Мысырдан шығу 25
25
Халықтың киелі шатырды жасауға бағыштап ұсынатын тартулары
1Сонда Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
2— Исраилдің үрім-бұтағына былай де: Олар Маған сый-тартулар бағыштап ұсынсын. Шын жүрегімен ниеттенген әрбір адамнан өзінің Маған арнаған тарту-таралғысын қабылдап алыңдар. 3Олардан қабылдайтындарың мыналар болсын: алтын, күміс, қола,#25:3 Немесе: мыс. 4иірілген қою күлгін, күрең қызыл, ал қызыл жүн жіптер және жіңішке иірілген зығыр жіптер, ешкінің түбіті, 5қызыл түске боялған қошқар терілері, борсық#25:5 (26:14; 35:7,23; Рул 4:6,25) Немесе: дельфин; яки: итбалық. терілері, аққараған ағашы,#25:5 Яки: акация ағашы. 6май шамға қажетті зәйтүн майы, май жағу рәсімінде қолданылатын (майға қосылуға) немесе түтетілуге арналған хош иісті заттар,#25:6 Түсіндірмедегі «Май жағу рәсімі» мен «Түтету үстелін» қараңыз. 7сондай-ақ бас діни қызметкердің жеңсіз сырт киіміне және төс қалтасына#25:7 28:6-29. тағылатын оникс пен тағы басқа да асыл тастар.
8Исраилдіктер Маған арнап киелі шатыр дайындап жасасын. Мен халық арасында сол жерде тұратын боламын.#25:8 Яки: Бұл халық арасындағы тұрағым болады (29:42-43; 40:34-35). 9Бәрін де Мен саған көрсететін киелі шатыр мен ондағы бұйымдардың үлгісіне дәлме-дәл сай етіп жасаңдар!
Шатырдың жиһаздарын жасауға тапсырма: Келісім сандығы
10Аққараған ағашынан сандық жасат. Ұзындығы екі жарым, ал ені мен биіктігі бір жарым шынтақтан болсын. 11Іші-сырты саф алтынмен қапталып, жоғарғы ернеуі айналдыра алтынмен әшекейленіп жиектелсін. 12Сандық үшін төрт алтын шығыршық құйғызып, төменгі төрт бұрышына, екеуін бір жақ бүйіріне, қалған екеуін қарама-қарсы бүйіріне бекіттір. 13Мұнан кейін аққарағаннан сырықтар жасатып, алтынмен қаптат. 14Сандықты көтеріп алып жүру үшін сырықтар оның екі бүйіріндегі шығыршықтардан өткізілсін. 15Сырықтар әрдайым шығыршықтарға кигізулі тұрсын, оларды алып тастауға болмайды.
16Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды#25:16 Яки: Мен өзіңе беретін Келісім ережелері жазылған екі тас тақташаны (40:20). осы сандықтың ішіне салып қой.
17Сандықтың қақпағын#25:17 Яки: Сандықтың күнәнің құны өтеліп, Құдай рақым көрсететін қақпағын. (Халықтың жасаған күнәлары кешіріліп, олардың арамдығынан тазаруы үшін бас діни қызметкер жылына бір рет арнайы шалынған құрбандықтардың қанын осы қақпаққа бүркетін: Леу 16:14-17.) да саф алтыннан жасат. Ұзындығы екі жарым, ені бір жарым шынтақ болсын. 18-19Қақпақтың екі жақ шетіне керуб деген күзетші періштелердің#25:18-19 Яки: Керуб деген нөкерлердің. (Келісім сандығы Құдайдың жер бетіндегі тағын бейнелейтін: 25:8; Пат1 4:4; Жар 3:24.) екі мүсінін алтыннан балғамен соғып жасатып, орнатқыз. Олар қақпақпен бірге біртұтас алтыннан жасалсын. 20Керуб мүсіндері қанаттарын жоғары жайып, қақпақты көлегейлеп, беттері бір-біріне қарама-қарсы, қақпаққа қарап тұрулары керек. 21Мен өзіңе беретін Келісім жайлы айғақтарды#25:21 25:16. сандыққа сал да, үстін қақпақпен жауып қой. 22Сол жерден, Келісім сандығы қақпағының үстіндегі екі керуб мүсіндерінің ортасынан Мен саған тіл қатып,#25:22 Яки: Мен сенімен кездесіп (29:42-43; 33:11). Исраилдің үрім-бұтағына сен арқылы бұйыратын ережелерімнің бәрін тапсырамын.
Нан тартулары қойылатын үстел
23Аққараған ағашынан үстел жасат, ұзындығы екі, ені бір, биіктігі бір жарым шынтақ болсын. 24Үстел саф алтынмен қапталып, жақтауы айналдыра алтынмен қапталсын. 25Үстелдің бетін айналдыра төрт елі бойы ернеумен жиектетіп, соны да алтынмен қаптат. 26Төрт алтын шығыршық құйдырып жасатып, оларды үстелдің аяқтары орнатылған төрт бұрышына бекіттір. 27-28Үстелді көтеріп жүруге арналған сырықтар өткізілетін осы шығыршықтар ернеу жиегіне жақын орнатылсын. Сырықтарды аққарағаннан жасатып, алтынмен қаптат.
29Үстелдің аяқ-табақтары мен табаларын және құйылып ұсынылатын сұйық тартуларға арналған құмыралары мен тостағандарын саф алтыннан жасат. 30Нан тартуларын үстелге қойып отыр, олар ұдайы Менің алдымда болсын.#25:30 Халық осы нанды бағыштауымен Құдайға астық өсірткені үшін ризашылықтарын білдіретін (Леу 24:5-8).
Жеті шырақты шам қойғыш
31Саф алтыннан шам қойғыш та жасат. Оның тұғыры мен діңгегі, мүсінделген тармақтары, гүл тостағаншалары, қауыздары және бүршіктері түгел біртұтас алтыннан балғамен соғылып жасалсын. 32Діңгегінен екі жағына үш-үштен алты тармақ шығуы керек. 33-34Әр тармақта шар тәрізді үш бүршіктен тараған, қауыздарын ашқан үш алтын бадам гүлінен болсын. Ал ортадағы діңгекте дәл осындай төрт алтын бадам гүлі болуы керек. 35Бұл гүлдердің бүршіктері екі жаққа созылған үш жұп тармақтың діңгектен шыққан жерлерінің астыңғы жағында орналассын. 36Тармақтарымен, бүршіктерімен бірге шам қойғыш түгелдей біртұтас саф алтыннан балғамен соғылып жасалсын. 37Шам қойғышқа жеті май шамын дайындатып, оларды жарығы алдыңғы жағына түсіп тұратын етіп діңгек пен тармақтардың бастарына орнат. 38Оның білте түзеткіштері мен табақшаларын#25:38 (37:23; Шеж2 4:11,22) Яки: қысқаштары мен күрекшелерін (немесе: қалақтарын). да саф алтыннан жасат. 39Шам қойғыш пен қажетті құрал-жабдықтары үшін бір ат басындай#25:39 Немесе: бір талант (отыз төрт кг шамасында). саф алтын жұмсалсын. 40Байқа, барлығын саған осы тау басында көрсетілген үлгіге сай жасайтын бол!
Currently Selected:
Мысырдан шығу 25: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.