YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 7

7
Ғаламат апат таяп қалды!
1Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді: 2«Ей, пендем, Мен, Жаратушы Тәңір Ие, Исраил еліне мынаны айтамын: Елдің ақыры жетті! Жердің төрт шеті де, барлық шартарабы да құриды!#7:2 Жар 6:13, Ерм 5:31. 3Ақыр аяғың жетті! Мен саған қаһарымды төгемін! Істеген қылықтарыңа сай үкім шығарып, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. 4Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, істеген зұлым да жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар».#7:3-4 7:8-9.
5Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: «Апат! Бір ғаламат апат! Қараңдар, сол апат таяп қалды! 6Ақыр аяғың жетті! Ақыр соңында ол жетіп қалды! Қараңдар, ол сендерге қарсы келе жатыр! 7Уа, елдің тұрғындары, құритын күндерің келді! Уақыт таяп қалды, сот күні жетті!#7:7 33:21; Амо 5:18,20. Тауларды орақтың көңілді әні емес, қатты қорқудың айқайы жайлайды.
8Саған жуырда қаһарымды төкпекпін, барша ашу-ызамды жаудырмақпын. Сені қылықтарыңа сай соттап, жексұрын күнәларыңа сәйкес жазаламақпын. 9Енді Мен саған аянышпен қарап, мейірім көрсетпеймін. Қайта, жексұрын іс-әрекеттеріңнің сазайын тартқызамын. Сонда өздеріңді ұрып-соққан Мен, Жаратқан Ие, екенімді білетін боласыңдар.
10Міне, сол күн! Біліп қой, ол туды! Қырсық таяп қалды! Халықтың зұлымдығы мен тәкаппарлығы гүлденіп кетті.#7:10 Немесе: Зұлымдықтың асатаяғы бүршік атып, тәкаппарлық гүлденіп кетті (Жыр 91:8).
11Зорлықшыл билеуші зұлымдықты жазалайтын таяқ болып өсіп шықты.#7:11 Немесе: Зорлық өсіп шығып, оларды зұлымдықтары үшін жазалайтын таяққа айналды (Иш 10:5; 14:29). Сонда осы халықтың түгі қалмайды, оның мол байлық-дәулеті де, айқай-шуы да, атақ-даңқы да ғайып болады. 12Уақыт келіп, мезгіл жетті. Сатып алушы алғанына қуанбасын, қолдан кеткен иелігіне сатушы қайғырмасын, өйткені Менің қаһарым осы шулы халықтың бәріне де лаулайтын болады.
13Жерін сатқан адам өмірінің соңына дейін оны ешқашан да кері қайтарып ала алмайды, әрі тірі қалған саудагердің ешқайсысы саудаға қайта оралмайды.#7:13 Леу 25:24-28,31. Өйткені халықтың барлығына қатысты осы көрініс#7:13 (7:2-12,26) Яки: осы аян. еш өзгермейді. Әділетсіз өмір сүруші ешкім де жанын аман сақтап қала алмайды.
14Олар керней тартып, әскерді шақыра берсе де, шайқасқа шығатын ешкім болмайды. Өйткені Менің қаһарым осы шулы халықтың бәріне қарсы лаулайды. 15Қала сыртында семсер, ішінде індет пен ашаршылық: даладағылар семсерден қаза тауып, қаладағылар ашаршылық пен індеттен қырылады.
16Бас сауғалап тауға қашып кеткендер гуілдеген аңғар көгершіні іспетті еңіреп жылап, өз кінәларына өкінетін болады. 17Бәрінің қолдары қаусап, тізелері судай әлсірейді. 18Олар азалы киім киіп,#7:18 27:31; Иш 15:3; Амо 8:10. үрейленіп, қарабет әрі тақыр бас#7:18 27:31; Әйүп 1:20; Амо 8:10. болады.
19Сонда олар күмістерін көшеге лақтырып, алтындары да құнсыз көң іспетті саналмақ. Жаратқан Иенің қаһары төгілген сол күні алтын-күмістері оларды құтқаруға дәрменсіз болады.#7:19 Соф 1:18. Өйткені адамдар соларды жеп, аштығын басып, қарындарын толтыра алмайды. Олардың байлыққұмарлығы сүрініп, күнәға батуларына себепші болды. 20Өздері мақтан тұтқан әдемі зергерлік әшекейлерінен жексұрын да жиренішті тәңірлерінің мүсіндерін жасап алды. Сол себепті Мен олардың бүкіл байлықтарын өздеріне пайдасыз, арам қыламын. 21Сонда Мен осы байлықтарын шетелдіктерге олжалатып, әлемнің әділетсіз зұлымдарына оңай пайда етіп табыстаймын; олар соларды арамдайтын болады. 22Мен олардан бет-жүзімді теріс бұрып,#7:22 39:23-24; Ерм 18:17. жаулары Менің киелі үйімді#7:22 Яки: Менің асыл қазынама (яғни меншікті жерім мен қалама және сондағы киелі үйіме: Жоқт 2:7-8). арамдамақ. Сол тонаушылар оның ішіне баса-көктеп кіріп, оны арамдап кетеді.
23(Шетелдік ұсталарға мынадай тапсырма берілмек:) «(Исраил халқына арнап) шынжырлар дайындаңдар! Өйткені елдің іші қан төгілген қылмыстарға әрі Иерусалим қаласы зорлық-зомбылыққа толып кетті!»
24Мен басқа халықтардың арасындағы ең зұлымдарына исраилдіктердің үйлерін тартып алғызамын. Осылайша Исраилдің ішіндегі күштілердің тәкаппарлығына шек қоямын. Олардың табыну орындары арамдалмақ.
25Халқым үрейлене қалтырап, тыныштық іздейтін болады, бірақ тыныштық болмайды. 26Бір пәледен кейін өзге пәле, бір суық хабардан кейін басқалары келеді. Халық пайғамбардан көрген аянын#7:26 Яки: көрінісін (1:1; 7:13; 8:3). айтып беруін бекер сұрайтын болады. Діни қызметкер де тағылымнан, ақсақал да ақыл-кеңестен ада болады. 27Патша қайғырып, билік жүргізген әмірші#7:27 Бұл адам Ехония патша (Пат4 24:8-16) немесе Седекиях патша (12:10) болса керек. сары уайымға салынады. Елдегі халықтың қолдары қорқыныштан дірілдейді. Мен оларды істегендері бойынша жазалап, өз заңдары бойынша соттаймын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады!»

Currently Selected:

Езекиел 7: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in