YouVersion Logo
Search Icon

Ошия 5

5
Солтүстік Исраил мен Яһуда қатаң жаза тартпақ
1«Мынаны тыңдаңдар, уа, діни қызметкерлер! Құлақ салыңдар, уа, Исраилдің билеушілері, мұқият тыңдаңдар, патшаның әулеті! Сендерге үкім шығарылады. Өйткені Миспа мен Табордағы табыну орындарында халықты тұзақ пен торға түсірдіңдер.#5:1 Тарихта ежелден белгілі Миспа қаласы мен Табор тауында (Бил 11:29,34-35; 4:6) халық кейінірек жалған тәңірлерге табынған болса керек. 2Бұл опасыздар азғындыққа әбден батты, енді Мен олардың бәріне тәлім беріп, жазаларын тартқызамын. 3Ефрем руын#5:3 4:17; 5:5,9. білемін, бүкіл Исраил халқы да Менен жасырын емес. Себебі сен, Ефрем, азғындыққа#5:3 Яки: жезөкшелікке (4:17-18). салынып кеттің, содан Исраилдің бәрі арамданды.
4Халықтың жасап жүрген зұлым істері өздерінің Құдайына қайтып келулеріне жол бермейді. Себебі оларды азғындықтың рухы билеп алды, әрі олар Жаратқан Иені мойындаған жоқ. 5Исраилдің асқақтығы оның өзіне қарсы куәлік етеді.#5:5 Немесе: Исраилдің асқақтығы өзінің көз алдында масқара болды. Исраилдіктер, соның ішінде Ефрем руы, өз зұлым істерінен сүрініп құлайды. Яһуда халқы да олармен бірге сүрініп құлайды. 6Ұсақ және ірі қара малдарын айдап әкеліп, құрбандыққа шалып, Жаратқан Иеге қаншама дұға етсе де, Оны таба алмайды. Себебі Ол солардан алшақтап кетті. 7Олар некесіз балалар туғызып, Жаратқан Иеге опасыздық жасады. Енді әр айдың алғашқы күні орындайтын діни рәсімдері#5:7 (2:11; Иш 1:14) Немесе: Енді айдың алғашқы күніндегі мейрамда жау (5:8-10). олардың өздерін жер үлестерімен қоса жалмап жеп қояды.
8Гибеяда керней тартып, Рамақта да дабыл қағыңдар! Бет-Әбенде: «Уа, Бунямин руы, саған ереміз!» деп атой салыңдар! 9Жазаланатын күні Ефремнің жері қаңырап бос қалады! Мен болашақта ешбір шүбәсіз болатын жайттарды Исраил руларының арасында жариялап отырмын. 10Яһуда билеушілерінің іс-әрекеттері жер үлестерінің межелерін құпия өзгерту сияқты сұмдық болып кетті.#5:10 Заң 19:14; 27:17; Леу 25:10,23,28; Әйүп 24:2; Нқл 22:28; 23:10. Сондықтан оларға қаһарымды тасқын судай жаудырамын. 11Ефремнің халқы#5:11 Яғни Солтүстік Исраилдің халқы (4:17). түкке тұрмайтын «тәңірсымақтың» жолын қууды қалағандықтан сотталып, қатты қысым көріп күйзелуде. 12Сол себепті Мен Ефрем елін күйе сияқты, Яһуда елін көгертіп шіріткен зең сияқты құртамын.
13Ефрем өз ауруын, Яһуда да өз жарасын байқап қалғанда, Ефрем Ассур еліне бет бұрып, оның ұлы патшасына#5:13 Немесе: оның «Иарев» (яғни «ұлы жауынгер») деп аталған патшасына (7:11; 10:6; Пат4 15:19,29). елшілерін жіберді. Бірақ ол сендерді сауықтырып, жараларыңды жаза алмайды. 14Себебі Мен Ефрем халқы үшін арыстан іспетті, Яһуда халқы үшін жас арыстан сияқты мейірімсіз боламын. Мен Өзім оларды паршалап жарып тастаймын да, орындарынан алып кетемін. Сонда оларды құтқаратын ешкімі болмайды. 15Олар ауыр кінәларын мойындап, алдыма келіп еркімді сұрамайынша, Мен көктегі орныма қайтып кетемін».#5:15 3:5; Иш 64:7; Езк 8:6; 10:4; 11:23.

Currently Selected:

Ошия 5: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in