YouVersion Logo
Search Icon

Ошия 13

13
Исраилдің қатаң жазалануы
1Өткен замандарда Ефрем тіл қатқанда адамдар қалтырап оның айбатынан сескенетін. Исраилде осы рудың мерейі үстем болатын. Бірақ кейін ол жалған тәңір Бағалға табынып кінәлі болды, мұның соңы өлімге апарып соқты. 2Ал енді олар күнәға бұрынғыдан бетер батып, өздеріне жалған тәңір мүсінін жасатып алды. Бұл мүсіндерді қолөнершілер шеберлікпен күмістен құйды. Осы жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандық шалғандарға: «Оларды өбіп сүйіңдер!» — дейді. 3Сондықтан олар тез сейілетін таңғы тұман не тез кебетін шық сияқты, әрі қырманнан жел айдап ұшыратын кебек не үйдің мұржасынан шығатын түтін сияқты лезде ғайып болады.
4Бірақ Мен сендерді Мысыр елінен алып шыққан Құдайларың Жаратқан Иемін. Өзімнен басқа ештеңені Құдай деп танымаңдар!#13:4 Яғни жақыннан танып сүймеңдер (2:20; 6:6). Немесе: мойындамаңдар. Менен өзге ешбір құтқарушы жоқ. 5Мен сендерге иен далада, қуаңшылық жайлаған елде қамқорлық жасадым. 6Халық жақсы жайылымға қоныстанғанда қарындары тоқ болды. Қарны тойынған кезде олар асқақтап, Мені естерінен шығарды. 7Сондықтан Мен оларға арыстан сияқты тап беріп, қабылан сияқты жүрер жолын аңдып, шабуыл жасаймын. 8Оларға қонжықтарынан айырылған ұрғашы аюдай бас саламын да, кеуделерін жарып тастаймын. Оларды арыстандай жалмап, жыртқыш аңдай жыртамын.
9«Өзіңді-өзің құрттың, уа, Исраил! Сен өзіңе көмек беретін Маған қарсысың!#13:9 (Жыр 9:35; 29:11; 53:6) Немесе: Сені құртамын, уа, Исраил! Сонда саған көмек беретін кім бар? 10Сенің патшаң қайда екен? Ол сені күллі қалаларыңда құтқарып алсын! «Маған патша мен әміршілер бер!» деген едің. Енді сол билеушілерің қайда жүр?#13:10 8:4; Пат1 8:5; Пат4 17:4. 11Сол себепті Мен ашуланып тұрып, сендерге бір патшаны тағайындадым. Ал кейін қаһарланып, оны сендерден алып тастадым.#13:11 10:7; Пат1 8:7; 10:17-24; 15:26; Пат3 14:7-10.
12Ефрем халқының зұлым істері жинаулы тұр, олардың күнәларының бәрі де жазулы. 13Халық анасы толғақ азабын тарта бастаса да, құрсақтан шыққысы келмейтін түйсіксіз сәбиге ұқсайды.#13:13 Яғни халық Құдайдың кешіріміне ие болғысы келмей, бұрынғы (күнәлі) қалпында қалғанды жөн көреді (Нқл 9:16-18; 22:3; 29:1).
14Мен оларды о дүниенің билігінен босатып, өлімнен құтқарып аламын ба? (Жоқ, солай істемеймін.) Өлім, қайда улы тісің? О дүние, қайда сенің жеңісің? Мен еш аяушылық көрсетпеймін».#13:14 Немесе: Өлім, қайда сенің пәлең? Көр, қайда сенің құртуың? Мен істейтіндеріме еш өкінбеймін.
15Ефрем бауырлас руларының арасында жайқалып өсіп-өнетін. Ал енді Жаратқан Ие шөл даладан шығыстың аптап желін жібереді. Сонда Ефремнің бұлағы құрғап, су көзі тартылып қалады. Ефрем қазына қоймасындағы құнды заттарының барлығынан айырылады.

Currently Selected:

Ошия 13: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in