YouVersion Logo
Search Icon

Билер 17

17
Миханың тәңір мүсіндері және діни қызметкері
1Ефремнің таулы аймағында Миха есімді бір кісі тұратын. 2Бірде ол шешесіне:
— Мен сіздің ұрланған бір мың бір жүз мысқал#17:2 Шамамен 12,5 кг. күмісіңіз туралы қарғыс айтқаныңызды естіп қалдым. Күмісіңіз менде, соны мен алған едім, — деді. Сонда шешесі: «Жаратқан Ие ұлымды пәледен сақтап жарылқай көрсін!» — деп жалбарынды. 3Осылай Миха бір мың бір жүз мысқал күмісті шешесіне қайтарып берді. Ал шешесі:
— Мен осы күмісімді Жаратқан Иеге бағыштаймын. Одан ұлымның игілігі үшін бір тәңір мүсінін ағаштан ойдырып, тағы біреуін күмістен құйдырып жасатамын.#17:3 Бұл Жаратқан Иенің тапсырған Таурат заңына қайшы еді (Мыс 20:4,23; Леу 19:4). Сөйтіп күмісті өзіңе қайтарып беремін, — деді. 4Сол себепті ұлы күмісті әкеліп бергеннен кейін шешесі оның екі жүз мысқалын алып, зергерге табыстады. Ол содан ағаштан ойылған және күмістен құйылған екі тәңір мүсінін жасап берді. Бұлар жаңағы Миханың үйінде орнатылды.
5Енді Миханың Тәңірге арналған өз киелі үйі болды. Ол (діни қызметкер киетін) жеңсіз сырт киім және шағын тәңір мүсіндерін#17:5 8:27; Жар 31:19. жасатып, ұлдарының біреуін өзінің діни қызметкері етіп тағайындады.
6Сол заманда Исраилде әлі де патша жоқ болатын. Әркім өзіне дұрыс болып көрінгенді істейтін.#17:6 18:1; 19:1; 21:25; Заң 12:8.
7Осы кездері бір леуілік жас жігіт Яһуда жеріндегі Бетлехем қалашығында бір яһуди әулетінде келімсек болып бірге тұрып жатты. 8Сол жігіт тұруға басқа жер іздеп Бетлехемнен шықты. Сапар кезінде ол Ефремнің таулы аймағындағы Миханың үйіне келіп тоқтады. 9Миха одан:
— Сен қайдан келдің? — деп сұрағанда, ол:
— Яһудадағы Бетлехемнен шыққан леуілікпін. Тұратын жер іздеп жүрмін, — деп жауап берді. 10Миха оған:
— Осында қалсаңшы. Маған ақыл-кеңесші#17:10 Немесе: (рухани) әке (Жар 45:8; Пат4 6:21; 13:14). және діни қызметкер бол. Мен саған жылына он мысқал күміс беріп, киім-кешек, тамақпен қамтамасыз етемін, — деп ұсыныс жасады. 11Леуілік онымен бірге тұруға келісті. Содан осы жас жігіт Михаға ұлдарының біреуі сияқты болып кетті. 12Миха леуілікті қызметіне бағыштап кірістіріп, жас жігіт Миханың діни қызметкері болып үйінде тұрды. 13Сонда Миха: «Енді мен мынаны білемін: Жаратқан Ие маған оң көзімен қарайтын болады. Өйткені мына леуілікті діни қызметкер етіп қойдым», — деп ойлады.

Currently Selected:

Билер 17: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Билер 17