Ошия 6
6
Халықтың Құдайға үстіртін ғана қайтуы
1Азапталған күйлерінде олар Маған бет бұрып, өзара былай десетін болады: «Келіңдер, Жаратқан Иеге қайтадан мойынсұнайық! Ол бізді жарып, жарақаттап еді, енді жарамызды жазады. Ол бізді соққан еді, енді сол жерімізді таңады. 2Екі күннен кейін Ол бізге жан бітіріп, үшінші күні қайта тұрғызады. Сонда біз Оның көз алдында өмір сүретін боламыз.#6:2 Жыр 29:6; Пат4 20:5; Езк 37:11-13; Қор1 15:4. 3Ендеше Жаратқан Иені мойындап, Оны жақыннан танып білуге жан сала ұмтылайық! Ертеңгісін таң атпай қоймайтынындай, Жаратқан Иенің келуі де сондай шүбәсіз. Ол бізге игілікті нөсердей, жерді суға қандыратын көктемгі жаңбырдай сөзсіз келетін болады».
Халықтың жасап жүрген қылмыстары
4«Уа, Ефрем халқы, саған не істесем екен? Ал саған ше, Яһуда елі? Сендердің сенімді болуларың әрі кеткенде таңғы бұлт іспетті. Я болмаса, таң ата салысымен буға айналып кететін шық сияқты. 5Сондықтан өз пайғамбарларым арқылы сендерді кескіленуге бұйырып, аузымнан шыққан сөздеріммен өлтірілуге соттадым.#6:5 Немесе: сөздеріммен талқандадым (Ерм 23:29; 1:10; 5:14; Әйүп 4:9). Шығарған үкімім атқан таңдай айқын болады. 6Мен өздеріңнен құрбандық шалғандарыңнан гөрі берік мейірімділік көрсеткендеріңді қалаймын, құрбандықтардың етін өртеп ұсынғандарыңнан гөрі Мені, Құдайды, жақыннан танып сүйгендеріңді ұнатамын.#6:6 2:20; 13:4; Пат1 15:22-23; Жыр 39:7-9; 50:16-19,21.
7Бірақ сендер Адам (ата)#6:7 (Жар 2:15-16; 3:6-8) Немесе: Адам қаласының тұрғындары (Еш 3:16). сияқты Келісімімді бұзып, сөйтіп Маған опасыздық жасадыңдар. 8Ғилақад та зұлымдық жасаушылардың қанға боялған қаласы! 9Жолаушы адамды аңдып жататын қарақшылар сияқты, діни қызметкерлер бір тобыр болып Сихемге баратын жолда кісі өлтіріп, жексұрын қиянат жасады. 10Исраил елінде жан түршіктіретін сұмдықты көрдім: Ефремнің халқы азғындыққа салынып, Исраил елі арамданып кеткен екен!#6:10 5:3; 4:17; Пат3 15:30; Ерм 3:6; Езк 23:5. 11Уа, Яһуда елі, Мен саған да орақ маусымы іспетті жазаланатын мезгіліңді белгілеп қойдым!
Мен халқым Исраилді тұтқында жүрген жерінен қайтарып әкелгім келеді.
Currently Selected:
Ошия 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.