Аббақұқ 2
2
1Мен күзетке тұрып, мұнараға шығамын, Жаратқан Иенің маған не айтатынын, шағымыма қандай жауап беретінін күтемін.
Жаратқан Иенің пайғамбарға берген жауабы: бабылдықтар да жазаланбақ!
2Сонда Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді:
— Сен аянда#2:2 (1:1) Яки: көріністе. көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой!
Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын!#2:2 Немесе: жазып қой! Содан оқыған адам оны оңай оқи алсын! 3Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.
4Паңданып кеткен жауға қарашы, оның ой-ниеті адал емес. Ал әділ адам сенімі арқылы шынайы өмір сүреді.#2:4 (Иш 26:1-6) Немесе: Ал сенімі арқылы ақталған адам шынайы өмірге ие болады.
5Сол өркөкірек патшалық көпірген шараптай#2:5 Немесе: Сол өркөкірек жан (яки патша) шарапқа алданып. тыным таппайды, аранын көрдей ашқан, ажал сияқты тойымсыз. Өзіне барлық халықтарды жинап, күллі ұлттарды қолына түсіреді. 6Алайда бір күні бәрі Бабылды мысалға айналдырып, сықақ әндерімен мазақтап былай дейтін болады:
«Ұрлағандарын жинап, зорлықпен
Басқалардан тартып алғандарымен
Шексіз байыған ол қасіретке қалады!
Ұзаққа созылар ма сол қылықтары?!»
7(Біліп қой, Бабыл:) сенен борышыңды қайтаруды талап ететіндер аяқ астынан саған қарсы көтеріледі. Олар ұйқыдан оянып, сені талан-таражға салып тонап, өзің олардан дірілдеп қорқатын боласың. 8Сен көп халықты тонағандықтан, қалған халықтар енді сенің өзіңді тонайды. Себебі сен адам қанын төгіп, елдер мен қалаларды тұрғындарымен бірге қираттың.
9Арам жолмен үйіңді байлыққа кенелткен, қонысыңды биікке салып, пәледен аулақ боламын деп сенген#2:9 Бабылдың патшасы өз патшалығының бар жауларынан үстем әрі еш қауіпсіз екеніне сенетін (Иш 14:4,13-15; Абд 3-4). сен қасіретке қаласың! 10Сен көп халықтарды қыруды ойластырып, үй ішіңді масқараға қалдырып, жаныңды тозаққа қидың! 11Үйлердің қабырға тастары саған қарсы айғақ болып айқай салады, арқалық бөренелері оларға қосылып, соны жаңғыртады.
12Қан төгіп қала орнатқандар, қылмыспен қорған салғандар қасіретке қалады!#2:12 Дан 4:27. 13Сол халықтардың еңбегі отқа отын болып, ұлттардың қинала істегендері зая кететінін Әлемнің Иесі бекіткен жоқ па? 14Себебі теңіздің суға толы болатынындай, жер де Жаратқан Иенің ұлылығын білетіндерге солай толы болады.#2:14 Мыс 14:4; 16:7; Рул 14:21; Иш 11:9.
15«Шарапты» толтыра құйып, басқаларды «мас қылған» да қасіретке қалады! Олардың «ашылған ұятына қарап отыру» үшін солай істейді. (Бабыл, сен басқа елдерді тонап, масқаралағанда осылай істедің.) 16Сен даңққа емес, масқараға бөленетін боласың! Ендігі кезек саған келіп, өзің де ішіп, ұятың ашылсын! Жаратқан Иенің құдіретті қолынан шыққан, Оның қаһарына толы тостағанынан іш!#2:16 Иш 51:17,22; Ерм 25:15-17; Жоқт 4:21. Сонда зор даңқың масқараға айналады. 17Сенің Ливан ормандарына жасаған зорлығың#2:17 Иш 14:8. өз басыңа келіп, аңдарды құртқаның өзіңді үрейлендіреді. Сен адам қанын да төгіп, елдер мен қалаларды тұрғындарымен бірге құрттың.
18Сонда тәңір мүсінінің келтірер пайдасы не? Оны ойып жасаған жай пенде емес пе? Немесе құйылып жасалған, өтірікті үйрететін мүсіннің пайдасы қандай? Оны жасайтын адам баласы өзінің қолынан шыққан тәңірсымаққа сенеді, бірақ сол мүсін сөйлей алмайды, ол үнсіз мылқау. 19Ағаш мүсінге: «Тіріл!», мылқау тасқа: «Оян!» дейтін қасіретке қалады! Өлі мүсіндер сендерге дұрыс жолды үйрете ала ма? Алтын, күміспен қапталған болса да, оларда тіршілік жоқ.
20Ал Жаратқан Ие Өзінің (көктегі) киелі үйінде.#2:20 Заң 26:15; Шеж2 6:18; Жыр 2:4; 9:7; Иш 66:1. Бүкіл жер беті Оның алдында үндемей, Оны терең қастерлейтін болсын!
Currently Selected:
Аббақұқ 2: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.