Ошия 12
12
1Ефрем халқы желмен тамақтанатын сияқты. Олар күні бойы шығыстан соғатын желді қуып, өтірік пен зорлықты көбейтеді. Олар Ассур патшалығымен одақтасып, Мысырдан да қолдау көру үшін сол елге зәйтүн майын тасып апарады. 2Жаратқан Ие Яһуданы да айыптамақ. Ол Жақыптың үрім-бұтағын жүрген жолдары үшін жазалап, істеген істерінің есесін қайтармақ. 3Түп атасы Жақып ана құрсағында жатқанда-ақ егіз сыңарының өкшесінен ұстап алып, оны алдап соқты. Ер жеткенде ол Құдаймен күресті.#12:3 Жар 25:26; 32:28.
4Сол кезде Жақып Құдайдың періштесімен күресіп, үстем болды, әрі періштеден ақ бата беруін жылап өтінді. Осылайша ол Бетелде Құдаймен кездесіп, тілдесті, 5Жаратқан Иемен, Әлемнің Әміршісі Құдаймен! Оның «Жаратқан Ие» деген аты әлемге кең танымал.#12:5 Мыс 3:15. 6Өзің де Құдайға қайта оралып, берік сүйіспеншілік пен әділдікті сақта! Әрқашан өз Құдайыңа үмітіңді арт!#12:6 6:6; Амо 5:15,24; Мих 6:8.
7Ал саудагерлердің таразылары#12:7 Яки: қанахандықтардың таразылары (Иш 23:8; Езк 16:29; Леу 19:35-36; Амо 8:4-6; Мих 6:11). дұрыс емес, олар алдамшылықты ұнатады. 8Ефрем: «Мен байыдым, барлығын да өзім таптым! Істегенімнің бәрінен ешкім күнә дейтіндей бірде-бір бұрыс іс таба алмайды!» — деп мақтанып жүр.
Жаратқан Ие Исраилді қайтадан айдалаға шығармақ
9«Бірақ Мен өзіңді Мысыр елінен шығарған Құдайың Жаратқан Иемін. Бұрын айдалада Менімен кездескен кезіңдегідей,#12:9 (2:14-15; Мыс 20:2; Рул 2:2) Немесе: Күркелер мейрамының кезіндегідей (Леу 23:40-43). Мен сені қайтадан шатырларға қоныстандырамын. 10Мен пайғамбарларға тіл қатып, көп рет аян бердім,#12:10 Яки: көріністер көрсеттім. әрі олар арқылы астарлы сөздерімді айтып халқыма ескерттім».
11Ғилақадтың халқы зұлымдық жасаса, олар құрып кетеді.#12:11 Яки: жалған тәңірлерге табынып кетсе, олар түкке тұрғысыз болып кетеді. Ғылғалда да халық құрбандыққа мүйізді ірі қара мал шалып келеді. Расында олардың құрбандық үстелдері өңделіп жыртылған егістіктің шетіндегі тас үйінділері сияқты тізіліп тұр.
12Ежелде Жақып Солтүстік Месопотамия еліне қашып барған болатын. Исраил деп те аталған Жақып сол жерде әйелі үшін қызмет етіп, мал бақты.#12:12 Жар 27:43; 28:5; 29:14-30; 32:27-28. 13Кейін Жаратқан Ие Исраилдің үрім-бұтағын бір пайғамбары арқылы Мысырдан алып шығып, сол пайғамбары арқылы аман сақтап жүрді.#12:13 Мыс 14:19-22; Заң 18:18; Иш 63:11-14. 14Бірақ Ефрем Жаратқан Иені қатты ашуландырды, сол себепті Ол Ефремді қылмыстары үшін жазалап, істеген барлық масқара қылықтарының қарымтасын қайтарады.#12:14 Ефрем: яғни Солтүстік Исраил патшалығы (4:17).
Currently Selected:
Ошия 12: КК 2010
Highlight
Share
Copy
![None](/_next/image?url=https%3A%2F%2Fimageproxy.youversionapi.com%2F58%2Fhttps%3A%2F%2Fweb-assets.youversion.com%2Fapp-icons%2Fen.png&w=128&q=75)
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.