі аңқыған шөптер мол өскен#8:14 Яки: Жұпар иісті дәмдеуіштер молынан өскен (4:12-16).
Тауларда елік, жас бұғыдай секірсең!#8:14 2:7,9,17.
Currently Selected:
Таңдаулы ән 8: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.