Езекиел 6
6
Тау-төбелерде жасалған опасыздықтың жазасы
1Жаратқан Ие маған тағы да сөзін арнап былай деді: 2«Ей, пендем, бет-жүзіңді Исраилдің тауларына қарай бұр да, оларға қарсы Менің хабарымды жариялап#6:2 Исраилдіктер биіктеу жерлеріндегі табыну орындарында жексұрын істер істеп, тау-төбелерді арамдап келген еді (1:3-4; Леу 26:30; Пат4 21:2-3). 3былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Ей, Исраилдің таулары! Жаратушы Тәңір Иенің тау-төбелерге, аңғарлар мен шатқалдарға арнаған сөзіне құлақ салыңдар! Біліп қойыңдар, Мен сендерге қарсы жаудың семсерін жіберіп, биіктеу жерлеріңдегі (жалған тәңірлерге бағышталған) табыну орындарын жойғызамын. 4Сендердегі құрбандық үстелдері қиратылып, хош иісті заттарды түтету үстелдері де жермен-жексен болады! Мен халқыңды қырып, жексұрын тәңір мүсіндеріңнің алдына сұлатып тастаймын. 5Осылай исраилдіктердің өліктерін олар табынған жалған тәңірлерінің мүсіндерінің алдына қойып, сүйектерін құрбандық үстелдеріңнің айналасына шашып тастаймын. 6Мекендеп келген жерлеріңнің бәріндегі қалалар бос қалып, биіктеу орындарың талқандалмақ. Құрбандық үстелдерің құлатылып, қаңырап қалады. Жалған тәңір мүсіндерің паршаланып құртылады, хош иісті заттарды түтету үстелдерің қиратылып жойылады. Өз қолдарыңмен жасап алған солардың бәрі де құрып жоқ болады. 7Өліктерің табыну орындарыңда үйіліп жатады. Сонда сендер Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар!#6:7 Ерм 7:30-34; Леу 26:30-31; Заң 28:26.
8Бірақ Мен кейбіреулеріңді жаудың семсерінен аман қалдырып, бөгде халықтар мен елдердің арасына таратып жіберемін. 9Тұтқындалып, басқа халықтардың арасына айдалып кеткен адамдарың сол кезде Мені естеріне алатын болады. Олар өздерінің Менен сырт бұрылған опасыз жүректеріне және тәңірсымақтарына құштарлана қараған көздеріне Менің қалайша қайғырғанымды сонда түсінбек. Ақырында олар істеген зұлымдықтары мен жексұрын салт-дәстүрлері үшін өздерінен-өздері жиренетін болады. 10Олар Менің Жаратқан Ие екенімді, әрі осы ғаламат апатты бастарына түсіремін деп бекер айтпағанымды білетін болады.
11Жаратушы Тәңір Ие тағы мынаны айтады: Үрейлене екі алақаныңды соғып, аяғыңмен жерді теуіп қал! Исраил халқының жасаған зұлым да жексұрын істерінің бәріне бола «Уа, қасірет!» деп айқай сал! Себебі халық енді семсер, ашаршылық және індеттен қырылатын болады. 12Олардың алыстағылары індеттен қырылады, жақындағылары семсерден өледі. Ал қамалған қалада осы екеуінен тірі қалғандары аштан өледі. Осылайша Мен оларға бар қаһарымды түгелдей төгемін.
13Олар өздерінің жалған тәңірсымақтарына хош иісті заттарды түтеткен жерлерінде: құрбандық үстелдерінің араларында, әрбір биік төбе мен барлық тау бастарында, әрбір жапырағы жайқалған ағаш пен саялы еменнің астында өз адамдарының қырылып жатқанын көргенде Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады! 14Ал Мен үстерінен қолымды созып, оларды қырып-жойып, қай жерде тұрса да: (оңтүстіктегі) иен даладан (солтүстіктегі) Диблаға#6:14 Яғни Бет-Диблатаимға (Ерм 48:22). Немесе: Риблаға (Рул 34:11; Пат4 25:6). дейін елдерін қаңыратып, бос қалдырамын. Сонда олар Менің Жаратқан Ие екенімді білетін болады».
Currently Selected:
Езекиел 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.