YouVersion Logo
Search Icon

Жүніс 2

2
Пайғамбардың апаттан құтқарылып, Жаратқан Иені мадақтауы
1 # 2:1 Кейбір аудармаларда бұл аят 1:17 болып берілген және осы тараудың кейінгі аяттары бір сан төмен. Жаратқан Иенің бұйрығымен бір үлкен балық Жүністі жұтып қойды. Ол соның ішінде үш күн, үш түн бойы жатты.
2Жүніс балық ішінен Құдай Иесіне сиынып былай деп мінажат етті:
3«Қиын-қыстау кезімде, уа, Жаратқан Ием,
Саған сиындым, жауап бердің де Сен.
Сонда тұңғиықтың терең түкпірінен
Көмек сұрап саған жалбарынған ем,#2:3 Немесе: Мен Жаратқан Иеге сиындым, Ол мінажатыма құлақ салды. Мен көрдің (яки о дүниенің) түбінен дауыстап шақырған едім.
Шақырған даусыма құлақ салдың да Сен.
4Мені тұңғиыққа, терең теңіздің
Түбіне Сен лақтырған едің,
Айналам түгел тек ағыстар болған,
Соққылап қарқынды толқындарыңның
Барлығы да өтті мына басымнан.
5Былай деп те айтқан болатынмын:
Аластатылсам да көз алдыңнан,
Киелі үйіңе қарамақпын қайтадан.
6Су басып, теңіз тартып құшағына
Қорқытты,#2:6 Яки: Аузы-мұрнымнан кіріп, тұншықтырды. балдырлар оралып басыма.
7Су асты, тау түбіне түсіп қалдым,
Сол жерге мәңгі қамалғандай болдым.
Бірақ Сен, Жаратқан Ие, Құдайым,
Жанымды тұңғиықтан алып қалдың.
8Көңілім құлазып, үміт өшкенде,
Уа, Тәңір Ием, Сені алдым есіме,
Мінажатым құлағыңа жетті де
Сенің көктегі киелі үйіңде.
9Жарамсыз да жалған тәңірлерге
Табынушылар безеді өздеріне
Рақым көрсетпек болған Құдайынан.
10Ал мен Саған әнмен шүкірлік айтам,
Сый-тарту ұсынып, антымда тұрам.
Құтқарылу келеді тек Жаратқаннан!»
11Мұнан кейін Жаратқан Иенің бұйрығы бойынша балық Жүністі жағалауға құсып тастады.

Currently Selected:

Жүніс 2: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in