YouVersion Logo
Search Icon

Матай 19

19
Отбасы туралы тәлім
1Иса осы айтқандарын тамамдаған соң, Ғалилеядан шығып, Яһудея аймағына әрі Иордан өзенінің шығыс бетіне барды.#19:1 Мар 10:1. 2Оның соңынан халық көптеп еріп, Иса оларды сол жерде ауруларынан сауықтырды.
3Бірнеше парызшылдар қасына келіп, Исаны сынақтан өткізбек болып:
— Күйеуінің кез келген себептен әйелімен ажырасуына#19:3 5:31. бола ма? — деген сұрақ қойды. 4Исаның жауабы мынау болды:
— Сендер Жаратқан Иенің әуел бастан-ақ «адамды бірін еркек, бірін әйел қылып» жаратқанын (Тауратта) оқымап па едіңдер?!#19:4 Жар 1:27; 5:2. 5Сол кезде Ол былай деген: «Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі біртұтас болады».#19:5 Яки: әйеліне (ажырамастай берік) жабысады, сөйтіп екеуі «бір тән» (жаңа бірлік) болады (Жар 2:24). 6Осылайша олар енді екеу емес, біртұтас. Сонымен Құдай қосқанды адам баласы ажыратпасын! — 7Парызшылдар қарсылық білдіріп:
— Олай болса, күйеуі арнайы куәлік қағазын жазып берсе, әйелімен ажырасуына болады деген ережені Мұса пайғамбар неге жазып қалдырған?#19:7 5:31; Заң 24:1-4. — деді. 8Иса оларға былай деп жауап қатты:
— Мұса жүректеріңнің (Құдайдың еркіне мойынсұнбай) қасарысқандығына бола әйелдеріңмен ажырасуға жол берген. Алайда әуел баста бұл олай болмаған еді. 9Сендерге айтамын: кім жеңіл жүріске түспеген әйелімен ажырасып, басқаны алса, сол неке адалдығын бұзады.#19:9 Яғни сол бұрынғы әйеліне қарсы опасыздық жасайды (5:32; Лұқ 16:18). (Күйеуімен ажырасқан әйелге үйленген де неке адалдығын бұзады.)
10Сонда шәкірттері:
— Егер еркектің әйелінің алдындағы міндеті осындай болса, онда үйленбеген артық, — деді. Иса:
11— Бұл айтқандарымды жұрттың бәрі емес, Құдай бұйырғандар ғана ұға алады. 12Себебі үйлене алмайтын түрлі адамдар бар: кейбіреулері некеге жарамайтын болып туған, басқаларын кісілер сондай еткен, ал тағы біреулері — Құдай Патшалығына көбірек қызмет ету үшін некеден бас тартқандар. Мұны ұғына алатындар ұғынсын! — деп сөзін қорытты.
13Жұрт Исаға балаларын алып келіп, Одан қолын балалардың үстіне қойып мінажат етіп бата берсін деп өтінді. Бірақ шәкірттері оларға тыйым салды. 14Ал Иса былай деді: «Балалардың Маған келуіне жол беріңдер, оларға кедергі жасамаңдар! Құдайдың Патшалығы сондайлар үшін».#19:14 18:3; Мар 10:14-15; Лұқ 18:16-17. 15Содан Иса бұл жас балалардың үстіне қолын қойып бата берді; мұнан кейін сол жерден кетіп қалды.
Байлықтың қаупі, ал Мәсіхтің жолындағы игіліктер
16Сол кезде біреу Исаға келіп:
— Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай игі істер істеуім керек? — деген сұрақ қойды. Иса оған:
17— Менен неге игілік туралы сұрайсың? Нағыз игілікті — Біреу-ақ. Мәңгілік өмірге ие болу үшін Оның өсиеттерін орындайтын бол! — деп жауап берді. Әлгі кісі:
18— Қайсыларын? — деп сұрады.
— «Кісі өлтірме; неке адалдығын бұзба; ұрлық жасама; жалған куәлік берме; 19ата-анаңды сыйла!» және «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды#19:19 Яки: басқаларды (өмір жолыңда Құдай саған кездестірген адамдарды) (5:43; Мыс 20:12-16; Леу 19:18; Заң 5:16-20; Лұқ 10:25-27). да солай сүй!» — деді Иса. 20Жігіт:
— Бұлардың бәрін де (жастайымнан) орындап келемін. Маған тағы не нәрсе жетіспейді? — дегенде, 21Иса оған былай жауап берді:
— Егер мүлтіксіз болғың келсе, барып, мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаны мұқтаждарға үлестіріп бер. Сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер!#19:21 4:19-22; 6:20; Лұқ 12:33-34; 16:9-13; 18:22.
22Бұл сөзді естігенде жігіт еңсесі түсіп, қапаланып, сол жерден кетіп қалды. Себебі ол аса дәулетті болатын.
23Содан Иса шәкірттеріне қарап былай деді:
— Сендерге шындығын айтамын: байлардың Құдай Патшалығына кіруі тым қиын! 24Тағы да айтамын: байдың Құдай Патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай. — 25Мұны естіген шәкірттері қатты таңғалып:
— Ендеше кім (Құдайдың қаһарынан) құтқарыла алады?! — деген сауал қойды. 26Иса оларға қарап:
— Бұл, адамның қолынан келмейді, бірақ Құдайдың қолынан бәрі де келеді, — деп жауап берді. 27Петір:
— Міне, біз барлығын қалдырып, Сіздің соңыңыздан еріп жүрміз. Сол үшін бізді не күтіп тұр? — деп сұрады. 28Сонда Иса былай деп жауап қатты:
— Сендерге шындығын айтамын: әлем жаңарған кезде, Мен Билеуші ретінде көктен қайтып келіп, салтанатты тағымда отырғанда, сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына билік жүргізетін боласыңдар. 29Үй-жайын, бауырларын,#19:29 Яки: аға-інісін, апа-қарындасын, әпке-сіңлісін. әке-шешесін, бала-шағасын не жер-суын Маған бола қалдырған әркімге қарымтасы жүз есе артығымен қайтарылады, әрі ол мәңгілік өмірге ие болады.#19:29 Құдай адамдарға ата-анасын сыйлап, үй ішіне қамқорлық жасауды бұйырған (19:19; Тім1 5:4,8). Ал егер сенуші Құдайдан ерекше тапсырма алып не сенімге қас адамдардан қудаланып, ел-жұртынан қол үзуге мәжбүр болса, Құдай барлығын өз қамқорлығына алады, әрі сенушіге арнайы сыйын беретін болады (6:25-33; 25:46; Жох 5:28-29). 30Сол заманда көптеген алдыңғы қатарлылар соңғылар болады, ал соңғылар алдыңғы қатарға шығады.#19:30 20:16; Мар 10:31; Лұқ 13:30.

Currently Selected:

Матай 19: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in