YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 11

11
Пайғамбардың Иерусалимнің зұлым жетекшілерін ескертуі
1Мұнан кейін Рух мені көтеріп алды да, Жаратқан Иенің киелі үйінің Шығыс қақпасына алып келді. Қақпаның кіреберісінде жиырма бес ер адам бар екен. Солардың арасынан халықтың басшылары#11:1 22:27; Иш 1:10,23; Ош 5:10. Азур ұлы Язаниях#11:1 Пат4 25:23. пен Бенаях ұлы Пелатияхты#11:1 11:13. көрдім.
2Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді: «Ей, пендем, мына адамдар зұлымдық ойлап, осы қаладағыларға жаман кеңес беріп: 3«Үй салатын#11:3 Немесе: үйлі болатын, яки: шаңырақ көтеретін (Нқл 24:27). уақыт таяп қалды емес пе? Осы қала қазан іспетті, ал біз соның ішінде аман сақталатын ет сияқтымыз», деп бөсіп жүр. 4Сондықтан да оларға қарсы ашықтан-ашық пайғамбарлық сөз айтып бер, ей, пендем!»
5Сонда маған Жаратқан Иенің Рухы қонып, мына сөздерді айтқызды: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Сендер осылай айтасыңдар, уа, Исраил халқы. Сендердің ойларыңда не туындайтынын Мен түгелдей білемін! 6Сендер бұл қалада көп адамды өлтіріп, оның көшелерін өліктермен толтырдыңдар.
7Сол себепті Мен, Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтамын: Сендер қаланың көшелерінде қалдырған сол өліктер ет іспетті, қала қазан сияқты болады.#11:7 11:3,6; 24:3-13; Мих 3:2-3. Әйтсе де, Мен өздеріңді бұл қаладан қуып шығамын! 8Семсерден қорқасыңдар, ал Мен сендерге қарсы жау семсерін жіберемін! Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын. 9Сендерді қаладан қуып шығып, шетелдік басқыншылардың қолдарына тапсырамын. Осылай өздеріңе ауыр жаза тартқызамын. 10Сонда Исраилдің шекараларына дейін семсерден қырылып, мерт боласыңдар. Мен сендерге үкім шығарып, оны жүзеге асырамын. Содан Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. 11Осы қала өздеріңе ешқандай қазан іспетті болмайды, сендер де оның ішіндегі ет іспетті аман қалмайсыңдар! Қайта, Мен сендерді Исраилдің шекараларына дейін қуып жазалаймын. 12Сонда Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласыңдар. Себебі Менің заңдарымды орындамай, шешімдеріме бағынбадыңдар. Керісінше, маңайларыңдағы халықтардың (Өзіме жиренішті) әдет-ғұрыптарына сай әрекет жасадыңдар».
13Мен Құдайдың осы хабарын жеткізіп тұрған кезімде-ақ#11:13 Яки: Мен осы пайғамбарлық сөздерді айтып тұрған кезімде-ақ. Бенаях ұлы Пелатиях лезде қайтыс болды.#11:13 Петалиях есімі — «Жаратқан Ие босатады», ал Бенаях — «Жаратқан Ие салып тұрғызды» дегенді білдіреді. Сондықтан осы адамның істегені де (11:1-3), онымен болған жайт та күткенімізден керісінше. Сонда мен жерге етпетімнен жата кеттім де:
— Уа, Жаратушы Тәңір Ие, Исраилдің тірі қалғандарын түгелдей құртпақсың ба? — деп дауыстап жібердім.
Жаратқан Иенің кейін қайтып келуі туралы уәдесі
14Сол кезде Жаратқан Ие маған сөзін арнап былай деді:
15— Ей, пендем, Иерусалимнің тұрғындары өзіңмен бірге жер аударылған елдестерің және бүкіл Исраил халқы туралы былай деп жүр: «Жаратқан Иеден аулақ кетіңдерші! Енді бұл ел бізге мұралық меншікке берілді!»#11:15 Олар жер аударылғандар Исраилдегі мұралық меншіктерінен біржола ада болды, әрі олардың Жаратқан Иеге енді қайтып ғибадат етуге құқығы болмайды деп ойлайтын (Пат3 9:7; Ерм 23:39; Жыр 119:5).
16Сондықтан (жер аударылғандар жайлы) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен оларды алыстағы халықтардың арасына таратып, түрлі елдерге шашыратып жіберсем де, олар Маған азғана уақыт бойы сол барған жақтарында табынатын болады.#11:16 Немесе: азғана уақыт бойы Мен Өзім олар үшін барған жақтарында табынатын киелі үй боламын.
17Сонымен (шашырап кеткен халқыма) былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Мен сендерді Өзім араларына шашыратып жіберген елдер мен халықтардың арасынан қайта жинап аламын. Сендерге Исраил елін қайтадан табыстаймын. 18Осылай халқым еліне қайтып келгенде, жалған тәңірлердің ондағы жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелерінің бәрін алып тастайтын болады. 19Мен оларға біртұтас жүрек сыйлап, жаңа рух дарытамын.#11:19 18:31; 36:26; Заң 30:6-8; Ерм 32:39-40. Көкіректерінен тас жүректі алып тастап, орнына сезімтал жүрек сыйлаймын. 20Сонда олар Менің ережелерімді ұстанып, заңдарыма бағынып соларды орындайтын болады.#11:20 11:12; Жыр 118:4-5,32. Олар Менің халқым, ал Мен олардың Құдайы боламын.#11:20 14:11; 37:27; Жар 17:7-8; Мыс 6:7; 19:5-6; Ерм 7:23; 32:38.
21Алайда жүректері өздерінің жалған тәңірлердің жиренішті мүсіндері мен жексұрын бейнелеріне құмартқандар болса, олардың бастарына өз істегендеріне сай жазаларын түсіремін! — Мен, Жаратушы Тәңір Ие, осыны нық айтамын.
Құдайдың салтанатының қаланы тастап кетуі
22Мұнан кейін керубтер қанаттарын жайып, жандарындағы дөңгелектерімен бірге жоғары көтерілді. Исраилдің Құдайының нұрлы салтанаты олардың үстіңгі жағында тұрды. 23Содан соң Жаратқан Иенің нұрлы салтанаты қаланың ішінен көтеріліп, оның шығысындағы таудың үстіне барып тоқтады.
24Кейін Рух мені көтеріп алып, Бабылға жер аударылғандарға қайта алып келді.#11:24 8:3; 11:1; 37:1. Осылайша Құдайдың Киелі Рухы маған (Иерусалимге барып келу жайлы) көрсеткен көрініс#11:24 (1:1; 8:3; 43:3) Яки: көрсеткен аян. жоғары көтеріліп, қасымнан жоқ болып кетті. 25Соңынан мен Жаратқан Иенің өзіме білдірген хабарларының бәрін де жер аударылған елдестеріме айтып бердім.

Currently Selected:

Езекиел 11: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in