YouVersion Logo
Search Icon

Билер 10

10
Тола би мен Жайыр би
1Әбумәліктен кейін Додоның немересі Пуах ұлы Тола Исраилді құтқаруға тағайындалды. Исашар руынан шыққан ол Ефремнің таулы аймағындағы Шамирды мекендеді. 2Тола Исраилде жиырма үш жыл бойы билік айтты. Тола би қайтыс болғанда мәйіті Шамирдағы қабірге қойылды.
3Тола биден кейін Исраилде ғилақадтық Жайыр жиырма екі жыл бойы билік айтты. 4Оның отыз ұлы болды. Олар отыз есекке мініп, Ғилақад аймағында орналасқан отыз қалаға ие болды. Сол қалалар әлі күнге дейін «Жайыр қоныстары»#10:4 Яки: Хауот-Жайыр (Рул 32:41; Заң 3:14). деп аталады. 5Жайыр би қайтыс болғанда мәйіті Қамондағы қабірге қойылды.
Аммон халқының Исраилге озбырлық жасауы
6Бұдан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасап Бағал, Астарта тәңірсымақтарға#10:6 2:11-13; 3:7. табынып кетті, әрі Арама, Сидон, Моаб, Аммон, філістір халықтары табынатын жалған тәңірлерге де құлшылық етіп жүрді. Содан исраилдіктер Жаратқан Иеден мүлдем бас тартып, Оған еш ғибадат етпейтін болды. 7Сол себепті Оның қаһары халыққа қарсы лаулап, оларды філістірлер мен аммондықтардың қолдарына түсірді. 8Бұлар сол жылы исраилдіктерге соққы беріп, оларды аяусыз қанады. Жау бұрынырақ Иордан өзенінің арғы жағын мекендеген аморлықтардың жері — Ғилақад аймағында қоныстанған барлық исраилдіктерді он сегіз жыл бойы қанады. 9Аммондықтар тіпті Иордан өзенінен өтіп, Яһуда, Бунямин және Жүсіптен тараған екі руға да қарсы соғысты. Сол себепті Исраил халқы зор қысым көрді.
10Ақырында исраилдіктер Жаратқан Иені дауыстап шақырып:
— Біздер Сенен, өз Құдайымыздан, бас тартып, Бағалдың мүсіндеріне#10:10 (2:11; 10:6; Пат1 12:10) Немесе: Бағал атты жалған тәңірлерге. құлшылық етіп ауыр күнә жасадық! — деп көмек беруін өтінді. 11Жаратқан Ие оларға былай деп жауап қатты:
— Мысырлықтар, аммондықтар, філістірлер, 12сондай-ақ, сидондықтар, амалектіктер және мағондықтар#10:12 Немесе: моабтықтар. сендерді қыспақтап қанағанда, Маған жалбарына сиындыңдар, ал Мен өздеріңді олардың қолынан құтқарып алып отырдым. Бұл солай болды емес пе? 13Бірақ сендер Менен бас тартып, бөгде тәңірлерге табынып келесіңдер. Сондықтан Мен сендерді бұдан былай құтқармаймын! 14Өздерің таңдап алған тәңірсымақтарыңа барып жүгініңдер! Бастарыңа пәле түскен кездеріңде солар құтқарсын! — 15Ал исраилдіктер Жаратқан Иеге:
— Біз күнә жасадық! Өзің дұрыс деп тапқаныңды бізге істей гөр, тек жаудан құтқарсаң етті! — деп жалынды. 16Олар араларыңда болған бөгде тәңірлердің мүсіндерін алып тастап, Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті. Сонда Жаратқан Ие Исраилдің көрген азабына шыдай алмай, оларды аяды.
17Бұдан кейін аммондықтар жасақшыларын жинап, Ғилақадта тұрақтағанда, исраилдіктер де жиналып, Миспада қостарын тікті. 18Ғилақад халқының басшылары өзара ақылдасып: «Аммондықтарға қарсы шабуылды кім бастайды? Сол адам Ғилақад аймағын мекендейтін бәріміздің басшымыз болсын», — деп келісті.

Currently Selected:

Билер 10: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Video for Билер 10