Таңдаулы ән 6
6
Екінші сұрақ және қызық жауап
1(Құрбылар:)
Уа, ең сұлуы бар әйелдердің,
Қай жаққа кетті сүйіктің сенің?
Оны өзіңмен бірге іздейік,
Ол қайда кеткен, соны білейік?!
(Жас келін:)
2Сүйгенім түсті бақшасына өзінің,
Жүйектеріне#6:2 5:13. жұпар шөптерінің,
Бау-бақшада серуендеп жүру үшін,
Жинамаққа өскен лалагүлдерін.
3Мен өз сүйіктімдікімін лайым,
Ал сүйіктім де менікі әрдайым,
Серуендеп жүр#6:3 Немесе: Ол бағады (отарын). арасында лалагүлдің.
Күйеудің сүйген жарының сұлулығына қайтадан таңырқауы
(Күйеу:)
4Сүйгенім, сен Тирсадай#6:4 Тирса (яки: Фирза): Солтүстік Исраилдің бір кездегі астанасы (Пат3 15:33). әдемісің,
Иерусалим де іспетті көріктісің,
Ту көтерген әскердей сес көрсетесің.
5Менен бұрып әкетші көздеріңді,
Толқытып жібереді олар мені.
Ғилақад тау беткейімен түсіп келген
Ешкі отарындай шашың төгілген.#6:5 4:1.
6Тоғытылған қой іспетті тістерің,
Жалғыз емес, сыңары бар бәрінің.
7Бет пердеңмен жабылған самайларың
Қос бөлігі іспетті қызғылт анардың.#6:7 4:3.
8Алпыс патшайым, сексен кәнизак болсын,
Әрі сансыз көп қыздар да жиналсын,
9Ал көгершінім, мінсізім, айрықша өзі,
Ол — шешесінің теңдесі жоқ жалғыз қызы,
Өзін туған анасының таңдаулысы!
Қыздар оны көргенде мадақтады,
Патшайымдар, кәнизактар да мақтады.
(Құрбылары:)
10Бұл кім екен, айдай сұлу, таңдай атқан,
Күндей нұрын шашып, ту көтеріп тұрған
Әскерге ұқсап сес көрсетіп жатқан?
Ынтықтық және қуаныш
(Жас келін:)
11Жаңғақ ағашының тоғайына бардым,
Аңғардың көгорай шалғынын қарадым.
Жүзім бұталары бүршік жарды ма,
Анар ағаштары гүлдей бастады ма,
Соны біліп келуге шықтым далаға.
12Мен соны аңғармай тұрғанда әлі де
Отырдым сүйікті патшамның күймесіне.#6:12 Немесе: Жан дүниемнің мені қалайша халқымның билеушісінің күймесіне тартқанын (әлі де) аңғармай тұрмын.
Currently Selected:
Таңдаулы ән 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.