Мен Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа беруге қолымды көтеріп тұрып ант еткен елге сендерді бастап алып барамын. Сол жерді мұралық иеліктеріңе табыстаймын. Мен Жаратқан Иемін!»
Мұса осы хабарды исраилдіктерге жеткізді, алайда ауыр жұмыс еңселерін басып, жігерлері күйреген олар Мұсаға құлақ салмады.