YouVersion Logo
Search Icon

Ошия 9

9
Халыққа опасыздығының қарымтасы қайтарылмақ
1Уа, Исраил, қуанба, басқа халықтардай шаттанба! Сен өз Құдайыңнан бас тартып, жалған тәңірлерге табынып азғындыққа салынып келесің. Астық бастыратын қырмандардың әрбірінде жезөкшелік жасап, соның ақысын жақсы көресің.#9:1 Ежелде сол өлкедегі халықтар қырмандарында жалған тәңірлерден астық пен жүзімнің мол өнімін сұрап сый-тарту ұсынып, жыныстық азғындыққа да салынатын (4:12; 10:5; Ерм 44:17; Езк 16:45-47; 20:32). 2Бұдан былай астық қырмандары мен жүзім сыққыштары халықты асырамайтын болады. Олардың аламыз деген жүзім шырыны да болмай қалады. 3Халық Жаратқан Иенің осы елінде қалмайды. Жоқ, Ефрем Мысырға қайта оралып, Ассур елінде де арам тамақты#9:3 Жалған тәңірлерге бағышталған тамақ (Дан 1:8; Езк 4:13). жейтін болады.
4Халық енді Жаратқан Иеге сұйық тартуларын құйып ұсынбайды,#9:4 Мыс 29:40. Ол солардың құрбандықтарына да риза болмайды. Себебі бұл құрбандықтары адамы қайтыс болған үйдің тамағы сияқты арам болып саналады.#9:4 Рул 19:14-16; Хақ 2:13. Сол тамақты олар тек қарындарын тойдыру үшін ғана жейді, оның ешбір бөлігі Жаратқан Иенің киелі үйіне апарылмайды.
5Сендерге белгіленген мейрам күндері не істейтін боласыңдар? Жаратқан Иенің (алдына баруларың керек) діни мереке күндерін қалайша атап өтпексіңдер? 6Ассурдың талқандауынан бас сауғалап қашсаңдар да, сендерді Мысыр патшалығы жинап алып, құртады. Мәйіттерің сондағы Мемфис қаласында жерленбек. Күмістен жасалған бағалы заттарыңды арам шөп басып, шатырларыңда тікенек қаулап өсіп кететін болады. 7Құдайдың жазалап, қарымтасын қайыратын күндері келіп қалды! Әй, Исраил халқы, осыны біліп қойыңдар! Күнәларыңның көп болғаны сонша, әрі өштесуіңнің де күшті болғаны сонша, сендер пайғамбарды ақымақ, Рухқа бөленген адамды жынды деп есептейсіңдер!
8Пайғамбар Құдайдың Ефремге қойған күзетшісі болған еді. Ал пайғамбар қай жерге барса да, оның алдында құс аулаушынікіндей тұзақ құрылған. Тіпті өз Құдайының киелі үйіндегілер де оған қастық танытуда. 9Исраил халқы Гибеяның кезіндегідей азғындыққа терең батып кетті.#9:9 10:9; Бил 19:22-30; 20:5,13-14. Құдай кінәларын есінен шығармай, оларды күнәлары үшін жазалайтын болады.
Күнә жасаудың үрейлі де ауыр салдарлары
10«Менің Исраилді тапқаным иен далада өсіп тұрған тәтті жүзімді табумен бірдей болды. Мен ата-бабаларыңа інжір ағашының алғашқы маусымында ерте піскен жемісіндей қарап, қатты ұнаттым.#9:10 Ерм 24:2; Мих 7:1. Бірақ олар Бағал-Пеғорға келгенде өздерін сондағы масқара тәңір мүсініне бағыштап, содан өздері жақсы көрген сол мүсін сияқты жиренішті болып кетті.#9:10 Рул 25:1-5; Жыр 113:12,16; Езк 20:8.
11Ефрем елінің салтанаты құс сияқты пыр етіп ұшып кетеді! Себебі сендерде енді қайтып бала туылмайды, ешбір келіншек құрсақ көтеріп аяғы ауырламайды. 12Ал егер асырайтын бала-шағасы бола қалса, Мен сендерді соларыңнан да айырамын, бірде-біреуін тірі қалдырмаймын. Мен Ефремнен түбегейлі бас тартқан кезімде халық нағыз қасіретке қалады! 13Ефрем халқы Тир елі#9:13 Езк 26:2-3. іспетті құнарлы көгалда өсіп тұр екен, соны көрдім. Бірақ болашақта ол өз балаларын оларды өлтіретін жаудың алдына шығаруға мәжбүр болады».#9:13 10:14; 14:1; Ерм 9:21.
14Уа, Жаратқан Ие, өз халқыңа нені беруіңді тілейін? Олардың әйелдерін бала туа алмайтын, бала туа қалса, сүті болмай, емізе алмайтын қыла гөр!#9:14 9:11,13,16; 14:1. 15«Олардың зұлым істерінің барлығы Ғылғалда басталған,#9:15 4:15. сол жерде Мен оларды жек көре бастадым. Істеген іс-әрекеттерінің сұмдық болғаны сонша, оларды өз үйімнен#9:15 Яғни Жаратқан Иенің оларға табыстаған елінен (8:1; Мыс 15:17). қуып шығамын. Мен халықты енді сүймеймін! Олардың әміршілерінің бәрі де — тура жолдан адасқан қыңырлар. 16Ефрем халқы қатты соққы жеді. Тамырлары қурап қалған, олар енді жеміс бермейді. Бала туа қалған күнде де, Мен олардың құрсақтан шыққан қымбат нәрестелерін өлтіремін».
17Олар Құдайыма мойынсұнбағандықтан, Ол халықты Өзінен аластатып тастайды. Содан олар басқа халықтардың арасында кезбе болып кетеді.

Currently Selected:

Ошия 9: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in