YouVersion Logo
Search Icon

Жүніс 4

4
Жүністің Құдайдың мейіріміне ренжіп қалуы
1Алайда Жүніс бұған қатты ренжіп, ашуланды. 2Ол Жаратқан Иеге сиынып былай деді:
— Уа, Ием, мен осылай болатынын елімде жүргенде-ақ айтпап па едім? Сондықтан да тездетіп Тарсиске қарай қаштым. Сенің рақымды да мейірбанды Құдай#4:2 Мыс 34:6; Рул 14:18; Жыр 85:5,15; Жое 2:13. екеніңді білгенмін: Сен тез қаһарлана қоймайтын төзімдісің, берік сүйіспеншілігің#4:2 Яки: тұрақты мейірімің. шексіз зор. Пәле жіберемін деген райыңнан қайтуға да дайынсың. 3О, Жаратқан Ие, енді жанымды ала гөр. Маған тірі жүргенше, өлген артық.#4:3 Жүніс Ниневи халқын аямай, «Өзім жариялаған жаза іске аспай, ұятқа қалдым. Құдай қас жауымызды кешірген соң өз халқым Оның ерекше рақымынан құр қалар» деп уайымдаған сияқты (4:11).4Жаратқан Ие оған:
— Сенің ренжіп, ашулануға қандай қақың бар? — деген сұрақ қойды.
5Ал Жүніс қаладан шығып, оның күншығыс жағындағы бір жерге барып отырды. Өзіне қарапайым күрке жасап, соның көлеңкесінде қаламен не болатынын көрмек болып күтті.
Құдайдың мейірімділігі жайлы сабақ
6Сонда Құдай Ие Жүніске саясы түсіп, оған әлдеқайда қолайлы болу үшін бір бұтаны өсіріп шығарды. Бұта Жүніске керемет ұнады.
7Бірақ Құдай келесі күні таң сәріде бұтаны кеміретін құрт жіберіп, содан бұта солып қалды. 8Күн көтерілгеннен кейін Құдай күншығыстан#4:8 Яғни шөл даладан (Жар 41:6; Езк 17:10; Ош 13:15). аңызақ жел соққызды. Басын күйдірген күннің аптабынан Жүніс әлсіреп қалды. Ол өлім тілеп: «Маған тірі жүргенше өлген артық!» — деп налыды. 9Құдай оған:
— Бұтаға бола ренжіп, ашулануға қандай қақың бар? — деген сұрақ қойды. Жүніс:
— Менің тіпті өлгенше ашулануға қақым бар, — дегенде, 10Жаратқан Ие оған былай деп жауап берді:
— Сен осы бұтаны ешқандай өңдеп, өсірмедің. Ол бір түнде өсіп шығып, келесі түні жоқ болды. Солай болса да, бұтаға сенің жаның ашиды. 11Ал Ниневиде жақсы мен жаманды айыра алмайтын жүз жиырма мыңнан астам халық,#4:11 Яки: Ниневиде оң қолын сол қолынан айыра алмайтын (балалар сияқты Менің қамқорлығыма мұқтаж) жүз жиырма мыңнан астам адам. сондай-ақ көптеген мал да бар. Ендеше осы үлкен қалаға қалайша Менің жаным ашымайды?!

Currently Selected:

Жүніс 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in