YouVersion Logo
Search Icon

Заңды қайталау 32

32
Мұсаның пайғамбарлық жыры
1Көк ден қойып тыңдасын, мен сөйлейін,
Жер де аузымнан шыққан сөзді естісін,
2Тағылымым жаусын жаңбыр тамшыларындай,
Сөздерім түссін түннің мөлдір шығындай,
Жас шөпке құйылған таза жаңбырдай,
Көк құраққа төгілген жұмсақ нөсердей.
3Паш етемін Жаратқанның ұлы атын,
Даңқтаңдар Құдайымыздың салтанатын!
4Құдай — Қорғанымыз#32:4 (32:15,18,30; Пат1 2:2) Яки: Қорғаушымыз. жартастай мықты,
Мүлтіксіз Оның іс-әрекеттері,
Барлық жолдары Оның әділетті,
Құдай сенімді, жоқ еш жалғандығы,
Әрдайым Ол әділ әрі шынайы!
5Бірақ осы халық Оның алдында
Салынып кетті зұлым азғындыққа,#32:5 4:25; 31:29; Рул 2:19.
Олар Оның балалары емес сонда,
Қайта, азғын алдамшы ұрпақ, масқара!
6Жаратқанның жасаған жақсылықтарына
Жауап беретін жолдарың осы ма?!
О, халық-ау, ақымақ та, ақылсыз да,
Ол сені жаратып, қалыптастырған
Әкең емес пе, әрі бекітіп қойған?#32:6 Яғни Өзіне бағышталған мықты халық қылған (рухани) Әкең (Мыс 4:22; Иш 63:16).
7Ежелгі заманды есіңе алшы,
Өткен ұрпақтар туралы толғаншы,
Атаңнан сұрашы, ол саған айтып берер,
Қарттарыңнан сұрашы, олар түсіндірер.
8Адамзатты Алла Тағала таратқанда,#32:8 Жар 1:27; 9:18-19; 11:8-9.
Мұралық жерін үлестіріп әр халыққа,
Исраилдің ұрпақтарының санына
Сай белгіледі шекараларын сонда.#32:8 33:28; Жар 15:18; Рул 32:9.
9Себебі өз халқы — Жаратқанның үлесі,
Жақыптың ұрпақтары — Оның меншігі.#32:9 26:18-19; Мыс 19:5-6.
10Ол халыққа ұшырасты айдалада,
Жел ысқырып, құлазыған маң далада,
Оның қамын ойлап, жан-жақтан қоршады,
Көзінің қарасындай сақтап қорғады,
11Бүркіттей ұясын күзетіп тұрған,
Балапандары үстінен қалықтаған,
Олар үшін қанаттарын кең жайған,
Қауырсын қанатымен тасыған.#32:11 Мыс 19:4; Иш 31:5; 46:4; 63:9.
12Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады,
Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады.
13Ол халқын жер қыраттарына шығарды,
Даланың өнімімен оны асырады,
Жартастағы ұядан оған бал сорғызды,
Тастақта өскен зәйтүннен май ағызды.
14Табын-отар малының май-сүтімен,
Бордақы тоқты-лақтың етіменен,
Башанның ең қоңды қошқарларымен
Тойдырады, әрі үздік астық дәнімен.
15Ал Ешүрун#32:15 Яки: (әділ) Исраил халқы (33:5,26; Иш 44:2). семіріп қыңырланды,
Халық әбден тойынып қоң жинады,
Тіпті өзін жаратқан Құдайды менсінбеді,
Жартастай Құтқарушысынан#32:15 32:4; Жыр 17:47; 94:1. безіп кетті.
16Халық бөгде тәңірлерге табынды,
Бұларымен Жаратқанды ызаландырды,#32:16 Яки: Жаратқанның қызғанышын қоздырды (31:17; Мыс 20:5).
Жексұрын пұттармен#32:16 Яки: Жексұрын тәңірсымақтармен, жалған тәңірлердің мүсіндерімен (7:25; Жыр 77:58). қаһарландырды,
17Құдай емес жын-періге құрбан шалды,
Оларды бұрын еш біліп-танымады,
Солар жаңа ғана елімізде пайда болды,
Ата-бабалары олардан қорықпады.
18Өзіңе өмір берген «Жартасты»#32:18 Яки: жартастай Қорғандай әрі Қорғаушыңды (32:4). тастадың,
Өзіңді жаратқан Құдайды ұмыттың!
19Жаратқан мұныңды көріп, наразыланды,
Рухани ұл-қыздарына қаһарланды#32:19 32:6; Иш 1:2.
20Былай деп: Бұлардан жүзімді жасырамын,
Көремін олардың соңының не боларын,
Өйткені олар азғындаған ұрпақтар
Әрі опасыз, сатқын болған балалар.
21Құдай емес мүсіндерге табынды,#32:21 32:17.
Осылай қызғанышымды тұтандырды,
Тәңірсымақтарымен Мені қаһарландырды.
Сонда Мен халық сиқы жоқ бөтендер арқылы
Олардың қызғаныштарын тұтандырамын,
Иә, өздері түсінігі жоқ деп санайтын
Өзге халықпен оларды ашуландырамын!
22Өйткені қаһарым оттай тұтанады,
О дүниенің түбіне дейін жайылады,
Жерді бар өнімімен бірге жалмайды,
Таулардың негіздерін өртеп талқандайды.
23Халқымның басына пәлелер түсіремін,
Жебелерімді оларға атып бітіремін.
24Аштықтан халқым жүдеп әлсірейді,
Жаппай індеттерден азап шегеді,
Обадан толығымен құртылады.
Жұмсаймын оларға жыртқыш аңдарды,
Жерде жорғалайтын улы жыландарды.
25Жас жігіт пен бойжеткен, емшектегі баланы,
Ақ қырау басын шалған қарияны,
Барлығын далада семсер өлтіреді,
Үйде үрей билеп үміттерін үзеді.
26Халқымды талқандап, таратып жіберуге,
Адамзат есінен аттарын өшіруге
Мен әбден дайын тұрған болар едім.
27Бірақ жау табаламасын деп жүрдім,
Олар: «Жаратқан емес мұны істеген,
Өз күшімізбен жеңіп шықтық!» демесін.#32:27 Мыс 32:12; Рул 14:15.
28Осы халық түсініктен жұрдай болған,
Ақыл-парасаттары еш қалмаған.
29Дана болып олар ұғынса ғой,
Ақыр аяғы не боларын ұқса ғой!
30«Жартастай Қорғандары»#32:30 Яки: (заңғар) жартастары (не шыңдары). — Жаратқанның Өзі
Жау қолына тапсырмаса Исраилді,
Қалайша жаудың жалғыз жауынгері
Исраилдің мың сарбазын қуар еді?
Және қалайша жаудың екі жауынгері
Он мыңдай исраилдікті қашқызар еді?
31Себебі жаулардың «жартастай қорғандары»#32:31 Яғни жау халықтары табынатын жалған тәңірлері.
Біздің «Қорғанымыз» — Құдайға ұқсамайды,
Бұлардың өздері соны мойындайды.#32:31 Мыс 14:14; Еш 9:9; Пат1 4:7.
32Олардың жүзім бұталары Содомнан,
Әрі Ғомораның бақшаларынан,
Піскен жүзімдері түгелдей улы,
Жүзім шоқтары да сондай ащы.
33Шараптары — сұр жыланның заһарындай,
Зәрлі жыланның кісі өлтірер уындай.
34«Жаулардың зұлым істерін қойдым сақтап,
Қоймама салдым мөрлеп тастап, —
35Дейді Иеміз. — Жазалау — Менің ісім,
Тиісті жазаларын тартқызамын Өзім!
Кезі келгенде аяқтары таяды,
Күйрейтін күндері жақындап қалды,
Тағдыры зырғытып қуады оларды».
36Тәңір Ие сотта тергейді өз халқын,
Олардың күш-қуатының сарқылғанын,
Құл мен еріктінің тірі қалмағанын
Байқап, оларға түсірер шапағатын.
37Сонда Жаратқан Ие қояды сауалын:
«Тәңірсымақтары олардың қайда екен?!
38Шалған құрбандықтарының майын жеген,
Сұйық тартуларының шарабын ішкен,#32:38 9:12,16; Мыс 32:4-6; Рул 25:1-2.
Өздеріне медеу тұтып сеніп жүрген
«Сондай берік жартастары» қайда екен?!
Тұрсын олар, сендерге көмектессін,
Бас сауғалайтын паналарың болсын!#32:38 Бил 10:13-14.
39Біліп алыңдар енді, Менің Өзім,
Жалғыз Өзім ғана (шынайы) Құдаймын,
Менен басқа құдай болмас дәйім!
Өмірді алар яки қайтарар Өзіммін,
Жаралап, жараны жазар да Менмін,
Құтқара алмайды өз қолымнан ешкім.
40Көкке қарай Мен қолымды созамын,
Салтанатты түрде жариялаймын:
Тек Мен ғана мәңгі тірі Құдаймын,
41Жүзі жылтыр семсерімді қайраймын,
Үкім орындап оны қолда ұстаймын,
Бар жауымды әділдікпен жазалаймын,
Мені жек көргендерге жазасын тартқызамын,#32:41 Пат2 22:41.
42Жебелерімді сонда қанға маламын,
Семсерім жалмайды өлетіндердің тәнін,
Қаза тапқандар мен тұтқындардың қанын
Әрі жау көсемдерінің бастарын».
43Шаттаныңдар енді, уа, басқа ұлттар,
Жаратқан Иенің халқымен қатар,
(Бар періштелері де Оған тағзым етсін,)#32:43 Осы жол Құмран қолжазбалары мен көне грек аудармасында берілген әрі Евр 1:6-да келтірілген.
Себебі Ол өз қызметшілерінің
Қанын төккенге жазасын тартқызады
Және өз халқы мен елін тазартады.
44Мұса мен Нұн ұлы Ешуа екеуі халықтың алдына шығып, оларға осы жырдың сөздерінің барлығын естіртті. 45Мұса бүкіл Исраилге жырды айтып болғаннан кейін 46оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер! 47Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді.#32:47 6:3; 30:19; Леу 18:5. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады».
Құдайдың Мұсаның ақ өлімін алдын ала білдіруі
48Сол күні Жаратқан Ие Мұсаға былай деді: 49«Моаб еліндегі Абарим қыратына, Иерихонның қарсысындағы Небо тауына көтеріл де, Мен исраилдіктерге меншікке бергелі тұрған Қанахан еліне көз жіберіп қара. 50Сол шыққан тауыңның үстінде, Хор тауында қайтыс болған ағаң Һарон#32:50 10:6; Рул 20:24-29. сияқты, сен де көз жұмып, ата-бабаларыңның қасына аттанасың. 51Бұның себебі — Исраил халқының Сін#32:51 (Рул 20:1,13) Яки: Цин. даласындағы Қадештің маңында, Мерібадағы жартастан ағып шыққан судың қасында жиналып тұрғанда, екеуің исраилдіктердің көзінше Маған сенім артпай, киелі атымды қастерлемедіңдер.#32:51 (Рул 20:12-13; 27:14) Яки: киелілігімді қорғамадыңдар. 52Сондықтан Мен Исраил халқына табыстағалы тұрған елді көзіңмен көресің, бірақ өзің оған аяқ баспайсың».

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in