YouVersion Logo
Search Icon

Ишая 4

4
1Сол күн туғанда әрбір ер адамға жеті әйел жармасып, оған: «Нанымызды өзіміз тауып жеп, киімімізді өзіміз тауып киеміз. Тек күйеуіміз болып, масқаралықтан арылта көріңіз!» — деп жалынып-жалбарынады.
Иерусалимнің болашақ даңқы
2Сол күндері Жаратқан Ие өсіріп шығарған «Жас Өскін»#4:2 Яғни Яһуда халқының жас ұрпағы (60:21). Немесе: Исраилдің ежелгі патшасы Дәуіттің ұрпағы (11:1; 53:2; Ерм 23:5; Зәк 6:12). салтанатты да қадірлі болады. Исраил халқының қырғыннан тірі қалғандары осы жердің өнімін мақтан тұтып, даңққа кенеледі. 3Сонда Сионда тірі қалып, Иерусалимде өмір сүру үшін тізімге тіркелген әрбір адам Құдайға бағышталған қасиетті деп аталады. 4Себебі Жасаған Ие Сион шаһарының әйелдерін жан дүниелеріндегі ластан арылтады, әрі қан төккен Иерусалим қаласын әділдікпен соттап, қан дақтарынан отпен тазартады.#4:4 Немесе: әділ соттың және оттың рухымен төккен қанының дақтарынан тазартпақ (1:21,25; 48:10).
5Содан кейін Жаратқан Ие Сион тауының және осында жиналғандардың үстерінен күндіз бұлт пен түтін, түнде жалындаған оттың сәулесін жаратады.#4:5 Мыс 13:21-22; 40:34,38; Жар 15:17-18. Бұлар салтанатты қаланы тұтастай қалқалап жауып тұрып, 6оны күндізгі қапырықтан тасалап, дауыл мен жауыннан да қорғайтын болады.

Currently Selected:

Ишая 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in