YouVersion Logo
Search Icon

Ошия 7

7
1Бірақ оны осылай ауруынан сауықтырмақ болған кезімде Ефремнің күнәлары әшкереленеді, әрі Самарияның#7:1 Ефрем: Солтүстік Исраил (4:17); Самария: сол патшалықтың астанасы (8:5). қылмыстары жария болады. Халықтың айналысатыны — алдамшылық, ұрылары үйлерге бұзып кіріп, қарақшылары көшеде адам тонайды. 2Бірақ олардың істеген барлық зұлым іс-әрекеттерін есімде сақтайтынымды өздері ойламайды. Жаман қылықтары халықты қоршап алған, солары Менің көз алдымда.
3Халық зұлымдық істеп патшаларын, жалғандық жасап әміршілерін мәз қылады. 4Олардың барлығы да неке адалдығын бұзушылар! Қамырды илеген кезден бастап нан жабуға дайын болғанға дейін өшпей жанып тұратын тандыр сияқты, солардың барлығы да құмарлықтың отына күйіп-жануда. 5«Патшамыздың құрметіне жасалған той!» деп әміршілер шараптың қызуына елігіп кеткенде, патша өркөкірек мазақтаушыларды қолдайды.#7:5 Иш 28:1,7,14-15; Нқл 21:24; Пат3 16:9-10.
6Олардың жан дүниелері пештей лаулайды, ойлағандары — қулық-сұмдық. Түні бойы ашу-ызалары сөнбей бықсып, таңертең жалындай лап ете қалады. 7Бәрі де пеш сияқты өз билеушілерін жалмай береді. Патшаларының барлығы зорлықпен өлтірілді. Ал олардың ешқайсысы Менен көмек сұрамады.
8Ефремнің халқы бөтен халықтармен араласып кетті. Ол төңкерілмеген, сондықтан бір жағы күйіп, екінші жағы шикі піскен нан сияқты болып қалды. 9Бөгде адамдар#7:9 (8:7; Иш 1:7; Пат4 13:3-4,7,22; 15:19) Яки: Бөгде тәңірлерге табыну. оның қуатын жалмауда, бірақ ол соны білмейді.#7:9 4:6. Оның басын ақ қырау шалған, бірақ ол соны да байқамайды. 10Исраил өз асқақтығымен өзін әшкерелейді, бірақ олар бәрібір өздерінің Құдайы Жаратқан Иеге қайтпайды да, Оның еркін сұрамайды да.
Басқа елдерге сүйенудің бекершілігі
11Сондықтан Ефрем халқы көгершін сияқты аңғал да санасыз болып қалды. Олар біресе Мысырды шақырып, біресе Ассурға барып, қолдау сұрайды. 12Ал Мен олар барған кезде үстеріне торымды тастаймын. Оларды аспанда ұшып жүретін құстар сияқты жерге түсіріп, жиындарында сөз болған қылықтарына сәйкес жазалап түзетемін. 13Халық Менен адасып кеткендіктен қасіретке қалады! Олар Маған қарсы бас көтергендіктен енді апатқа душар болады! Оларды құтқарар да едім, бірақ олар Мен туралы өтірік айтып келеді. 14Халық Маған шын жүректен жалбарынбайды. Оның орнына олар төсектерінде жатып еңіреп жылайды. Расында олар Менен алшақтап кетіп, жиындарында бидай мен жүзім мол болсын деп жалған тәңірден сиынып сұрайды. 15Халыққа тәлім-тәрбие беріп, күшейткен Өзім едім, бірақ олар Маған қарсы зұлымдық ойластырады. 16Халық Маған, Алла Тағалаға, емес, Бағалға бет бұрады. Содан да олар қисық садақ сияқты пайдаға аспайды. Елдің әміршілері тілдерінен шыққан ашулы сөздердің кесірінен семсерден өледі. Сол үшін олар Мысыр елінде жұрттың күлкісіне қалады».

Currently Selected:

Ошия 7: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in