Мысырдан шығу 6
6
1Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп білдірді:
— Енді сен Менің перғауынға не істейтінімді көретін боласың. Мен оған қарсы құдіретті қолымды созған соң, ол халықты босататын болады. Ол құдіретті қолымның ықпалынан оларды елінен тіпті өзі қуып шығатын болады! — 2Құдай Мұсаға тағы мынаны да айтты: — Мен Жаратқан Иемін. 3Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа «Құдіреті шексіз Құдаймын» деп аян бергенімде#6:3 Жар 17:1; 35:11; 48:3. оларға Өзімнің «Жаратқан Ие» деген есімімді#6:3 3:15; Жыр 67:5; 82:19. білдірген жоқпын. 4Өздері жат жұрттық болып тұрып жатқан Қанахан елін беруге олармен Келісім жасаған едім.#6:4 Жар 12:7; 15:18; 17:8; 26:3; 28:4,13. 5Енді мысырлықтар құлдықта ұстап жатқан исраилдіктердің күңіренген күрсінісі құлағыма жетіп, сол Келісімімді еске алдым.
6Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын. 7Мен сендерді өз халқым деп қабылдап, Құдайларың боламын. Сонда Менің өздеріңді Мысырдың езгісінен босатып алып шыққан Жаратқан Ие — сендердің Құдайларың екенімді білетін боласыңдар. 8Мен Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге қолымды көтеріп тұрып ант еткен елге#6:8 32:13; Жар 22:16-17; 26:3; 28:13; 35:12; Рул 14:30. сендерді бастап алып барамын. Сол жерді мұралық иеліктеріңе табыстаймын. Мен Жаратқан Иемін!»
9Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады. 10Сонда Жаратқан Ие Мұсаға былай деп бұйырды:
11— Барып, Мысыр патшасы перғауынға: «Еліңнен исраилдіктерді жібер!» де. — 12Ал Мұса Жаратқан Иеге:
— Менің айтқандарыма тіпті исраилдіктер құлақ салмағанда, перғауын қайдан құлақ салсын? Сөзге шорқақпын ғой,#6:12 4:1,10; 6:30. — деп жауап қайырды.
13Алайда Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға қайтадан тіл қатып, оларды исраилдіктерге және Мысырдың патшасы перғауынға арнаған әмірлерін жеткізуге жіберді. Осылай Жаратқан Ие Мұса мен Һаронға Исраил халқын Мысырдан алып шығуды тапсырды.
Һарон мен Мұсаның шыққан ата-тегі
14Исраилдің басты руларының басшылары мыналар: Исраилдің тұңғышы Рубеннің ұлдары: Ханох, Паллу, Хесрон, Қарми. Бұлар Рубеннің үрім-бұтағы.
15Шимонның ұлдары: Емуел, Ямин, Охад, Яхин, Сохар, Саул. Саул қанахандық әйелден туған еді. Бұлар Шимонның үрім-бұтағы.
16Тараған тармақтары бойынша берілген Леуінің ұрпақтарының аттары мыналар: Герсон, Қахат, Мерари. Леуі жүз отыз жеті жыл өмір сүрді.
17Герсонның үрім-бұтағы: Лібіни, Шимей және олардан тараған ұрпақтары. 18Қахаттың ұрпақтары: Ымрам, Ысқар, Хеброн, Ұзиел. Қахат жүз отыз үш жыл жасады. 19Мераридің ұрпақтары: Мәхли мен Мұши. Бұл — Леуінің тармақтары бойынша берілген үрім-бұтағы.
20Ымрам әкесінің қарындасы Иохебедке үйленді. Олардан Һарон мен Мұса дүниеге келді.#6:20 (2:1-2; Рул 26:59) Ымрам есімі Амрам деп те жазылады. Ымрам жүз отыз жеті жыл өмір сүрді.
21Ысқардың ұрпақтары: Қорах, Непек, Зіхри. 22Ұзиелдің ұлдары: Мишайл, Елісапан, Сітри.
23Һарон Нағасонның қарындасы Әминадап қызы Елішебаға#6:23 Осы есімнің Елізабет деген түрі де бар (Лұқ 1:5). үйленіп, одан Надаб, Әбиһу, Елазар мен Ітамар дүниеге келді.
24Қорахтың ұрпақтары: Асир, Елқанах, Әбиясаф. Бұлар — Қорахтың үрім-бұтағы.
25Һаронның ұлы Елазар Пұтиелдің қыздарының біреуіне үйленді. Одан Пінехес дүниеге келді. Бұлар — Леуінің тараған тармақтары бойынша берілген рубасылары.
26Осы шежіреде аттары аталған Һарон мен Мұса — Жаратқан Иенің «Исраил халқын Мысырдан лек-легімен алып шығыңдар!» деген тапсырмасын алғандар. 27Исраилдіктерді әлгі елден бастап алып шығу туралы бұйрықты Мысыр патшасы перғауынға жеткізгендер осы Мұса мен Һарон болатын.
Құдайдың Мұса мен Һарон арқылы перғауынға құдіретін көрсетуі
28Жаратқан Ие Мысырда Мұсаға тіл қатқан кезде 29оған былай деп бұйырған еді:
— Мен Жаратқан Иемін. Менің өзіңе айтқандарымның бәрін Мысыр патшасы перғауынға жеткіз! — 30Ал Мұса Жаратқан Иеге:
— Сөзге шорқақпын ғой, перғауын айтқандарыма қайдан құлақ салсын? — деген болатын.#6:30 6:12.
Currently Selected:
Мысырдан шығу 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.