YouVersion Logo
Search Icon

Ошия 8

8
Халықтың Жаратқан Иеден бас тартуы
1«Керней тартып дабыл қағуға дайындал! Жау бүркіт сияқты Жаратқан Иенің елінің#8:1 Яки: Жаратқан Иенің үйінің (9:15; Мыс 15:17; Пат1 26:19; Жыр 78:1). үстінде ұшып жүр. Себебі олар Менің өздерімен жасаған Келісімімнен айнып, Таурат заңымды бұзып келеді. 2Сонда да Солтүстік Исраил Мені шақырып: «Сен біздің Құдайымызсың, Сені мойындаймыз, (көмектесе гөр)!» — деп жалбарынады. 3Ал Солтүстік Исраил ізгі нәрседен бас тартты, енді жау оны қуатын болады. 4Халық өзіне патшаларын тағайындады, бірақ олары Менің еркіме сай емес. Олар билеушілерін де қойды, бірақ Мен бұларын құптаған жоқпын. Өздерінің алтын-күмісінен халық жалған тәңір мүсіндерін жасап алды, әйтсе де олар құрып кетеді. 5Жас бұқа кейпінде жасалған жалған тәңірің әбден жек көрінішті, уа, Самария елі!#8:5 Яки: уа, Солтүстік Исраилдің халқы! (7:1; 10:5,7; 14:1; Пат3 13:32) Мен осы халыққа қатты қаһарланып отырмын. Қашан ғана олар зұлымдықтан арылып тазарар екен? 6Сол тәңірсымақты Исраилдің өзі бір қолөнершіге жасатып алды. Сондықтан ол Құдай емес! Иә, Самарияның жас бұқа кейпіндегі жалған тәңірі күл-парша болып сындырылады!#8:6 10:5-6.
7Халықтың еккені жел еді, енді жинағандары құйын болады.#8:7 Осындағы жел егу — бөтен тәңірлерге табыну, ал құйын — бөтен елден зуылдап келетін жау, яғни Ассурдың әскері, (9:3; 10:6; 11:5) дегенді астарлап білдіреді. Шыққан егіндерінің бастары — құр қауыз. Дән бола қалған күнде де бөтен елдіктер оны жалмап кетеді. 8Солтүстік Исраилдің елін жау жалмап кетеді. Оның халқы басқа халықтардың арасында ұнамсыз ыдыс сияқты болып қалды.#8:8 Яғни халық Жаратқан Иенің таңдаулы әрі Оған бағышталған халқы болудан бас тартып, опасыздық жасап келеді (Мыс 19:5-6; Амо 3:2). 9Себебі олар жалғыз дара қаңғырып жүретін жабайы есек сияқты Ассурға барды. Ефрем елі өзіне «ашыналарды» (яғни арқа сүйейтін одақтастарды) жалдады. 10Олар алым-салықтарымен жат халықтарды жалдап алған болса да, Мен Ефремнің халқын бәрібір бір жерге жинап, соттаймын.#8:10 10:10; Езк 16:37; 22:20; 23:9-10. Олар қуатты патшаның езгісіне түсіп, азап шеге бастайды.#8:9-10 Солтүстік Исраилдің патшалары Менахем және Ошия Ассур патшалығына арқа сүйеп, алым-салық төлегенмен, Жаратқан Ие елді сол Ассур патшасы арқылы жазалайтын болды (Пат4 15:19; 17:3; Ош 7:11-12,16; 8:1,14; 10:6).
11Ефрем халқы күнәнің құнын өтейтін құрбандықтар ұсынылатын үстелдерді көптеп орнатты, бірақ олары, керісінше, нағыз күнә жасайтын орындар болып кетті! 12Мен халыққа Таурат заңымдағы ережелерді егжей-тегжейлі жазып бергенмен, олар соларды бір жат нәрсе деп санайды. 13Халық Маған арнап малдарын құрбандыққа шалып, етін жесе де, Мен, Жаратқан Ие, соларына риза емеспін. Қайта, Мен халқымның істеген зұлымдықтарын есіме алып, оларды күнәлары үшін жазалаймын: халқым өздері бұрын құл болған Мысырға қайта оралатын болады!
14Солтүстік Исраил өз Жаратушысын ұмытып, үлкен ғимараттар салды. Яһуда елі көптеген қалаларын қамалмен бекітті. Бірақ Мен олардың қалаларына от жіберемін. От солардағы қорғандарын өртеп жалмап қояды».

Currently Selected:

Ошия 8: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in