YouVersion Logo
Search Icon

Езекиел 1

1
Жаратқан Иенің Бабыл еліндегі Езекиелге көріністер көрсетуі
1Отызыншы жылдың#1:1 Яки: Өмірімнің отызыншы жылының. (Діни қызметкерлер отыз жасқа толғанда қызметтеріне кірісетін: Рул 4:3.) төртінші айының бесінші күні мен Хобар өзенінің жағасына жер аударылып қоныстанған елдестеріммен#1:1 (Пат4 24:15-16) Хобар (яки Кебар): Евфрат өзенінің Бабыл қаласынан оңтүстік жақтағы тармағы (Жыр 136:1). бірге болдым. Сол кезде көк ашылып, Құдай маған көрсеткен көріністерді#1:1 (1:4; 2:1,9; 8:13) Яки: көрсеткен аяндарды. көрдім. 2Бұл, Ехониях патшаның жер аударылғаннан кейінгі бесінші жылының төртінші айының бесінші күні болатын.#1:2 Яғни б.з.д. 593 ж. (Пат4 24:14-16). 3Сонда Жаратқан Ие халдейлердің еліндегі Хобар өзенінің жағасында маған, діни қызметкер Бузи ұлы Езекиелге, сөзін арнады. Сол жерде маған Жаратқан Иенің рухани құдіреті қонды.#1:3 Немесе: менің үстімде Жаратқан Иенің қолы болды (Пат3 18:46).
Жаратқан Иенің қасындағы төрт нөкері
4Қарасам, солтүстік жақтан бір алапат құйын келе жатыр екен. Ол найзағайы оттай жарқылдап тұрған,#1:4 Мыс 3:2; 9:24; 19:16-22; Нқм 1:3; Жыр 17:10-15. жан-жағынан жарқыраған нұрмен көмкерілген үлкен қалың бұлт екен. Ал оттың ортасы жылтыр қола#1:4 (1:27; 8:2) Немесе: жылтыр кәріптас (янтарь). іспетті жарқырап тұрды. 5От ішінен тіршілік иелеріне ұқсаған төрт нөкер#1:5 Яки: төрт тірі тұлға. (Құдайдың тағының маңында тұратын осы құдіретті періштелер керубтер не сарафтар яки серафим деп те аталады: 10:1; Жар 3:24; Иш 6:2; Аян 4:6-8). көрінді. Олардың түр-тұрпаты адамдікіне ұқсас еді. 6Ал әр нөкердің төрт бет-әлпеті мен төрт қанаты бар болатын. 7Төрт нөкердің аяқтары түзу, ал аяқтарының басы торпақтікіне#1:7 Яки: бұзаудікіне. ұқсап, жылтыр қоладай жалтырап тұрды. 8Нөкерлердің төрт жағындағы әр қанатының астында бір-бірден адамның қолы болды. Әрқайсысының да төрт бет-әлпеті мен қанаты бар еді. 9Осылайша төрт нөкер еш бұрылмастан кез келген бағытқа тура жүре алды. Төртеуінің қанаттары бір-біріне тиіп тұрды.
10Нөкерлердің бет-әлпеттері мынадай болды: әрқайсысының алдыңғы бет-әлпеті адамның, оң жағындағысы арыстанның, сол жағындағысы бұқаның және артындағысы бүркіттің жүзі іспетті еді.#1:10 Төрт бет-әлпет даналықты, патшалық билікті, күш-қуатты және жылдамдықты бейнелеп білдірсе керек (10:14; Жыр 36:30; Нқл 3:13; Жар 49:8-9; Пат3 10:18-20; Заң 33:17; Пат2 1:23). 11Олардың бет-әлпеттері осындай болатын. Төрт нөкердің қанаттары жоғары қарай жайылып тұрды. Әр тірі тұлғаның екі қанаты жанындағы екі нөкердің қанаттарына тиіп тұрса, басқа екі қанаты оның өз денесін жауып тұрды. 12Төрт нөкердің әрқайсысы алдыңғы жағына қарай, еш бұрылмай-ақ рух#1:12 1:20. қалаған бағытқа тура жүретін. 13Төрт нөкердің сырт кейпі лаулап жанып жатқан көмір шоғындай не жарқыраған алаудай еді. Осы от нөкерлердің арасында әрлі-берлі қозғалып, оттан найзағайлар жарқылдап тұрды. 14Нөкерлердің өздері де найзағайдың жарқылындай әрлі-берлі зымырап жүрді.
15Мен нөкерлерге қарағанда олардың жандарынан жерге тиіп тұрған төрт дөңгелекті#1:15 10:2; Дан 7:9. көрдім. Нөкерлердің әрбіреуінің жанында бір-бір дөңгелектен болды. 16Төрт дөңгелек зүбәржат#1:16 Яки: хризолит, топаз (10:9; 28:13; Мыс 28:20; Дан 10:6). асыл тасы іспетті алтын түспен жарқылдап тұрды. Төртеуінің де сыртқы түрі мен жасалуы бірдей екен. Әр дөңгелектің ішінде өзімен қиылысқан екінші дөңгелегі болды.#1:16 Осылай олар төрт бағытқа қозғала алды (1:9,17). Бұл, Құдай Тағаланың әр кезде әр жерде бола алатынын бейнелейді (Жыр 138:5,7-10). 17Нөкерлер қай бағытқа қозғалмасын, дөңгелектер де бұрылмай-ақ кез келген бағытқа жылжи алатын. 18Дөңгелектердің шеңберлері үлкен әрі қорқынышты болды. Төртеуі де айналдыра көздерге толы еді.#1:18 Көздердің көптігі Құдай Тағаланың бәрін де көре және ұғына алатынын бейнелейді (10:12; Аян 4:6; Жыр 32:13-15; 138:1-4,11-12).
19Нөкерлер қозғалғанда, жандарындағы дөңгелектер де қозғалатын және нөкерлер жерден көтерілгенде, дөңгелектер де көтерілетін. 20Нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын. Сондықтан рух қайда бағыт алса, нөкерлер мен дөңгелектер де тұрып, солай қарай бірге жылжитын. 21Нөкерлер қозғалғанда дөңгелектер де қозғалатын, тоқтағанда, дөңгелектер де тоқтайтын, ал жоғары көтерілгенде, солармен бірге дөңгелектер де көтерілетін. Өйткені нөкерлердің рухы дөңгелектерде болатын.
22Нөкерлердің бастарының үстіңгі жағында шыныдай#1:22 Немесе: үстіңгі жағында үрейлі шыныдай (Әйүп 37:22). жалтыраған күмбез тәрізді бір әуе кеңістігі#1:22 1:26; 10:1; Жар 1:6-8; Мыс 24:10. жайылып тұрды. 23Нөкерлер күмбез тәрізді кеңістіктің астында әр жағындағы бір қанатын бір-біріне созып, қалған екі қанатымен денелерін жауып тұрды.#1:23 1:11. 24Нөкерлер қозғалғанда, мен қатты ағып жатқан судың гүріліндей, құдіреті шексіз Құдайдың дауысындай, әрі зор әскердің тұрағындағы ұрандаған атойдай қанаттарының сусылын естідім. Нөкерлер тоқтағанда қанаттарын түсіріп отырды.
25Ал енді, олар осылай қанаттарын түсіріп тыныш тұрған кезде, күмбез тәрізді кеңістіктің жоғарғы жағынан бір дауыс естілді. 26Сол кеңістіктің жоғарғы жағында саф көк асыл тастан#1:26 Яки: сапфирден (Мыс 24:10). жасалған таққа ұқсас бір нәрсе тұрды, ал оның үстінде сырт кейпі адамға ұқсас Біреу отырды.#1:26 Иш 6:1; Дан 7:9. 27Оның денесі белінен жоғары қарай жалындап жалтыраған қоладай екенін әрі белінен төмен қарай оттай жарқырап тұрғанын көрдім. Және Оның айналасын жарқыраған нұр#1:27 Жарқыраған нұр Құдайдың салтанатты ұлылығын және еш мінсіз тазалығын бейнелейді. Адам баласы Оның алдына келгенде өзінің рухани ластығы мен күнәкарлығын түсінеді (Иш 6:3,5; Мыс 40:34). көмкеріп тұрды. 28Оның айналасындағы жарқыраған нұр жаңбырлы күні бұлттарда пайда болатын кемпірқосаққа ұқсас еді.

Currently Selected:

Езекиел 1: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in