YouVersion Logo
Search Icon

Ешуа 3

3
Халық Иорданнан өткен кездегі керемет
1Ешуа және барлық исраилдіктер таңертең ерте тұрып, Шиттимнен шығып, Иорданға жетті. Өзеннен өтпес бұрын олар сол жерде қонды. 2Үш күннен кейін халық басқарушылары#3:2 1:10. ел қонысын аралап шығып, 3халыққа мына нұсқауды берді: «Леуілік діни қызметкерлердің Құдайларың Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп бара жатқанын көрген кездеріңде сендер де жиналып, олардың соңдарынан ілесіңдер! 4Бұрын сендер бұл жолмен ешқашан жүрген емессіңдер, ал Келісім сандығына ерсеңдер, баратын жолды білетін боласыңдар. Бірақ сандыққа жақындауларыңа болмайды, араларыңда екі мың шынтақтай#3:4 Шамамен 900 м. арақашықтық болуға тиіс».
5Енді Ешуа халыққа былай деп бұйырды: «Өздеріңді Құдайға толық бағыштап, (күнә атаулыдан) пәк таза болыңдар!#3:5 Яки: тазару рәсімінен өтіңдер (Мыс 19:10-11,14-15). Себебі Жаратқан Ие ертең сендердің араларыңда кереметтер істейді». 6Ешуа діни қызметкерлерге: «Келісім сандығын көтеріп, халықтың алдында жүріңдер», — деп нұсқау берді. Олар Келісім сандығын алып, халықтың алдына түсті.
7Жаратқан Ие Ешуаға тіл қатып былай деді: «Бүгін Мен бүкіл Исраилдің көз алдында сенің мерейіңді мейлінше үстем қыла бастаймын. Содан олар Мен Мұсамен бірге жүріп оған қалай жар болған болсам, саған да солай жар болатынымды біліп алады. 8Ал енді, Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлерге былай деп бұйыр: Иорданның жағасына жеткенде өзенге түсіп, сол жерде тұра қалыңдар!»
9Ешуа исраилдіктерді өзіне шақыртып, оларға былай деді: «Мұнда жақындап, Құдайларың Жаратқан Иенің сөздерін тыңдаңдар! 10Сендер мына жайттардан мәңгі тірі Құдайдың өз араларыңда екенін, әрі Оның алдарыңнан қанахандықтар, хеттіктер, хевтіктер, перездіктер, гергестіктер, аморлықтар және ебустіктерді қуып шығатынын білетін боласыңдар: 11Міне, бүкіл әлемнің Иесінің Келісім сандығы#3:11 Яки: бүкіл жердің Билеушісінің Келісім сандығы (3:3-4,13; Жыр 23:1). алдарыңда Иорданға енейін деп тұр. 12Енді Исраилдің руларынан бір-бір адамнан, барлығы он екі адамды таңдап алып, белгілеңдер.#3:12 4:2-3. 13Сонда бүкіл әлемнің Иесі — Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп келе жатқан діни қызметкерлердің аяқтары Иордан өзенінің суына түсісімен, өзеннің жоғарғы жақтан ағып келе жатқан суы бөгеліп, бір жерге жиылып тұра қалады».
14Сонымен халық қостарын жинады. Олар Иордан өзенінің арғы жағына өтейін деп жатқанда, Келісім сандығын көтерген діни қызметкерлер халықтың алдында жүрді. 15Бұл (көктемдегі) егін ору науқаны#3:15 Сол өлкеде астық сәуір-мамыр айларында орылады (Рут 1:22; 2:23). болып, Иордан өзені арнасынан шығып тасып жатқан мерзім еді. Ал Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иорданның жағасына жетіп, суға аяқтарын малған кезде, 16жоғарғы жақтан ағып келе жатқан су бөгеліп, алыста, Сартанның маңайындағы Адам қаласының жанында, бір жерге үйілгендей жиылып тұра қалды. Содан өзеннің төменгі алқаптағы Өлі теңізге қарай#3:16 Немесе: Содан Елсіз дала (Араба) теңізіне, яғни Тұзды теңізге қарай (12:3; Заң 3:17). ағып жатқан суы сарқылып қалды. Осылайша халық Иерихонның қарама-қарсы тұсынан Иордан өзенінен өте шықты.#3:16 Мыс 14:21-22. 17Бүкіл Исраил халқы өзеннің құрғап қалған арнасымен арғы жаққа өтіп болғанша, Жаратқан Иенің Келісім сандығын көтеріп жүрген діни қызметкерлер Иордан өзенінің ортасындағы құрғақ жерде қозғалмастан тұра берді.

Currently Selected:

Ешуа 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in