— Перғауын сендерге: «(Өздеріңді Құдай жібергендігін дәлелдейтін) керемет көрсетіңдер!» деп талап еткенде, сен, Мұса, Һаронға: «Таяғыңды перғауынның алдына қарай жерге лақтыр!» деп айт. Сонда таяқ жыланға айналмақ, — деді.
Содан Мұса мен Һарон перғауынның алдына барып, Жаратқан Иенің бұйырғанындай істеді. Һарон таяғын перғауын мен оның нөкерлерінің алдына қарай жерге лақтырып жібергенде, ол жыланға айналды.