Заңды қайталау 33
33
Пайғамбардың Исраил руларына берген батасы
1Құдайдың таңдаған адамы#33:1 Яғни Құдайдың пайғамбары әрі қызметшісі (Пат1 2:27; 9:6-8; Шеж2 8:14). Мұса қайтыс боларының алдында исраилдіктерге батасын беріп 2былай деді:
«Жаратқан Ие келген еді Синайдан,#33:2 5:22; Мыс 19:18-20; Жыр 67:8-9.
Үстімізге көтеріліп Сейір тауынан,#33:2 Бил 5:4-5.
Әрі шұғыласын шашып Паран тауынан.#33:2 Рул 10:12; Абқ 3:3-4.
Сан мыңдаған Өзіне бағышталғандармен
Келді оңтүстіктен, тау етектерінен.#33:2 Немесе: Сан мыңдаған қасиетті періштелерімен келді, оң қолында Таурат заңының жалынды отымен (5:22).
3Иә, Ием, Сен халқыңды сүйесің,
Өзіңе бағышталған қасиеттілердің
Барлығы да қолыңда Өзіңнің,
Бәрі жиналып аяғыңа бас ұрады,
Сөздеріңді Өзіңнен қабыл алады.
4Мұса бізге тапсырды Таурат заңын,
Мұрасы болды ол Жақып қауымының.
5Бас қосқанда халықтың басшылары,
Олармен бірге Исраилдің рулары,
Жаратқан Ие болды Ешүруннің#33:5 Яки: әділ (Исраил) халқының (32:15; 33:26). Патшасы.
6(Пайғамбар Рубен руына мынадай бата берді:)
«Рубен руы өмір сүрсін, құрымасын,
Лайым адамдарының саны азаймасын!»
7Ал Яһуда руына арнап ол былай деді:#33:7 Яки: Ал Яһуда руы жайлы ол мына пайғамбарлық сөзді айтты.
«Уа, Жаратқан, Яһуданың даусын ести гөр,
Оны халық қылып жинап әкеле гөр!
Оның мүддесін қорғасын өз қолдары,
Демей көрші оны жауларына қарсы!»
8Леуі руына Мұса мынадай бата берді:
«Нұр және Кемелділік»#33:8 Немесе: «Адал және Ақиқат» (Мыс 28:30; Леу 8:8). атты жеребелерің
Өзіңе адал бұл жандарда бола берсін!
Уа, Ием, Маса маңында оларды сынадың,
Мерібада жартастан шыққан сулардың
Қасында олармен күрескен едің.#33:8 6:16; 32:51.
9Қорғау үшін сөздерің мен Келісіміңді
Әке-шешелерінің тілегін елемеді,
Олар ағайындыларын да танымады,
Тіпті өз балаларын да мойындамады.
10Жақып халқына шешімдеріңді жеткізеді,
Исраилге Таурат заңыңды үйретеді,
Алдыңда хош иісті заттар түтетеді,
Үстеліңде шалынған құрбандықты өртейді.
11Уа, Ием, Леуінің күшін жарылқай көрші,
Істеген істеріне риза бола көрші,
Леуіге қарсы шыққанды күйрете гөр,
Жек көрген жауларын тұрмастай жыға гөр!»
12Мұса Бунямин руына батасын беріп былай деді:
«Лайым Жаратқан Ие жақсы көрген
Ру Оның қасында тұрсын аман-есен,
Күн сайын Ием оны қорғайтын болсын,
Таулардың беткейлерінде қоныстансын».#33:12 Немесе: Оның арқасында жатып тынығып алсын.
13Жүсіпке#33:13 Яғни Жүсіптен тараған Ефрем мен Манаса руларына (33:17; Жар 48:5,15-16). Мұса мынадай бата берді:
«Жаратқан Ие жарылқасын оның елін,
Аспанның баға жетпес шығын#33:13 32:2; Жар 27:28; Ош 14:6. түсіре берсін,
Шыңырау бұлақтарын ағыза көрсін.
14Күн көзінде пісетұғын үздік жемістерін,
Ай сайын жиналатын керемет өнімдерін
Жаратқан Ие ағыл-тегіл сыйлай берсін,
15Ежелгі таулардың таңдаулы өнімдерін,
Мәңгі қырлардың да тамаша егіндерін!
16Жанып жатқан бұтаның арасынан
Өзін аян еткен Иеміз Жаратқан#33:16 Мыс 3:2-6.
Жүсіпке мейірім көрсетіп, жердің
Және оны толтырып тұрған жан иелерінің
Ең тамаша өнімдерін сыйлай көрсін.
Бұл игіліктер төбесіне Жүсіптің —
Бауырларының ішінен таңдаулының
Басына әрдайым қона берсін!
17Жүсіптің айбаты тұңғыш бұқанікіндей,
Һәм күші жабайы бұқаның мүйізінікіндей,#33:17 Рул 23:22; 24:8.
Соларымен ол күллі бөтен ұлттарды,
Тіпті жердің түкпіріндегі халықтарды
Мүйізімен сүзгеніндей жеңіп шығады.
Ефрем руының он мыңдаған адамдары
Осындай әрі Манасаның мыңдағандары».#33:17 Жар 48:19; Рул 26:34,37.
18Забулон (мен Исашар) жайлы Мұса пайғамбар былай деді:
«Ей, Забулон, жолға шыққанда шаттаныңдар,
Ал, Исашар, шатырларыңда қуаныңдар!#33:18 Кейін Забулон руының Ғалилея көлінен Жерорта теңізіне баратын сауда жолында қоныстанып, кемемен алысқа баруға мүмкіндіктері болса, Исашар отырықшы ру болды (Жар 49:13-15; Иш 9:1).
19Теңіз оларды дәулетті қылады,
Құмнан да олар байлық тауып алады,
Ұлттарды Құдайдың тауына шақырады,#33:19 Иш 2:3; Мих 4:2.
Оған адал құрбандық шалып ұсынады».#33:19 Жыр 4:5; 106:21-22.
20Ғад руына ол мынадай бата берді:
«Ғадтың жерін кеңейткен Ием қастерленсін!
Ғад арыстандай тынығады, ал кейін
Жемтігіне бас салып, паршалайды денесін.
21Ғад өзіне ең жақсы жерді таңдап алған,#33:21 Иорданның шығыс жағындағы қыратты жер мал бағуға ыңғайлы (3:12,16-20; Рул 32:1-5).
Сонда басшының үлесі сақталған,
Халықтың игі-жақсылары бас қосқан.
Ғад Жаратқанның әділ еркін іске асырған,
Исраил жайлы шешімдерін орындаған».#33:21 Рул 32:21; Еш 4:12-13.
22Дан руына пайғамбар мына батаны берді:
«Дан руы бір жас арыстандай болады,
Сол Башан аймағынан секіріп шығады».#33:22 Еш 19:47.
23Нафталим руына арнап Мұса былай деді:
«Ей, Нафталим, Жаратқанның рақымы мен
Ағыл-тегіл жарылқауына бөленген сен
Ғалилея көлі#33:23 Яғни Кінерет көлі (3:17; Рул 34:11; Еш 13:27; 19:35). мен оңтүстігін иемден!»
24Ашир руына ол мына батаны берді:
«Ұлдардың ішінде Ашир мол жарылқанған,
Ағайындары оны ұнатсын әрқашан,
Зәйтүн майы мол ақсын әрдайым,#33:24 Жар 49:20; Әйүп 29:6.
Аяғын соған мала алсын ол лайым!
25Темір, қоладан болсын қақпа ысырмаларың,
Берік тұрсын бекінген қалаларың,
Көрер күндеріңе сай молайсын қуатың!»
26«Уа, Ешүрун,#33:26 Яғни әділ халық: 33:5. ешкім ұқсамас Құдайыңа,
Ол салтанатпен келеді сені қолдауға,
Бұлттар үстімен жүреді аспанда.
27Ежелден Құдай болып келеді баспанаң,
Аясында боласың мәңгілік қолының,#33:27 Жыр 17:3-4; 26:5; 90:1-4.
Ол жауыңды алдыңнан қуып шығады,
Оны жойып құртуға бұйырады,
28Сонда Исраил аман-есен тұрады,
Жақыптың бұлағы қауіпсіз болады,
Лайым аспаннан шық түсетін болсын,#33:28 33:13; Жар 27:28.
Елдің наны мен шырыны молайсын!
29Уа, Исраил, қандай бақыттысың сен,
Жаратқан Ие құтқарған аман-есен
Өзіңдей басқа халық бар ма екен?
Ол сені қалқандай қорғап-қолдайды,#33:29 Жар 15:1; Жыр 83:12; 90:4; 113:17.
Семсердей саған үстемдік сыйлайды.
Алдыңда құлдық ұрады жауларың,
Биік жерлеріне аяғыңды басасың».#33:29 Демек, жаудың биік қорғандарын (Иш 58:14; Мих 1:3) және жалған тәңірлерге табынатын биік орындарын (12:2) аяғыңмен таптап, талқандайсың.
Currently Selected:
Заңды қайталау 33: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.