Ошия 10
10
Халық бөтен елге жер аударылмақ
1Исраил жемісін беретін жайқалған жүзім бұтасына ұқсайды.#10:1 Жыр 79:9-12; Иш 5:1-2. Ал жемісі көбейген сайын халық құрбандық үстелдерін көптеп салады. Ел өркендеген сайын, халық жалған тәңірлерге арналған киелі бағаналарды өрнектеп әшекейлеп отыр. 2Бұлардың кінәсі — екіжүзділігі.#10:2 8:2-6. Жаратқан Ие олардың құрбандық үстелдерін қиратып, киелі бағаналарын талқандамақ.
3Содан соң Исраил халқы: «Біз Жаратқан Иені құрметтемеген едік, содан біздің патшамыз жоқ. Бірақ патшамыз болған күнде де, ол біз үшін не істей алар еді?» — дейтін болады. 4Ал олардың айтатыны жай сөздер ғана, келісім жасағанда беретін анттары құр өтірік. Сондықтан оларға тағылатын айып өңделіп жыртылған жерде қаулап өсетін арам шөп сияқты болмақ.
5Самарияның тұрғындары#10:5 Яки: Солтүстік Исраилдің халқы (7:1; 8:5-6; 10:7; 14:1). Бет-Әбенде орналасқан жас бұқа мүсіні#10:5 Яғни Бетел қаласында орналасқан жас бұқа кейпіндегі жалған тәңір мүсіні (4:15; 8:5-6; 13:2; Пат3 12:28-32). туралы уайымдайтын болады. Бүкіл халық оны жоқтап қайғырып, осы жалған тәңірдің діни қызметкерлері оның бұрынғы салтанатын ойлап еңіреп жылайтын болады. Себебі сол мүсін де жау еліне әкетіледі. 6Мүсін Ассурдың ұлы патшасына#10:6 5:13. арналған алым-салық ретінде оның еліне жіберіледі. Ефрем халқы масқара болып, бүкіл Исраил елі өзінің ағаш тәңірлері үшін#10:6 Немесе: өз ой-ниеттері үшін (5:13; 11:5; 4:7; Ерм 7:24). ұялатын болады. 7Самария жойылады, оның патшасы су бетінде жүзіп жүрген бұтақша іспетті ғайып болады.#10:7 10:3,15; Пат4 17:4. 8Исраилдің күнәға батқан жері — Бет-Әбендегі#10:8 Яғни Бетелдегі (4:15; 10:5). табыну орындары қиратылмақ. Осы биіктеу жерлердегі құрбандық үстелдерінде тікенді бұта мен ошаған қаулап өсетін болады. Сол кезде адамдар тауларға: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!» әрі төбелерге: «Үстімізге құлап түсіңдер!» — деп жалынатын болады.#10:8 Иш 2:19,21.
9«Уа, Исраил! Сен Гибеяда азғындыққа батқан кезіңнен бастап#10:9 9:9; Бил 20:5,13-14. күнә жасап келесің! Қазір де дәл сол қалыптасың. Гибеяда зұлымдық жасаған сол адамдарды соғыс баудай түсірді емес пе? 10Мен қалаған кезімде осы халықты жазалаймын. Халық көптеп жасаған ауыр күнәлары#10:10 Немесе: Халық жасаған екі ауыр күнәсі (яғни Гибеядағы масқара оқиға (Бил 19:22-28) және содан кейінгі күнәларының жиынтығы). үшін шынжырлармен байланып жер аударылады. Сонда барша халықтар оларға қарсы жиналатын болады.
11Ефрем — астық басуға үйретілген, сол жұмысты ұнататын жас сиыр сияқты. Ал енді Мен Ефремнің күшті мойнына мойынтұрық салып, оны жер айдауға жұмсаймын. Яһуда да жер жыртатын болады, Жақыптың күллі ұрпақтары бұдан кейін егістікті малалайды.
12Өз өмірлеріңдегі «тың жерлеріңді жыртыңдар, әділдіктің дәнін себіңдер»! Солай берік мейірімнің «жемісін» жинап аласыңдар. Себебі осы кез — Маған, Жаратқан Иелеріңе, бет бұрып, мойынсұнатын уақыт! Сонда Мен сендерге келіп, кешірім беріп, ақталуды жаңбырдай жаудырамын. 13Ал сендер зұлымдықты «септіңдер», одан «шыққан өнім» — әділетсіздік, ал «жеген жемістерің» — өтіріктеріңнің нәтижесі болды. Өз күш-қуаттарыңа, әскери күштеріңнің молдығына сенім арттыңдар. 14Сол себепті халқыңа бір зор апат төніп, барлық қамалдарың қиратылады. Бұл, Салман#10:14 Салман: не Моабтың бір патшасы, не Ассур патшасы Салманасардың (Пат4 17:3; 18:9) есімінің қысқарған түрі. Бет-Арбелді қиратқан шайқас күніндей болады. Сонда аналар балаларымен бірге ұрылып өлтірілген еді.#10:14 13:15; 14:1; Абқ 1:10. 15Орасан зор зұлымдығың үшін саған да дәл осы нәрсе істелінеді, уа, Бетел қаласы!#10:15 Бетел (яки Бет-Әбен) халықтың сол жерде жалған тәңірге табынғанына бола Құдайға әбден жексұрын: 4:15; 5:8; 10:5-8; Амо 7:9-17.
Currently Selected:
Ошия 10: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.