YouVersion Logo
Search Icon

Ишая 6

6
Құдайдың Ишаяға аян беріп оны пайғамбар етіп тағайындауы
1Ұзиях патша қайтыс болған жылы#6:1 Азариях деп те аталған Ұзиях Яһуда елінде б.з.д. 792-740 жж. патшалық құрды. Ұзиях Жаратқан Иенің Таураттағы ережесін тәкаппарланып бұзған соң алапеспен жазаланған еді (Шеж2 26:16-21). мен аса дәріптелген, заңғар биік тағында отырған Тәңір Иенің аянын көрдім. Оның салтанатты шапанының етегі киелі үйдің ішін#6:1 (Пат3 8:10-11) Яки: көктегі «сарайының» ішін (66:1; Дан 7:9-10). алып жатты. 2Тәңір Иені айналдыра оттай жалындаған періштелер#6:2 Түпнұсқада: серафим (Жыр 103:4; Езк 1:4-6,25-28). қызмет етіп тұрды. Әрқайсысында алты қанаттан болды, солардың екеуімен бетін, тағы екеуімен денесін жауып, қалған екеуімен ұшатын. 3Жалындаған періштелер бір-біріне дауыстап: «Әлемнің Иесі киелі, қасиетті, қастерлі!#6:3 Яки: киелі, киелі, киелі (немесе: қасиетті, қасиетті, қасиетті)! (Үш рет қайталау осы қасиеттің шексіздігін білдіреді.) Бүкіл дүние Оның салтанатты ұлылығына кенелген!» — десіп тұрды. 4Олардың бұл айқайынан киелі үйдің есік жақтаулары мен табалдырықтары шайқалды. Үй іші түтінге толып кетті.#6:4 Жаратқан Ие кейде от пен түтінді Өзінің сол жерде екендігін көрсету үшін қолданатын (Жар 15:17-18; Мыс 19:18-19; 20:18-19).
5Сонда мен дауыстап: «Қасіретке қалдым-ау, енді құритын болдым! Себебі мен күнәкармын, аузымнан шыққан сөздерім арам,#6:5 Яки: таза емес, күнәлі (52:11; 64:6; Мыс 6:12). әрі сөйлеген сөздері арам халықтың арасында тұрып жатырмын. Сонда да мен Патшаны, Әлемнің Иесін, өз көзіммен көрдім!» — дедім.#6:5 Жар 32:30; Мыс 33:20,23.
6Осы кезде жалындаған періштелердің бірі құрбандық үстелінен жанып тұрған көмір шоғынан көсеумен алып, маған ұшып келді. 7Ол шоқты аузыма тигізіп былай деді: «Міне, бұл еріндеріңе тиді. Енді сен әділетсіз істеріңнен арылып, күнәңнің арамдығынан тазардың».#6:7 1:25; 48:10; Жыр 11:7; Ерм 9:5-8.
8Бұдан кейін Тәңір Иенің:
— Мен кімді жіберейін? Біздің хабаршымыз#6:8 Осында Жаратқан Ие көктегі Патша ретінде сөйлеп тұр (Жар 1:26; Пат3 22:19-20; Жыр 81:1). кім болады? — деген даусын естідім.
— Мен бармын, Ием. Мені жібере гөр, — деп жауап бердім. 9Сонда Тәңір Ие маған былай деп бұйырды:
— Осы халыққа барып, мына хабарды жеткіз: «Естіп тұрыңдар, бәрібір түсінбейсіңдер, көріп тұрыңдар, бәрібір аңғармайсыңдар!» 10Бұл халықтың жүректерін#6:10 Яки: Бұл халықтың ақыл-санасын. (Осы жерде жүрек адамның маңызды шешімдерді қабылдайтын мүшесі ретінде берілген.) қасарысқан сезімсіз, құлақтарын керең, көздерін соқыр қыл! Әйтпесе олар көздерімен көріп, құлақтарымен естіп, жүректерімен ұғынып, теріс жолдарынан қайтып, рухани дертінен сауығар еді.
11— Тәңір Ие, мұндай жайт қашанға дейін созылады?#6:11 Немесе: Жаратқан Ие, менің тапсырмам қашанға дейін созылады? — деп сұрағанымда, Оның жауабы мынау болды:
— Сол жайт қалалар қирап, қаңырап бос қалғанша, үйлер ешбір тұрғынсыз, егіндіктер ойрандалып, иесіз қалғанға дейін созылмақ. 12Сонда Мен, Жаратқан Ие, халықтың бәрін алысқа қуып жіберіп, бүкіл елді#6:12 Немесе: жіберіп, жер бетінің орталығын (яғни Құдайдың таңдаған халқының жерін). талқандатып, айдалаға айналдырамын. 13Елде жұрттың оннан бірі қалса да, олар да қайтадан жойылады. Алайда үлкен ағаштар кесіліп тасталғаннан кейін түбірлері қалатыны сияқты, халықтың Өзіме бағышталған тұқымы#6:13 (Езр 9:2) Немесе: қалатыны сияқты, бір қасиетті Тұқым (11:1). оның «түбірі» іспетті болып аман қалады.

Currently Selected:

Ишая 6: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in