YouVersion Logo
Search Icon

Ишая 8

8
Ассурдың жедел басқыншылығы
1Кейінірек Жаратқан Ие маған мынадай бұйрық берді: «Аумақты тақта ал да, оған жұрт оқитындай етіп: «Тез-Тонап-Жылдам-Олжалау»#8:1 Түпнұсқа тілінде «Маһер шалал хаш баз» (8:3). деп жаз!»
2Сол үшін мен екі адамды: діни қызметкер Ұрияны және Барақиях ұлы Зәкәрияны сенімді куәгерлерім етіп алдым.
3Бұдан кейін мен пайғамбар әйел — жұбайыммен жақындасып, ол құрсақ көтеріп, ұл туды. Жаратқан Ие маған былай деп бұйырды: «Бұл балаға «Тез-Тонап-Жылдам-Олжалау»#8:3 Түпнұсқада: «Шеяр-Яшуб» (8:1). деген ат қоясың. 4Себебі оның тілі шығып, «Апа, әке» дегенше, Дамаск пен Самарияның бүкіл байлығын Ассур патшасы олжалап кетеді».#8:4 7:8-9.
5Жаратқан Ие маған тағы да тіл қатып 6былай деді: «Осы халық#8:6 Яғни Яһуда мен Исраилдің халқы. (Өзім Иерусалимнің игілігі үшін ағызып отырған) Силоғам бұлағының тыныш суын менсінбейді.#8:6 Яғни осы халық Құдайдың таңдаған халқы мен оның патшаларына, Дәуіттің әулетіне деген тұрақты қамқорлығын менсінбейді. Қайта, олар Ресинге және Ремалияхтың ұлына қуанады!#8:6 Исраил Сирия патшасы Ресинмен Ассурға (яки: Ассирияға) қарсы одақтасып, Ресиннің алғашқы жеңістеріне қуанды. Ал Яһуда қас жауы Ресинді жеңуде Ассурдың күшіне сеніп, Ресиннің жуырда күйрейтініне қуанды. Осылай екі ел де Құдайға сенуден бас тартты (7:1-9,13). 7Біліп қойыңдар: сол себепті Мен, Тәңір Ие, Евфрат өзенінің буырқана тасыған мол суларын, яғни Ассур патшасын, күллі қарулы күштерімен осы жерге бағыттаймын. Евфрат өзені көктемде арна-салаларынан асып-тасып, сулары 8адамдардың мойнына дейін көтеріледі. Сол сияқты, Ассур патшасы мен оның әскері де жуырда бүкіл Яһуда жеріне жайылып шығып, бұлқан-талқан болып ағып, елді басып кетеді!#8:8 Ассур патшасы Сеннахирим б.з.д. 701 ж. Яһуда еліне басып кіріп, астанасы Иерусалимнен басқа барлық қалаларын жаулап алды (1:7-9; 36:1). О, Имануил, оның кең қанаттары бүкіл жеріңе жайылатын болады!»#8:8 Немесе: Алайда «Құдай бізге жар» (Имануил: 7:14)! Оның кең жайылған қанаттары бүкіл еліңді жауып тұрады.
9Ей, халықтар, қанша ұран салсаңдар да, бәрібір шайқалып құрисыңдар.#8:9 Арама мен Солтүстік Исраил жуырда құритын болды (7:7-9). Сол сияқты, Ассур мен Бабыл патшалықтары да кейінірек талқандалуға тиіс еді. Жер бетінің алыс түкпірлері, тыңдаңдар! Шабуылға бел байлап қарулансаңдар да, бәрібір күйреп, құрисыңдар. Иә, айқасқа дайындала беріңдер, алайда қырыласыңдар. 10Кеңесіп жоспар құрып, көп сөз сөйлесеңдер де, бұларың іске аспайды, себебі Құдай бізге жар!#8:10 Яки: іске аспайды: Имануил! (7:14; 8:8)
Жауларыңнан қорықпаңдар, Жаратқан Иені қастерлеңдер!
11Жаратқан Ие менің үстіме құдіретті қолын қойып тұрып#8:11 Яки: Жаратқан Ие маған рухани құдіретін қондырып (Езк 1:3; 37:1; 40:1; Езр 7:9). хабарын жеткізді. Ол мені осы халық жүріп бара жатқан теріс жолға түсуден сақтандырып былай деді: 12«Бұл халықтың бүлік деп атағандарын сендер солай санамаңдар!#8:12 Немесе: Осы халық (басқа мемлекетпен) келісім жасау керек деп айтқан кездерде сендер солай етпеңдер! Басқалардың қорыққандарынан сендер қорқып, үрейленбеңдер! 13Тек Әлемнің Иесін ғана киелі деп құрметтеп, терең қастерлеңдер, (Оның еркіне қарсы шығудан) шошынып#8:13 Яки: қастерлеңдер, Одан қорқып қалтырайтын болыңдар! дірілдейтін болыңдар! 14Жаратқан Ие сендер үшін паналайтын киелі орын іспетті болмақ. Бірақ Ол Исраилдің екі патшалығы#8:14 Яһуда және Солтүстік Исраил патшалықтары. үшін адамдарды сүріндіретін кедергі тас, құлататын жартас сияқты, әрі Иерусалимнің тұрғындарын түсіретін тұзақ пен тор секілді болады. 15Олардың көбі сүрініп құлап, талқандалады, не торға түсіп, ұсталады».
Ишая шәкірттеріне сақтауға тапсырған айғақтар
16Енді осылар туралы білдірген ескертулерім мен тәлімдерім#8:16 8:20. жазылған қағаздарды шиыршықтап орап, байлап, шәкірттерімнің көз алдарында мөрлеп, соларға сақтатқызып қой!#8:16 Ерм 32:12-14,44.
17Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағынан өз бетін жасырып жатса да, мен Оған үмітпен қарап, сенімімді арта беремін. 18Міне, мен және Жаратқан Ие маған сыйлаған балалар мұндамыз! Жер бетіндегі тұрағы Сион тауында орналасқан Әлемнің Иесі бізді Исраил елінде Өзінің болашақта не істейтінін білдіретін хабары мен белгісі етті.#8:18 Ишаяның есімі («Жаратқан Ие Құтқарушы») мен уағыздары және оның балаларының есімдері (7:3; 8:3) арқылы Құдай сол кезде халыққа Өзінің хабарларын жеткізіп отырды.
Бақсы-балгерлер мен сәуегейлерге жүгінбеңдер!
19Алайда халық сендерге: «Аруағы мен жынын шақырып, сыбырлап, міңгірлейтін бақсылар мен сәуегейлерден кеңес сұрауды сұраңдар!» деп ұсынады. Онда оларға былай деңдер: «Халық жалғыз Құдайына ғана сиынып, Оның еркін сұрауға тиісті емес пе? Тірілерге болашақты білу үшін өлгендермен ақылдасудың қажеті бар ма?! 20Қайта, Жаратқан Иенің білдірген тәлімдері мен ескертулеріне#8:20 (8:16) Немесе: Жаратқан Иенің берген Таурат заңы мен өзге де киелі жазбаларына. көңіл бөліп, соларға сүйеніңдер!» — Егер халық осы хабарларыма сай сөйлемесе, онда оларға атар таң жоқ.#8:20 (8:22; Мих 3:6) Немесе: осы сөзге (яки аяндарыма) сай сөйлемесе, оларда шындықтың шұғыласы жарқырамайды. 21Керісінше, олар зор қысымшылық көріп, ашығып, жер-жерде қаңғырып жүретін болады! Аштықтан қиналғанда олар қатты ашуланып, өздерінің патшасы мен Құдайына тіл тигізеді. Содан олар аспан мен 22жерге көз салып, тек қайғы-қасірет, қара түнек пен үрейлі қараңғылықты ғана көреді-ау! Олар әбден түңіліп, қара түнекке қуылады.
Алайда қазір қысымшылық көріп жатқан жерде ұдайы қараңғы бола бермейді.

Currently Selected:

Ишая 8: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in