YouVersion Logo
Search Icon

Мысырдан шығу 19

19
Халықтың Синай тауына жетуі, әрі Құдайдың оларға еркін білдіруі
1-2Исраилдің үрім-бұтағы Рефідимнен жолға шығып, Мысырдан көшіп шыққаннан кейінгі үшінші айдың бірінші күнінің өзінде Синай атты елсіз далаға#19:1-2 (Леу 7:38; Рул 1:1) Мысырдағы Синай түбегінің оңтүстік жағында. жетті. Олар Синай тауына барып, оның қарсы алдындағы құла түзде шатырларын тікті.
3Сонда Мұса Құдайдың алдына баруға тауға көтерілді. Жаратқан Ие оған тау басынан былай деп тіл қатты:
— Жақыптың әулеті — Исраил халқына мынаны жеткіз: 4«Сендер Менің мысырлықтарға не істегенімді, әрі өздеріңді балапандарын қанаттарымен тасыған қыран іспетті осы жерге аман-есен алып келгенімді көрдіңдер. 5Сондықтан, егер айтқандарыма құлақ асып, Менің Келісімімді сақтап жүрсеңдер, барлық халықтардың ішінде сендер Менің ерекше құнды меншігім боласыңдар. 6Бүкіл жер — Менің иелігім, ал сендер Маған бағышталған қасиетті халқым болып, басқалардың игілігі үшін діни қызметкер мен патша секілді рухани билік жүргізетін боласыңдар».#19:6 Немесе: Маған бағышталған қасиетті халқым (Заң 7:6; 26:19) әрі діни қызметкерлер патшалығым боласыңдар. Сен Исраилдің үрім-бұтағына айтуға тиіс сөздерім осылар.
7Таудан төмен түскен Мұса халықтың рубасыларын шақырып алып, өзіне Жаратқан Иенің тапсырған осы сөздерін жариялады.
8Сонда бүкіл халық бірауыздан:
— Жаратқан Иенің айтқандарының бәрін де орындаймыз! — деді.
Мұса халықтың жауабын Жаратқан Иеге жеткізу үшін тауға көтерілді.#19:8 19:14.
Халықтың Құдайға бағышталып тазаруы
9Сонда Жаратқан Ие Мұсаға:
— Тыңда, Мен саған қалың бұлтқа оранып келемін. Сонда халық өзіңмен сөйлескенімді естіп, саған өмір бақи сенетін болады, — деді.
Мұса Жаратқан Иеге халықтың берген жауабын жеткізді. 10Содан Жаратқан Ие Мұсаға мынаны бұйырды:
— Халыққа бар да, оларды бүгін-ертең Маған бағышталып, күнәдан таза болуға шақыр. Бәрі киім-кешектерін жуып тазартып, 11бүрсігүнге дайын болсын! Сол күні Мен — Жаратқан Ие бүкіл халықтың көз алдында Синай тауына түсемін. 12Халыққа арнап тауды айналдыра шекара белгілеп қой! Оларға былай де: «Тауға көтерілуден әрі оның айналасындағы шекараға аяқ-қолдарыңды тигізуден сақ болыңдар! Тауға аяқ-қолын тигізген әркім өлтірілуге тиіс! 13Сондайларға қол ұшы да тигізілмей, оларды таспен немесе садақпен атқылап өлтіру керек. Олар не мал болсын, не адам болсын тірі қалдырылмасын». Ал кернейдің ұзақ үні естілгенде, халық таудың етегіне көтерілсін.
14Мұса таудан төмен түсіп, халықты Тәңір Иеге бағышталып, күнә атаулыдан таза жүруге шақырды. Олар киім-кешектерін жуып тазартты. 15Мұнан соң Мұса халыққа: «Бүрсігүнге дайындалыңдар. Әйелдеріңмен жақындаспаңдар», — деп ескертті.
Жаратқан Иенің халыққа жалынмен аян беруі
16Үшінші күні таң ата күн күркіреп, найзағай ойнап, таудың басын қалың бұлт басып, ғаламат қатты керней даусы естілді. Қоныстағы халықтың бәрі де қорыққаннан дірілдеп қоя берді. 17Мұса оларды Құдаймен кездестіру үшін қоныстарынан алып шығып, олар таудың етегіне барып тұрды. 18Жаратқан Ие тау басына от жалынына оранып#19:18 Лаулаған от кейде Құдайдың сол жерде екенінің белгісі болып, Оның қасиеттілігін бейнелеп, күнәкар пендені Оған жақындап барудан сақтандырады (3:2; Жар 15:17; Бил 6:21; 13:20). түскендіктен, Синай тауын түгел түтін жапты. Таудан балқыту пешінен шыққандай түтін шығып, бүкіл тау қатты шайқалып тұрды. 19Керней даусы күшейген үстіне күшейе түсті.
Мұса тіл қатып, Құдай оған қатты дауыспен#19:19 Яки: күн күркіріндей дауыспен (20:18-20; Евр 12:19). жауап беріп жатты. 20Жаратқан Ие Синай тауының басына түсіп, Мұсаны сол жерге шақырды. Ол көтеріліп барған соң, 21Жаратқан Ие оған былай деп бұйырды:
— Қайтадан төмен түс! Халық Жаратқан Иені көруге шекараны бұзып, көбі өлім құшпасын деп оларға қатты ескерт! 22Жаратқан Иеге жақындап тұратын діни қызметкерлер де өздерін Оған бағыштап, күнәдан таза жүрсін! Әйтпесе Жаратқан Ие соларды құртпақ. — 23Мұса Жаратқан Иеге жауап беріп:
— Халық Синай тауына көтеріле алмайды, себебі Өзің бізді содан сақтандырып, маған мынадай бұйрықты бергенсің: Тауды айналдыра шекара белгілеп қой!#19:23 19:12. Осылай оны Маған бағыштап киелі деп жарияла! — деді.
24Сонда Жаратқан Ие оған былай деп тапсырды:
— Төменге түсіп, Һаронмен бірге қайта көтеріл. Ал діни қызметкерлер мен халық шекараны бұзып, Жаратқан Иенің алдына ұмтылмасын! Әйтпесе Ол соларды құртпақ. — 25Мұса төмен түсіп, халыққа осыларды жариялады.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in