YouVersion Logo
Search Icon

Жүніс 3

3
Қайтадан берілген тапсырманың орындалуы
1Содан соң Жаратқан Ие Жүніске екінші рет сөзін арнап: 2«Сапарға жиналып, ұлы қала Ниневиге бар! Менің өзіңе айтқан хабарымды халыққа жарияла!» деп тапсырды.
3Осы жолы Жүніс Жаратқан Иенің айтқанын екі етпей, жолға шығып, Ниневиге барды. Бұл аралап шығуға үш күн уақыт кететін өте үлкен қала еді.#3:3 Ассур патшалығының астанасы маңындағы қалалармен бірігіп үлкен қалалық аймаққа айналған еді (Жар 10:11-12). 4Жүніс қаланы аралай бастады. Күн ұзағына халыққа уағыз айтып: «Қырық күннен кейін Ниневи күйреп, тас-талқан болады!» — деп жариялап жүрді.
Ниневи халқының теріс жолдан қайтып, кешірілуі
5Қала халқы Құдайдың хабарына сенді. Олар (күнәларына өкініп) ораза жариялап, үлкен-кіші барлық адамдар азалы киім#3:5 Яки: ешкі не түйе жүнінен тоқылған қарапайым киім (Жар 37:34). киді.
6Ниневидің патшасы бұл туралы естігенде, ол да (күнәсіне опық жеп) тағынан түсіп, патшалық шапанын шешіп тастады да, азалы киім жамылып, күлге отырды.#3:6 Күлге отыру да қайғырудың белгісі болатын (Ест 4:1,3; Әйүп 2:8). 7Содан ол Ниневи халқына патша мен оның уәзірлерінің атынан мына әмірін жариялатты:
«Күллі халық ораза тұтсын! Барлық адамдар мен жануарлар, ірілі-ұсақты малдар азық пен сусыннан ауыз тимесін! 8Адам және жануар атаулы азалы киім мен жабу жамылсын! Әркім Құдайға қатты жалбарынып сиынсын! Бәрі де зұлым жолдарынан қайтып,#3:8 (Иш 55:6-7; Езк 18:23) Яки: жаман мінез-құлықтарынан бас тартып. қатыгез іс-әрекеттерінен бас тартсын! 9Мүмкін, сонда Құдай райынан қайтып, аяушылық танытып, қаһарын басар. Осылай біз пәледен аман қалармыз!»
10Құдай олардың істегендерін көріп, зұлым жолдарынан қайтқандарына көз жеткізді. Содан Ол халыққа аяушылық танытып, бәрін құртамын деген райынан қайтты.

Currently Selected:

Жүніс 3: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in