YouVersion Logo
Search Icon

Малахи 1

1
Жаратқан Иенің Едомнан гөрі Исраилді таңдап алғаны
1Жаратқан Ие Малахи арқылы Исраилге сөзін арнап мына хабарды жеткізді:
2— Мен сендерді сүйіп келемін, — деп нық айтады Жаратқан Ие. — Бірақ сендер: «Сен бізді қалайша сүйіп келесің?!» деп сұрайсыңдар. — Жаратқан Ие: — Есау Жақыптың туған ағасы емес пе еді? Бірақ Мен Жақыпты сүйіп таңдап алдым, 3ал Есауды таңдамадым.#1:3 Немесе: жек көрдім. (Жақып — Исраил, ал Есау — Едом деп те аталады: Жар 25:23; 27:27-29; 28:13-14; 32:28-30; Заң 7:7-8; 10:15; 32:9; Иш 41:8-9; 43:4.) Оның қыратты аймағын қаңыраған бос далаға айналдырып, меншікті жерін құла түздің шибөрілеріне қалдырдым, — деп жауап береді. 4Едом:
— Біз қирасақ та, үйінділерімізді қайта тұрғызып ала аламыз! — десе де, Әлемнің Иесі мынаны айтады:
— Олар тұрғызса да, Мен қайтадан қиратып тастаймын. Олардың жері — «Зұлымдық елі», халқы — «Жаратқан Иенің наразылығына ұдайы іліккен халық» деп аталып кетеді. 5Сендер бұны өз көздеріңмен көріп, «Жаратқан Ие Исраилдің шекараларынан тыс жерлерде де даңқтаулы!» дейтін боласыңдар.
Лайықсыз құрбандықтар мен сый-тартулар жайлы ескерту
6— Ұл әкесін сыйлайды, қызметші қожайынын құрметтейді. Егер Мен көктегі Әкелерің болсам, Мені сыйлайтындарың қайда? Егер Қожайындарың болсам, Маған көрсеткен құрметтерің қайда? — деп сұрайды Әлемнің Иесі. — Алайда сендер, уа, діни қызметкерлер, Менің есімімді менсінбей жүресіңдер! Бірақ та сендер: «Біз қалайша Сенің есіміңді менсінбей жүр екенбіз?» деп сұрайсыңдар.
7Сендер Маған бағышталған құрбандық үстелінде арам құрбандықтар ұсындыңдар! Сөйте тұра: «Біз Сені қалайша қорлаппыз?» деп сұрайсыңдар.
Сендер «Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне#1:7 Яки: Жаратқан Иенің дастарқанына (Қор1 10:21). ерекше мән бермесек те болады» деп есептейсіңдер. 8Құрбандыққа шалуға соқыр малды әкелесіңдер, бұл сұмдық емес пе?! Ақсақ не ауру мал әкелсеңдер, бұл да сұмдық емес пе?!#1:8 Заң 15:21. Сондайды әкіміңе (салық ретінде) ұсынып көр! Ол соған риза болып саған оң көзімен қарар ма екен? — деп ескертеді Әлемнің Иесі.
9Енді Құдайға: «Бізге рақымды бола гөр!» деп жалбарынып көріңдер! Бірақ сендердің алып келген осындай құрбандықтарың үшін Ол сендерге оң көзімен қарар ма екен?! — деп сұрайды Әлемнің Иесі.
10— Одан да сендердің біреуің ғибадатхананың қақпаларын бекітіп қойсаңдар игі болар еді! Сонда сендер құрбандық үстелінде бекерге от жақпас едіңдер! Мен сендерге риза емеспін, — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Мен сендердің қолдарыңнан ешқандай сый-тартуды қабылдамаймын.
11Күннің шығысынан батысына дейін халықтар арасында Менің есімім зор даңққа бөленеді. Барлық жерлерде де Маған арналып хош иісті заттар түтетіліп, адал сый-тартулар ұсынылады.#1:11 Иш 56:6-7; 60:7; Аян 5:8; Евр 13:15. Себебі халықтар арасында Менің есімім даңқталады, — деп нық айтады Әлемнің Иесі.
12Алайда сендер Менің есімімді қорлайсыңдар! Өйткені Жаратқан Иенің құрбандық үстеліне#1:12 (1:7) Яки: дастарқанына. лайықсыз сый-тартулар әкелулерің арқылы сендер: «Оның үстелін арамдауға болады» дейсіңдер. 13Сондай-ақ: «Қандай ауыр жүк!» деп, оны менсінбей мұрындарыңды шүйіре иіскейсіңдер, — дейді Әлемнің Иесі. — Сендер ұрлап алынған, жараланған, ақсақ не ауру малды әкеліп, оны Маған арнап құрбандыққа шалғандарыңда, неліктен Менің сондай сый-тартуды қолдарыңнан қабылдауым қажет? — деп сұрайды Жаратқан Ие. 14Өзінің отарында құрбандыққа ұсынуға лайықты мінсіз еркек тоқтысы болып, соны Тәңір Иеге бағыштап шалуға уәде бере тұра, кейін Оған кемістігі бар басқа малды ұсынған өтірікшіні қарғыс атады!#1:14 Леу 22:18-23. Өйткені Мен ұлы Патшамын!#1:14 1:8,11; Жыр 46:3; 47:3; 94:3; Ерм 10:10; Зәк 14:9. — деп ескертеді Әлемнің Иесі. — Менің есімім өзге халықтардың арасында айбатты болып, терең қастерленеді.#1:14 1:11; Жыр 75:13; Соф 2:11.

Currently Selected:

Малахи 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Малахи 1